Қазақ тілінен 9 сыныптарға арналған тест сауалдары
І нұсқа
1. Әріп санынан дыбыс саны көп сөзді табыңыз
А) сендей В) айнадай С) аюдай
Д) күлмей Е) жердей
2. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз
А) еңбекқор В) жалқау С) еріншек
Д) ақылды Е) әдепті
3. Тек ұяң дауыссыздары бар сөзді табыңыз
А) күзгі В) қысқы С) көктемгі
Д) таңғы Е) жазғы
4. Барыс септіктің шылауларын белгілеңіз
А) туралы, үшін В) –ма/-ме С) ғой, -ақ
Д) дейін, қарай Е) жайында
5. Табыс септікте тұрған сөзді көрсетіңіз
А) маған В) сенің С) үйінде
Д) анама Е) мақсатын
6. Күрделі зат есімді көрсетіңіз
А) қызыл ала В) Ертіс өзені С) он үш
Д) бір-екі Е) Алматы – қала
7. Қандай сын есім күшейтпелі түрде тұр?
А) қып-қызыл В) үлкенірек С) әдепті
Д) таза Е) сары ала
8. 3, 5 сан есім қалай айтылады?
А) үш бүтін В) үш жарты С) үш жарым
Д) үш ширек Е) үштен бес
9. Белгісіздік есімдікті табыңыз
А) әлдекім В) ешкім С) кімнің
Д) әркім Е) кімдер
10. Етістік тудырушы жұрнақтарды көрсетіңіз
А) –лы/лі В) –шы/-ші С) –дық/-дік
Д) –тар-тер Е) –ла/ле
11. Мезгіл үстеуді белгілеңіз
А) қысқы В) қысқа С) жоғары Д) төмен Е) сәл
12. Адамға бағытталған одағайды табыңыз
А) моһ-моһ В) тәй-тәй С) шип-шип
Д) шөк-шөк Е) түу
13. Бейне еліктеу сөзді көрсетіңіз
А) тарс-тұрс В) гүрс-гүрс С) шапшаң
Д) жалт Е) баяу
14. Қарсылықты жалғаулықты табыңыз
А) өйткені В) дегенмен С) және
Д) кейде Е) біресе
15. Шектік демеулікті белгілеңіз
А) ғана В) ғой С) түгіл Д) ма, ме Е) бүкіл
16. Туралы қандай септіктің шылауы?
А) Атау В) Ілік С) Барыс Д) Шығыс Е) Жатыс
Достарыңызбен бөлісу: |