4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
 
 
 
 


№5 дәріс тақырыбы: Жаңа қазақ емлесінің негізгі ережелері: құрылымы, 
жаңалығы.
Дәріс жоспары:
1. Емле ережесін түзудегі ұстанымдар. 
2. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі және дауысты, дауыссыз 
дыбыс әріптерінің таңбалануы. Әліпбидегі әріптердің орын тәртібі. 
3. Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 
 
Дәріс мәтіні: 
Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды: 
1) кейбір дыбыстардың жазылуы; 
2) түбір сөздердің және қосьшшалардың жазылуы; 
3) сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы; 
4) шылаулар мен одағайлардың жазылуы; 
5) бас әріптердің қолданылуы;
6) сөздерді тасымалдау. 
Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының 
барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген 
жеріңде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық 
келтіріп жүрген тұстар - дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптер мен 
дауыссыз х, сонор й, у дыбыстарын танбалайтын әріптердің емлесі. 
Ә әрпі орфографиялық ереже бойынша көбінесе сөздің екінші, үшінші, соңғы 
буындарында жазылмайды, бірақ алдыңғы буындағы жіңішке дауыстының 
әсерімен келесі буындағы жуан а дыбысы ә болып жіңішке айтылатын (естілетін) 
сәттерде қай әріпті жазу қиындық келтіреді. Мысалы, тәкаппар, кітап сияқты 
сөздерді тәкәббар, кітәп деп те айтамыз (немесе окимыз). Әдетте орфография 
(сөздерді дұрыс жазу) нормалары мен орфоэпия (сөздерді дұрыс айту) нормалары 
барлық сәттерде бір-біріне сай түсе бермейді. Әсіресе бұл - сөздерді сөйлем ішінде 
қолданғанда, яғни сөйлеу үстінде айқын көрінеді. 
Орфоэпия нормалары бойынша жеке сөздер немесе сөйлем ішіндегі сөздер 
әрдайым жазылуынша айтылмайды, олар бір-бірімен үндескен, тіддің фонетикалық 
заңдарына бағынған, «сынған» күйінде айтылады. Осы себептен барлық сөзді 
естілуінше жазу қандай қате болса, жазылуынша айту (дыбыстау, оқу) сондай 
өрескелдік болар еді. Мысалы, көгалагөйлөкті ұзұнғыз бізгеғарай жалтпұрұлт 
деген сөйлемді осылай естілуінше (айтылуынша) жазу кандай ыңғайсыз болса, көк 
ала көйлекті ұзын кыз бізге карай жалт бұрылды деп жазылуынша айту (оқу) да 
сондай сәтсіздік болмақ. 
Түркі тіддерінде, оның ішінде қазақ тілінде де сөз басында келген ж, ш 
дыбыстары (бір буынды сөздерде) мен үнді (сонор) й дыбысының аралығында а 
дыбысы тұрса, ж, ш дыбыстарының өздері де жіңішкеріп, дауысты дыбысты да 
жіңішкертіп жіберетін касиетін ғалымдар әлдеқашан байқағанды. Мысалы, 
қосымшасыз жеке айтылғанда жәй, шәй болып естілетін сөздер бар. Ал бұларға 
жалғау-жұрнақтар жалғанғанда, олар жуан қосымшаларды қабылдайды: жайыңа 
отыр (жәйіңе отыр емес), жайсыз тиді (жәйсіз тиді емес), жайғасу (жәйгесу емес), 
жайлау (жәйлеу емес), жайша жүру (жәйше жүру емес), жайылым (жәйілім емес), 
жайырак (жәйірек емес) т.т. Сондай-ақ шайға кел (шәйге кел емес), шайсыз қалу 


(шәйсіз қалу емес). Сондықтан жеке келгенде де, қосымшалармен қолданылғанда 
да, жай, шай сездерінде жуан а әрпі жазылады. 
Ә әрпінің түбір сөздің екінші буынында жазылатын сәттері де бар. Бұлар жалпы 
ережеден ауытқитын, сондықтан ескертуде көрсетілетін сөздер. Мысалы, ә әрпі 
сірә, куә, куәлік, күнә, күмән, іңкәр сияқты санаулы сөздердің екінші буынында 
жазылады (бұлардың толық тізімі орфографиялық сөздіктерде беріледі). 
Ы, і әріптерінің қолданылуында да біраз қиындықтар бар. Мысалы, олардың 
сөз ортасында жазылатын не жазылмайтын; кейбір сөздерді тәуелдегенде, түсіп 
қалатын не түсіп қалмайтын; сөз басында р, л дыбыстарынан бұрын жазылатын не 
жазылмайтын орындарын жете анықтап алу қажет болады. 
Сөз ортасында не соңында келген екі дауыссыздың арасына қысаң ы, і 
дауыстыларын салмай, шұғыл айтылуы мен араларына ы, і дыбыстарын 
қатыстырып және соларды анық қосып айту жазуға да әсерін тигізеді. Мысалы, 
жарқ-жұрқ етті дегендегі жарқ деген сөздің айтылуы мен Шамның сәулесі жарык 
екен дегендегі жарық сөзінің айтылуы бірдей емес. Алдыңғысының соңғы екі 
дауыссызы кілт, шұғыл айтылса, соңғыда р дыбысы созылыңқы айтылады. Осы 
құбылыс жазуда да ерекшеленіп, жарқ-жұрқ дегенді ы әрпінсіз жазамыз да, сәуле 
беру мағынасындағы жарық сөзін ы әрпімен жазамыз.Осы сияқты жапырақ, 
қоңырау, мағына, кұбылыс, үкімет деген сөздердің орталарындағы дауыссыздар 
кілт, шұғыл айтылмайтындықтан, араларына ы, і әріптері қойылып жазылады. Тек 
жазылуы қалыптасып кеткен яғни, сахна сияқты санаулы сөздер ғана ортасы-на ы, 
і әріптерін салмай, екі буын болып таңбаланады. Бұларды да орфографиялық 
сөздіктерден қарап жазу керек. 
Сөздің соңғы буынындағы екі дауыссыздың арасындағы ы, і әріптерінің 
жазылуы немесе түсірілуі белгілі бір грамматикалық құбылысқа байланысты. 
Көптеген тіддерде сөз тұлғасы өзгергенде, кейбір дауысты дыбыстардың сусып 
түсіп қалу құбылысы бар. Қазақ тілінде де соңғы буындарында ы, і қысаң 
дыбыстары бар бірқатар сөздерді тәуелдегенде, олардағы соңғы қысаң дыбыстар 
сусып түсіп қалады: халық + ы - халқы, көрік + і - көркі (ажары), ерік + і - еркі. Бұл 
заңдылық ы, і дыбыстарының үнді (сонор) р, л дыбыстары мен қатаң қ, к 
дыбыстарының аралығында келген жағдайында ғана бай-қалады. Ал қалған 
сәттерде соңғы буындағы қысаң дыбыстар сусымайды, сақталып айтылады және 
жазылады: киім + і - киімі, құлын + ы - құлыны, ойын + ы - ойыны, бұрым + ы - 
бұрымы. 
Соңғы буынында ы, і дыбыстары бар түбір етістіктерге (мұнда да көбінесе р, л 
сонорлары мен қ, к қатаң дауыссыздардың аралығында келген ы, і дыбыстары бар 
сөздерге) дауыстыдан басталатын жұрнақтар жалғанғанда, қысаң дыбыстар сусып 
түсіп қалады, бұл заңдылық жазуда да орын алады: үрік + ек - үркек, бұйыр + ық -
бұйрык, корық + ақ - қорқақ, қорық + атын - қорқатын, қорық + ыныш -қорқыныш 
т.т. 
Сондай-ақ кейбір зат есім, сын есімдерге көбінесе а, е сияқты ашық дауыстыдан 
басталатын қосымшалар жалғанғанда, соңғы буындарындағы ы, і дыбыстары 
түсіріліп айтылады және жазылады: орын + а - орнады (орынады емес), ойын +а- 
ойнады(ойынады емес), жиын + а + лыс - жиналыс (жиыналыс емес), ерін + еу - 
ернеу (ерінеу емес), кырық + ыншы - қырқыншы (кырықыншы емес) т.т. 
Р дыбысынан басталатын бірқатар сөздердің басында (р әрпінен бұрын) ы, і 
әріптері жазылады да, бірқатарында жазылмайды. Бұл сөздердің саны аса көп емес, 


сондықтан сөздіктен қарап жазуға болады. Дегенмен бұларды ажырататын 
белгілердің бірі мынадай: егер сөз басындағы р дыбысынан кейін қысан ы, і 
дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, сөз басында ы, і әріптері жазылмайды: 
рас, рай, рақмет, ресми, рәсім, рең, рет, риза, рия, ру, рұқсат, рәсуа. Ал р дыбысынан 
кейін ы, і кысаң дауыстылары келсе, олар сөз басында да жазылады: ырым, ырыс, 
ырық, ірі, іріту, ырылдау т.б. 
Түбір сөздің басындағы л дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, сөз басында 
ы, і әріптері жазылмайды (ілім деген сөзден басқасында): лақ, лаж, лас, лай, лезде, 
лек-лек, леп, леген, лоблу, локсу, лық (толды). Бұл ережеге қарап ілу, ілесу, іле-
шала дегендердің жазылуын шатастырмау керек: бұл сөздердің түбірі іл 
болғандықтан, сөз басында да і әрпі сақталады. 
И әрпі кірме сездердегі жалаң и дыбысымен қатар (кино, икс, философ), ій, 
ый қосар дыбыстарын да таңбалайды. Жіңішке айтылатын и-дің аддынан і әрпін 
жазбау қазақ емлесінде бірсыпыра қалыптасып, орнықты: би, тиек, киім, биік, имек, 
ирек, иіс, ине. Сондай-ақ и дыбысының жуан айтылған түрі де (ый) жалаң и әрпімен 
таңбаланады: бидай, диқан,риза, қария, иық, дария, қағида, киын, сиыр, Сағира, 
Қалима. 
Ій, ый дыбыстарын жалаң и-мен, сол сияқты үу, ұу дыбыстарын жалаң у 
таңбасымен беру оқыту ісінде, мысалы, сөздерді буынға бөлуде қиындық 
келтіретіні айтылып жүр. Тіл табиғатына қарасақ, киын, киық, куыс, гуіл деген 
сөздер дұрысында қы-йын, қы-йық, кұ-уыс, гү-уіл болып буындалуы керек, ал қазір 
жазылуына қарап шартты түрде қи-ын, қи-ық, ку-ыс, гу-іл деп буындап, соған 
қарай тасымаддап жүрміз. 
Ый қосар әріптері тек тый, сый деген сөздерде ғана (олардың түбір тұлғасында 
да, қосымшалы түрінде де) жазылатынын негізгі ережеден ауытқу ретінде есте тұту 
керек: сый, сыйлық, сыйлау, сыю, сыяды, сыйды; тый, тыю, тыйылды т.т. 
Дауыссыздардың ішінде х әрпінің қазақ сөздерінде (негізінен араб, парсы 
тілдерінен енген сөздерде) жазылуына өте ұқыпты қарау керек.
Не морфологиялық, не фонетикалық принципке сай келмесе де, бірсыпыра 
сөздерде х әрпі жазылып, дәстүрге айналып кетті: хат, хабар, халык, мұхит, сахна, 
-хана. Оларды сөздіктен қарап жазуға болады. Ерекше есте болатын жағдай - араб, 
парсы тіддерінен енген көптеген сөздерде х әрпін жазудан сақ болу керек. Бақыт, 
құрмет, қатер тәрізді сөздерді бахыт, хұрмет, хатер деп жазу түпнұсқаға жуық 
келгенмен, қазақ емлесінде қалыптаспағандығын білу қажет. X әрпі қазақ тіліндегі 
жалпы есімдерден гөрі, жалқы есімдерде (адам аттарында) жиірек қолданылады: 
Мұхтар, Ахмет, Хамит, Халел, Райхан т.б. 
Қосымшалардың жазылуында да мына мәселелерге көңіл аударуға болады. 
Қазақ тілінде қосымшалар, негізінен, үндестік заңы бойынша жалғанады. 
Қосымшаның жуан не жіңішке жалғануына келгенде, түбірдің соңғы буынындағы 
дауыстының жуан-жіңішкелігі ескеріледі: кі - тап + тың, мұға - лім + нің, ки - но + 
ға, те - атр +ға. Бірақ қосымшалардың буын үндестігінен ауытқып жалғанатын 
тұстары да бар. Мұндайда қосымша сөздің соңғы буы-нындағы дауысты дыбыстың 
жуан-жіңішкелігіне қарай емес, соңғы дауыссыз дыбыстың (не дыбыстардың) 
жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Бұл құбылыс әсіресе орыс тілі арқылы енген 
сөздерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда айқын байқалады. Мысалы, руль, 
ось деген сөздердегі дауыстылар жуан болғанмен, бұлардың соңындағы 
дауыссыздар жіңішке айтылатындықтан, қазақ тілі қосымшалары да жіңішке 


жалғанады: рульдің (рульдың емес), рулі (рулы емес), жердің осі (осы емес). Сонғы 
дауыссыздың жіңішкелігіне қарап қазақ тілі қосымшасын жіңішке жалғау ль 
дыбысына аяқталатын көп буынды сөздерге келгенде тек тәуелдік жалғауларына 
қатысты болады, яғни магистраль, фестиваль сияқты соңғы буыны жуан көп 
буынды сөздерге дауыссыздардан басталатын қосымшалар жуан жалғанады да, 
дауыстылардан басталатын тәуелдік жалғаулары жіңішке жалғанады: магистраль + 
ға, магистраль + дық, бірақ магистралі, фестивальға, бірақ фестивалі. 
Ск, кс, кт, нг, лк, нкт, клв, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне аяқталған 
сөздерге де, соңғы буынның жуан не жіңішкелігіне қарамастан, қосымша жіңішке 
жалғанады. Мұнда бұл дыбыс қатарларының ішіндегі к, г дыбыстарының 
жіңішкелігі де әсер етеді. Осының салдарынан бұл тізбектер кіт, кіс, нгі, нкіт, іскі, 
кіл, бір, біл тәрізді болып айтылады: Омскіге (Омскыға емес), фактіге (фактыға 
емес), фактісі (фактысы емес), танкіге (танкыға емес), паркке (паркқа емес),
спектакльге (спектакльға емес), ансамблі (ансамблы емес). 
Емле ережелерінің соңғы редакциясы бойынша орыс тілінен енген ог, уг 
дыбыстарына аяқталатын сөздерге де қазақ тілі қосымшалары жіңішке түрде 
жалғанатынын есте сақтау қажет. Г дыбысы қазақ тілі үшін жіңішке дауыссыз 
дыбыс екендігі мәлім. Сондықтан орыс тілінен енген сездердің соңында осы дыбыс 
тұрса, қазақша сөйлегенде сөз соңы жіңішке айтылады. Осы заңдылық бұл сөздерге 
қазақ тілі қосымшаларын жалғауда үлкен әсер етеді, яғни жіцішке қосымшаларды 
қалайды: педагогке, педагогтік, педагогі, округке, округтік, округі. 
Қосымшалардың жазылуында да тағы бір көңіл қоятын нәрсе - олардың кейбір 
тұлғаларға дефис (жарты сызықша) арқылы жазылатындығы. Әріптерден 
қысқарған сөздерге қосымшаның дефис арқылы жалғанып жазылуы - қалыптасқан 
ереже. Осымен бірынғайлас болу үшін шартты белгілерге де, объект болып тұрған 
әріп, буын сияқты жеке тұлғаларға да қосымша жалғанғанда, дефиспен жазу керек: 
10 см-ге, да-ға қарағанда (да шылауына қарағанда) т.б. 
Тәжірибеде процентті, градусты таңбалар арқылы, ал бірсыпыра өлшем 
атауларын шартты әріптер арқылы белгілеу, басқа тілдердегідей, қазақша жазуда 
да бар. Мысалы: 5% (5 процент бұл сөз пайыз деген вариантта да қолданыла 
бастады), 20° (20 градус), 15 см (15 сантиметр), 250 га (250 гектар), 220 V (220 
вольт), 10 а (10 ампер). Жазу тәжірибемізде көбінесе осы сөздер атау тұлғасында 
қолданылғанда, шартты белгілер арқылы жазылады да, соларға қосымша қосыла 
қалса, толық жазылатыны жиі кездеседі: 5%, ал 5 процентке немесе 5 пайызға; 10 
а, ал 10 амперге. Бұл шартты белгілермен берілген сөздерге де қазақ тілі 
косымшаларын жалғағанда, оларды «ашып» жібермей-ақ, қосымшаны сол 
танбалардың өзіне дефис аркылы тіркеп жазуға болады. Оқығанда таңбалар жеке 
әріп түрінде оқылмай, толық сөз түрінде оқылады. Мысалы: 5 см-ді, оқылуы - бес 
сантиметрді, 5 а-ге, мұның оқылуы - 5 амперге (5 аге емес), 17°С-ге оқылуы - 17 
градусқа. Негізінен бұл қосымшалар таңбаның (әріптің) дыбысталу әуеніне қарай 
емес, сол әріп арқылы таңбаланған сөздің әуеніне қарай жалғанады. Мысалы: 5 а-
ге (бес ам-перге), егер а дыбысының әуеніне қарай жалғанса, 5 а-ға болар еді [29]. 
Сөздердің бірге және бөлек жазылу ережелері жайында да бірсыпыра 
түсініктер беруге тура келеді, өйткені бұл – жазу тәжірибесінде көп қиындық 
тудырып келе жатқан мәселе. Сондыктан қазақ орфографиясы ережелерінің соңғы 
редакциясында жүргізілген толықтыру, айқындаулар осы салада кебірек орын 
алды. «Біріккен сөздердің компоненттері қосылып жазылады және олардың 


дыбыстық жағынан өзгеріп кірігіп кеткен түрлері сол өзгерген қалпында, ал 
көпшілігі түбір тұлғаларын сақтап жазылады» деген мазмұндағы ережелер 
бұрыннан да бар әрі даусыз болатын. Жазуда қиындық туғызып келе жатқан жайт 
ереженің өзі емес, сол ережеге бағынатын біріккен сөз категориясын ажыратуда 
болып келе жатыр. 
Соңғы кездердегі жазу дәстүріміз көрсетіп отырғанындай, ғылым мен 
техникаға, қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне, мәдениетке, спортқа т.б. салаларға 
қатысты терминдік мәнде жұмсалатын күрделі атаулар бір сөз ретінде танылып 
кетті. Мысалы, 1978 жылға дейінгі орфографиялық сөздіктерде келіс сөз, қонақ 
асы, жанар май түрінде бөлек жазылып берілген сөздер күнделікті баспасөзде, 
кейбір оқулықтар мен жеке кітаптарда біріктіріліп жазылып жүрді. Екі түбірден 
құралып, терминдік сипат алған сөздерді біріктіріп жазу ережесі мен тәжірибесі 
бұрыннан бар (өнеркәсіп, кәсіподақ, баспасөз, бесжылдық т.б.). 
Соңғы редакцияда бұрынғы: «Ғылымның әр алуан саласындағы терминдік 
мәнге ие болып қалыптасқан атаулар және басқа сөздер де бастапқы тұлғалары 
сақталып, дағды бойынша бірге жазылады» деген параграф сараланып, 
толықтырылды, атап айтқанда: 1) ғылым мен техника салаларында терминге 
айналған күрделі атаулар; 2) екі түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-
құмырсқа, өсімдік атаулары; 3) шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт 
сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, әр алуан ұғым атаулары мен 
мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары; 4) екінші сыңары аралық, тану сияқты 
сөздер және алғашқы сыңары авиа, авто, изо, ультра... тәрізді сөздер болып келген 
күрделі тұлғалар біріктіріліп жазылады деп айқындалды және олар жеке баптарға 
ажыратылды. 
Бұл күнде ғылымның сан алуан саласы қазақ тілінде сөйлеп отыр. Мектептер 
мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардан бастап, ғылыми еңбектерде, 
ғылыми-көпшілік қолды әдебиет пен баспасөз беттерінде жүздеген күрделі 
терминдер мен тіркестер қолданылады. Олардың дені интернационалдық сөздер 
болса, енді бірқатары қазақ тілі мүмкіндігімен жасалған атаулар болып келеді. 
Солардың ішінде екі түбірді біріктіріп жаңа ұғым атауын білдіру де кең орын 
алатыны мәлім. Бұл күнде көзіміз үйреніп, қолымыз дағдыланып калған баспасөз, 
өнеркәсіп, бесжылдық дегендермен қатар, термин мәніндегі қонақасы (ресми, яғни 
үкімет қонақтарына берілетін), келіссөз (үкіметтер, мемлекеттік ұйымдар арасында 
жүргізілетін), жарыссөз (жиналыстарда айтылатын), тілхат, колхат тәрізді сөздерді 
қосып жазу қажеттігі сезіледі. 
Сондай-ақ биология, зоология терминдері болып саналатын өсімдік, аң-құс, 
жан-жануар, құрт-құмырсқа атаулары және солардың құрылысына, организміне 
қатысты бөлшек не тұтастық атаулары екі түбір арқылы білдірілсе, оларды біріккен 
сөз ретінде тану қажеттігі даусыз. Мысалы, гүлтабан, тозаңқап, бұршаққын, 
сүтқоректілер деген сөздер есімдіктер мен жан-жануарлардың өздерінің атаулары 
емес, олардың бөлшектері немесе топтарының терминдік аттары. 
Өсімдіктер дүниесі мен жан-жануарлар әлемінде ак, кара, сары, боз, теңбіл 
сияқты сын есімдермен келген бір ғана өсімдік түрінің немесе бір ғана аң-кұстың, 
жәндіктің т.б. атаулары жиі кездеседі. Бұлардың қосылып не бірге жазылуында да 
қиындықтар ұшырасып жүр. Олардың бірге де, бөлек те жазылатын реттері 
(зандылықтары) бар. Әдетте түсті, қасиетті білдіретін сөздердің жеке өзі белгілі бір 
аңның, өсімдіктің, жәндіктің, құстың тұкымын айырып көрсету үшін қолданылса, 


олар бөлек жазылады. Мысалы, ақ аю, қара аю, қоңыр аю дегендердегі аңның аты 
- аю, оның алдындағы сын есімдер аюдың тұқымдарын (түрлерін) айырып айтады, 
сондықтан бөлек жазылады. Ал кейбір атауларда түсті, қасиетті білдіретін сын 
есімдер немесе солармен тіркесетін негізгі сөздер өздерінін лексикалық негізгі 
мағынасынан айырылып, екеуі бірігіп, бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің т.б. 
жалпы атауын білдіреді. Мысалы, ақбауыр (құс), аккайран (балық), аксары (құс) 
дегендердегі ак сын есімі өз тіркескен сөзімен бірге жазылады, өйткені бұл жердегі 
балық, құстардың атаулары бауыр, қайран, сары емес, бұл сөздер ақ сөзімен 
қосылып барып қана жалпы атау болып тұр, демек, мұндағы ақ сөзі де тек қана 
түсті білдіріп, айырымдық кызмет атқарып тұрған жоқ, сондықтан бұлар бірге 
жазылады. Әрине, кез келген сәтте бұларды бірден ажыратып тану оңай емес. Әр 
алуан кітаптарда, сөздіктерде, энциклопе-дияларда мұндай күрделі атаулардын 
жазылуында бірізділік болмай келеді. Бұлардың орфограммасын (таңбалануын) 
мүмкіндігінше реттеу - емле сөздіктерінің міндеті, бірақ мұнда да едәуір 
қиындықтар болатынын мойындаймыз. 
Тек ғылым салалары емес, техника, шаруашылық, қоғам өмірі, мәдениет, 
күнделікті тұрмыс, өнер, спорт сияқты салаларға да қатысты терминдік мәнге ие 
болған сөздер аз емес. Мысалы, бір ғана спортта бессайыс, онсайыс, жанкүйер, 
тоғызқұмалақ тәрізді күрделі сөздер термин есебінде қалыптасты. Сондай-ақ өнер-
білімге қатысты қылқалам, күйтабак, сөзжұмбақ, сөзтізбе, төлтума, жолжазба 
сияқты атаулар да жиі қолданылып, бір сөз ретінде танылып жүр. Жолсерік 
(проводник), жағажай (пляж), ақжайма (простыня), балабақша (детский сад), 
гүлтәж (венок), саяжай (дача), майбалшық (раствор) сияқты сөздер белгілі бір 
ғылым мен техника саласының терминдері болмағанымен, бір ғана атау ретінде 
қолданылып, біріктіріліп жазылып жүргені аян. Әсіресе екі түбірден жасалған 
мамандық, кәсіп, қызмет, белгілі бір бағыт иелері атауларын бір сөз деп тануға бет 
алып барамыз: теміржолшы, қызылізшілер, ізашар т.т. Міне, тілдегі осы бағыт 
жазуда да өз әсерін тигізіп отыр: бір сөз ретінде танылғаннан кейін мұндай 
атауларды біріктіріп жазу дәстүрі орныға бастады [1]. 
Осы жерде соңғы емле ережелерінің кісі аттарының жазылуына енгізілген 
өзгерістер мен түзетулерге назар аудару қажет. Мұнда екінші компоненті
қ, к дыбыстарынан басталатын біріккен сөзден болған кісі аттары естілуінше 
жазылады деген ескерту айтылды. Мысалы: Қоскелді, Амангелді, Төрегелді, 
Күсепқали, Аманғали, Қүшқожа, Телғожа, Көккөз, Қарагөз, Ақкыз, Айғыз. 
Жалпы кісі аттарының жазылуына байланысты және мынаны айту қажет: 
қазақтың төл сөздерінен жасалғандары болсын, араб, парсы сөздерінен 
қойылғандары болсын, кісі аттарына қатысты жалқы есімдерде едәуір еркіндік 
бары байқалады. Бір сөздің өзі әр түрлі болып қойыла береді.
Оқулықтар мен анықтағыш құралдарда көрсетіп отыру арқылы, күнделікті жазу 
тәжірибесінде, әсіресе баспасөзде біркелкі қолдану арқылы бұрын екі-үш түрлі 
жазылып келген жүздеген сөздердің бір ғана тұлғада таңбалануы едәуір орнығып 
қалды. Мысалы, бәйтерек, бәйшешек, диқан, ерегіс, жай, қазір, қисса, меруерт, 
мысалы, өйткені, өйтіп, патша, сіріңке, шілдехана сияқты сөздердің байтерек, 
байшешек, дихан, ерегес, жәй, кәзір, хисса— қысса— қыса, мерует, үйткені, үйтіп, 
патса, сіреңке, шілдеқана, шылдақана деген варианттарының жазылуы біршама 
тежелді. Мұндай фонетикалық-орфографиялық варианттардың дұрысын емле 
сөздіктерінің көрсетуі бойынша жазу керек. 


«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін 
кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа 
әліпби бойынша әзірленді.
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын 
графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші 
бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің 
орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін 
қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады.
Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:
тілдің жалғамалылығы;
тілдің ықшамдалуы;
тіл дыбыстарының үндестігі;
дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен 
ерекшеліктері ескерілді.
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа 
алынды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және 
кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі және 
фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те 
қолданылды.
Ережеде:
латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін 
әріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;
сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың 
жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;
қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен) таңбалаудың 
үлгісі ұсынылды;
қазақтың әдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері 
көрсетілді;
латыннегізді жаңа әліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптерінің жазылу 
баламасы берілді;
бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тәртібі 
көрсетілді;
шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;
біріккен, кіріккен, тіркесті және қос сөздердің емлесі, сондай-ақ бас әріппен 
жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тәртібі көрсетілді.
Ереже түзуде ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес 
болуы, дәстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы, техникалық жақтан 
қолдануға оңтайлы, жинақы болуы, халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек 
қамтылуы, жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталуы 
ерекше назарға алынды. Сонымен бірге бұған дейінгі жазу тәжірибесі, тұрақталған 
нормалары, латыннегізді әліпбиді қолданған және қолдана бастаған түркітектес 
халықтардың емле тәжірибелері ескерілді.
Бұл Ереженің бастапқы нұсқасын түзу жұмысы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 
(Институт) атқарылды.


Институт әзірлеген Ереже жобасы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 
көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық және Әдістемелік 
жұмыс топтарының бірлескен ғылыми-практикалық семинар-кеңестерінде бірнеше 
мәрте қаралып, талқылаудан өткізілді. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» 
ұлттық ғылыми-практикалық орталығы еліміздің бірқатар өңірінде ересектер, 
оқушылар, сондай-ақ, оқытушы-филологтер арасында сынама-сауалнама арқылы 
тексеруден, республикадағы ЖОО-ның оқытушылары мен тілтанушы 
мамандарының тәуелсіз сараптамасынан өткізіп, Ережеге соңғы редакциялау 
жұмыстарын жасап, көпшілік назарына ұсынып отыр.
Қазақ емлесіндегі тың өзгерістер, жаңа қағидалар және олардың ғылыми 
негіздемесі ортологиялық құралдарда жан-жақты қамтылады. Ереже латын 
графикасы негізіндегі жаңа ұлттық қазақ әліпбиі бойынша Орфографиялық, 
Орфоэпиялық, Шеттілдік сөздер сөздіктері, Емлесі қиын сөздер сөздігі, 
Анықтағыштар мен Нұсқаулықтар, басқа да әдістемелік құралдар түзу мен 
жасауда, мамандар даярлауда ғылыми-нормативтік тірек ретінде алынатын басты 
құжат болып саналады.
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, о, о́, у, і, u, ú, е.
а, е, у, і әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shaǵala, 
balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, 
jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.
а́, о, о́, u, ú әріптері төл сөздің басында жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, 
báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, 
qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, 
үшінші буынында да жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, 
dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, 
absalút, festıvál, kоbált, banknot, alkogól, vestıbúl. j, sh мен ı әріптерінің ортасында 
келген а дыбысы жіңішке айтылғанымен, а әрпі жазылады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, 
shaılyq.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, 
r, s, t, v, ý, z, sh, ch.
b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6-ны қараңыз) әріптері 
сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, 
pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, 
ereje, muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; 
namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; ras, ertegi, 
ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, 
qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıá, qaıyń, saı; ýaqyt, 
áleýmet, taý.
Ashshy, tushshy, keshshe сөздерінде екі sh әрпі қатар жазылады.
ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.
ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, 
zań.
ı, ý әріптерінің емлесі
ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa, 
ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.


уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: 
ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет