4-нұсқа у дыбысы қай сөзде жіңішке айтылады



бет17/53
Дата28.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#88097
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
kaz tect

Далада үп еткен жел жоқ.
А) Далада В) Үп еткен С) Жел Д) еткен Е) Жоқ
9. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.
А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр. В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды. С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық. Д) Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек. Е) Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр.
10. Күрделі анықтауышты табыңыз.
А) Аласалау үйден түтін шығып жатыр. В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты. Д) Далада кішкентай балалар ойнап жүр. Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды.
11. Анықтауыштың белгісін табыңыз.
А) Анықтайтын сөзімен қабыса байланысады. В) Анықтайтын сөзінен кейін орналасады. С) Анықтайтын сөзімен бірдей сұраққа жауап береді. Д) Анықтайтын сөзімен бірдей сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Е) Анықтайтын сөзінен үтір арқылы ажыратылады.
12. Дара анықтауышты табыңыз.
А) Қалың қардың үстінде іздер жатыр. В) Дала жып-жылы болып тұр. С) Ол тонынан мылтықты суырып алды. Д) Сыныбымыз кең. Е) Көк ала бұлт аспанды қаптады.
13. Анықтауышты табыңыз.
А) Мұнда, оңтүстік өңірде, қыс жылы болады. В) Қыста, яғни қаңтарда, демалысқа шығамыз. С) Асан ақын үндемеді. Д) Қыстың қақаған аязында аң аулауға кетті.
Е) Асан биыл мектепке барды.
14. Қашанғы?Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) баяндауыш
15.Анықтауышты табыңыз.
Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.
А) Бүгін В) Бұлт С) жоқ Д) аспанда Е) алақандай
16. Матаса байланысқан анықтауыш түрін көрсетіңіз.
А) жарқыраған күн В) самал жел С) жұқалаң көк бұлт Д) менің жеңгем
Е) Мұрат мырза
17. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
А) зат есім В) Етістіктің есімше түрі С) Сан есім Д) Есімдік Е) Сын есім
18. Тек тұрлаусыз мүшелерді атаңыз.
А) пысықтауыш, баяндауыш В) бастауыш, баяндауыш С) анықтауыш, толықтауыш Д) толықтауыш, бастауыш Е) баяндауыш, анықтауыш
19. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Көлдер ластанып жатыр. В) Көлдің деңгейі төмендеген. С) Табиғатты қорғауды өзіннен баста. Д) Досым кітап сатып алды. Е) Ол бізбен кездесті.
20. Зат есімнен болған мүшенің сын – сипатын анықтап тұратын сөйлем мүшесін анықтаңыз.
А) Анықтауыш В)Пысықтауыш С) Баяндауыш Д) Бастауыш Е) Толықтауыш
21. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Кімі?Несі? В) Кімді?Нені? С)Кімге ?Неге? Д )Неше?Нешінші?
Е) Қайда?Қайдан?
22. Анықтауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 3 В) 7 С) 5 Д) 6 Е) 2
23.Анықтауыш құрамына қарай болады :
А) Тура В) Дара С) Жанама Д) Жәй Е) Жайылма
24.Дара анықтауыш неше сөзден тұрады?
А) 1 В) 5 С) 2 Д) 3 Е) 4
25. Күрделі анықтауыш кемінде неше сөзден тұрады?
А) 1 В) 3 С) 4 Д) 2 Е) 5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет