4-нұсқа Д. Ф. Куратко бойынша кәсіпкерлік қасиет доктор дональд куратко


Кәсіпкерліктегі қаржылық көрсеткіштер



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі25,41 Kb.
#23865
1   2   3   4   5
3. Кәсіпкерліктегі қаржылық көрсеткіштер. 

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер — шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.

Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы мынадай аса маңызды абсолюттік каржылық көрсеткіштер қабылданады:


  • өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;

  • өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;

  • жалпы табыс;

  • кезең шығысы;

  • негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян);

  • табыс салығының сомасы (төленген);

  • таза табыс (немесе зиян).

  • Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:

  • инвестициялар көлемі;

  • жарғылық капиталдың мөлшері;

  • өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға ұқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;

  • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер);

  • төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;

  • айналым қаражаттары көздерінің көлемі.

  • Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:

  • табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;

  • акциялар бойынша табыстылық;

  • негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы);

  • өтімділіктің көрсеткіштері.

Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдаланылады.

Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.

Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.

Жиынтыќ қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.

Ұлттық шаруашылык, деңгейіндегі қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділілігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық µнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.

Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.



Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, µнімді µлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет