қара+құйрық (жануар), жар+қабақ, орын+басар, шек+ара, алма+кезек,
көзбе+көз, қиян+кескі деген сөздер біріккенде не, қосарланғанда, айтылуы
қарагүйө, қарағұйрұқ, жарғабақ, орұмбасар, шегара, алмагезек, көзбөгөз,
қыйаңгескі болып естіледі, бірақ морфологиялық-фонематикалық принциппен әр
компоненттің түбір тұлғасы сақталып, қаракүйе, қарақұйрық, жарқабақ,
орынбасар, шекара, алмакезек, көзбе-көз, қиян-кескі болып жазылады.
Қазақ орфографиясында фонетикалық принцип те кеңінен қолданылады. Ол
принципке а) септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғауларының, сондай-ақ
жұрнақтардың көпшілігінің сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай
және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп келетіндігі (-лар /-лер /-тар /-тер /-дар /-
дер /; -шы /-ші; -дың /-дің /-тың /-тің /-ның /-нің т.т.); ә) сөз соңындағы қатаң қ, к,
п дыбыстарының дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда ұяңдап ғ, г, б
болып өзгеретіндігі; б) бірқатар кірігіп кеткен сөздердің компоненттерінің
айтылуынша жазылуы (бүгін, биыл, қолғабыс, қолғап, белбеу, екіншігәрі); в)
бірқатар кірме сөздердің қазақ фонетикасына икемделген түрінде жазылуы
(пәуеске, самауыр, божы, шөген) сияқты тұстары бағынады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске
ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша (естілуінше) жазылады.
А) Қазақ тілінде жалғау-жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының
жуан-жіңішке әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады:
жігіттер, қыздар, апамның, күздің, қалаға, жұмысқа.
Ә) Қатаң п, к, қ дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған
қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстар ұяң естіледі (айтылады): тарақ+ым-
тарағым, жүк+ім-жүгім, кітап+ым-кітабым, қап+ы-қабы;
Б) Қазақ тілінде п дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің –ып, -іп
жұрнақтары жалғанғанда, қос п қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай,
түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналып кетеді және сол өзгеруінше
жазылады: тап+ып-тауып, кеп+іп-кеуіп, шап+ып-шауып;
В) Бірқатар біріккен сөздер әр компонентінің түбір тұлғасын сақтамай,
естілуінше жазылады: бел+бау-белбеу, қол+қап-қолғап, бұл+күн-бүгін, бұл+жыл-
биыл;
Г) Орыс тілінен ертеректе еніп, дыбысталуы жағынан өзгеріп кеткен бірқатар
сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: бөрене (бревно),
(пүліш) плюш, болыс (волость), шайнек (чайник);
Ғ) Араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық
заңдылықтарына қарай өзгерген күйінде жазылады: сынып, әріп, мейір, пайда,
әрекет;
Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазу үрдісі бізде түрі жағынын аса үлкен
емес. Оған шартты түрде орыс тілінен енген сөздердің орысша тұлғасын сақтап
жазылуын және бірқатар араб, парсы, сөздерінің х, һ әріптерімен жазылуын (халық,
хабар, хат, Ахмет, Гауһар, жиһан, Хамит) жатқызып жүрміз, яғни осылай жазылсын
деп 1940 ж. ұйғарып, содан бері дәстүрге айналған жазуымыз. Бұл принципті
тарихи деп атау да шартты. Қазіргі емлеміздің тарихы жарты ғасырдан асар-аспас
болған жоқ, жазуда сіріленген тарихы бар сәттер жоқ деуге болады.
Қазақ тіл білімінде жазу нормативті сипатта орфография ережелері,
анықтағыштар, емле сөздіктері, оларға берілген түсіндірмелер негізінде болып келді.
Жазу ұғымы орфография ұғымына ғана парапарланып, жазудың нормалылығы, оның
кодификациялануы туралы жиі айтылды. Жазба тілдің категорияларын басқа деңгей
тұрғысынан қарау басым болды. Мысалы, Г.Жәркешова, Ә.Ермековтердің біріккен
сөз тақырыбындағы еңбектер лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды.
Қазіргі қазақ жазуының әліпбиі мен орфографиясының фонологиялық негіздерін
іздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегінен басталады.
Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бірге, бөлек жазылатын сөздердің орфограмасын
кодификациялаудың негіздерін және араб жазулы қазақ жазбаларының графика-
орфографиялық
ерекшеліктерін
анықтаған
шәкірттерінің
диссертациялық
зерттеулерінде жалғасын тапты.
Алғашқы емле ережесі 1940 ж. жобаланып, 1957 жылы 5 маусымда Жоғарғы
Кеңестің қаулысымен бекітілуге дейін бүкіл филолог мамандар мен мектеп
мұғалімдерінің, оқытушылардың, қалың көпшіліктің талқысына түсті. Баспасөз
беттерінде пікірталастар ұйымдастырылды, жиналыстар шақырылды. Негізгі
ережені барынша қалыптандырып, оның практикада сақталуына күш салынды.
Сөйтіп, орыс графикасы негізіндегі қазақтың жаңа алфавиті мен
орфографиясының жобасы СССР Ғылым академиясының Қазақстандағы
филиалының қазақ тілі секторы С.Аманжоловтың басшылығымен жасалды да,
ғалым авторлығымен 1940 ж. латын графикасымен емле ережелері жарық көрді.
Емле ережесінің талқылауға ұсынылған ресми нұсқасы 1953 ж. газет бетіне
жарияланды. 1957 ж. үкіметтің арнайы қаулысымен қабылданғанға дейін аталған
жоба қалың жұртшылықтың талқысына түсті.
Бірінші, кірме сөздер емлесіне қатысты мына пікірлер орыс жазуының
ықпалынан шығып отырған дейміз: орыс сөздерін жазуда цитаталық принципті
түбегейлі қолдану, оның ішінде әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау:
секунда (секунд емес), цитата (цитат емес) т.б.; орыс тіл сөздеріне қазақ тілі
қосымшаларын жалғауда ы, і әріптерінің дәнекерлігін орынсыз пайдаланбау:
фондқа, шрифтке, банкке; бұрыннан дыбыстық жағынан игеріліп жазылған
сөздерді, түпнұсқасына көшіріп жазу: ящик, (жәшік емес), ботинки (бәтеңке емес),
русь (орыс емес), суд, область; жіңішкелік белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік
жалғауының ІІІ жағын қосқанда, ь-белгісін түсірмей жазу: рольі, корольі; қосар
дауыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір әріпті түсірмей
жазу: классқа, когресске; орыс тілінен енген сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан,
жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғау [1].
Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің тұңғыш басылымы араб, латын, төте жазу
тұсында емес, 1940 жылы жаңа әліпби қабылданғаннан кейін С.Аманжолов,
С.Баишев, Ғ.Бұзырбаев, С.Кеңесбаев, Н.Сауранбаевтардың редакторлығымен,
Ғ.Себеповтің құрастыруымен 1941 жылы жарық көрген еді. Кейінгі басылымдары
1948, 1960, 1963, 1972, 1978, 1988, 2000, 2005, 2007 жылдары жарияланды.
1941 жылы шыққан орфографиялық сөздікте 14 мың сөзбірлік болды. Сөздіктің
негізгі мақсаты қазақ әдеби тіліндегі барлық сөздердің емлесін көрсету емес,
жазылуы қиындық тудыратын жер-су, кісі есімдерінің, терминдердің, біріккен
сөздердің, дыбыстық жағынан толық игерілген кірме сөздердің, кейбір әріптер
емлесін заңдастыру болды: бесарық (бешарақ емес), аждаһа (әждаһа емес);
сыздауық-сыздауығы, себеп-себебі; Я, ю әріптерінің алдынан и кірме сөздерде, ал
қазақ тілінің төл сөздерінде ы, і әріптері жазылады: пияла, пияз, қыялы, сыяқты,
тыянақты; Х әрпі рұхсат, рахат, рахым сөздерінде таңбаланады да, ауқат, дарқан,
рақмет сөздерінде қ-мен алмастырылады. Ә әріпінің емлесінде әр түрлі
орфограмма қабылданған: күмән, дүдәмал, мәртәба, мәлғұн, куә, бірақ күман,
рәсуа, іңкар, әжуа, пәтуа т.б.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» (1957 ж.) 52 параграфы
дыбыстық тілдің таңбалану нормасын қамтыды. Осы ережемен қазақ тілі
орфографиялық сөздігінің академиялық түрі 1963ж., 1978ж. басылып шықты.
Бірақ жылдар өтіп, халық сауаты артқан сайын, әркім қалауынша емес, ортақ
ереже-нормаға сүйеніп жазу дағдыға айналғаннан кейін қазақ тілі
орфографиясының негізгі ережелерінің түзетілу, толықтырылу қажеттігі шыға
бастады. Емле ережесі мен сөздігі бөлек таңбалаған сөздерді жұртшылық бірге
жазып жүрді, ғалымдар мен оқытушылар тарапынан сөздер емлесінің ала-
құлалығы наразылық тудырды. Бал қаймақ, көк бауыр, ит аяқ, қара торғай, аяқ құр,
иіс су сияқты сөздерді біріктіріп жазу ұсынылды. Сөз басындағы р, л әріптерінің
алдынан қысаң езуліктерді таңбалау орын алды. Сондай-ақ, екі сөзден тұратын кісі
есімдері түбір тұлғасын сақтап емес, естілуінше сындырылып жазу орфограммасы
қайта көтерілді.
ҚТОНЕ қабылданғаннан кейінгі ең алғашқы жарық көрген сөздік (Ғ.Мұсабаев,
А.Хасенова,
Р.Сыздықова,
Х.Арғыновтардың
құрастыруымен)
мектеп
оқушыларына арналған орфографиялық сөздік (1960 ж.) болды. Сөзбірліктің саны
аз болғанымен, сөздіктің құрамы мен құрылысы, реестр сөз бен ұядағы сөздің
берілу тәртібі, грамматикалық формалардың берілу жүйесі, біріккен сөздердің
емлесі, термин сөздерге жалғанатын қосымша тәртібі біршама жүйеленіп,
нормаланды: азық-азығы, мұрын-мұрны, фондыға, актіге, қазір, металы, класты;
Қазақ тілінің 64 мың сөзді қамтыған алғашқы академиялық емле сөздігі
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың басқаруымен 1963 жылы жарық көрді. Сөздікте
ономастикалық атаулар мен қысқарған сөздердің емлесі көрсетілмеді. Бірақ
жазылуы қиындық тудыратын біргі және бөлек жазылатын сөздердің қатары мол
қамтылды. Алғашқы емле сөздіктері біргі таңбалаған көптеген зат, құбылыс
атаулары бөлек жазылып, жазу дәстүрі бұзылды. Алайда ҚТОС-тың бұл алғашқы
басылымының мынандай ерекшеліктері болды: фонетикалық варианты көп
сөздердің әдеби нормасын анықтады: байшешек-бәйшешек, беймаза-бимаза,
пенде-бенде; кей сөздердің екі варианты да заңдастырылды: айқай-айғай, айуан-
хайуан, риза-разы; күмән, күнә, шүбә, кінә, куә сөздерінің ғана екінші буынында ә
әрпі жазылатыны заңдастырылды да, оларға қосымша жуан жалғанатын болды; ф
әрпі тіфу, тіфә одағайларында ғана, б әрпі араб, баб сөздерінің ғана соңында
жазылды; аптека, арматура сөздерінің соңғы әрпі түсіріліп таңбаланды (аптек,
арматур);
Аталған сөздіктің ІІ басылымы 1978 жылы жарық көрді. Онда негізінен
алдыңғы шығарылымның сөзтізбесі, принциптері, жүйесі, құрылысы сақтала
отырып, сөз варианттарының әдеби нормасын қалыптастыруға одан әрі күш
салынды: айқай және айғай, мұнда және бұнда; тормоз емес, тежеуіш; пляж емес,
жағажай; аптека, арматура сөздері орыс тілі емлесі бойынша жазылатын болды.
Сөздікте барлығы 36 500 сөзбірлік қамтылды.
1983 ж. Қазақ ССР жоғары Кеңес Президиумының 25 тамыздағы Жарлығымен
қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне толықтыру енгізілді. Екінші
сыңары қ,к дыбыстарынан басталатын біріккен кісі есімдері естілуінше жазылды
(Амангелді). Кісі аттары екі дауыссыз дыбыстан басталмайды деген ескерту
берілді: Ысқақ (Сқақ емес); соңғы дыбысы рк, нк, нг, кс, ск, лк, нкт, кль, брь, бль
және ог, уг болып келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тіліндегі қосымшалар
жіңішке түрде жалғанатыны туралы жеке параграф енгізілді; ов, ев-ке аяқталатын
фамилияларға қосымшалар соңғы буын жуан, жіңішкелігіне қарай жалғануы
туралы ереже қосылды.
1983 жылғы ҚТОНЕ-ге енгізілген түзетулерден кейін ондағы өзгерістерді
негізге алып, 1988 жылы ҚТОС жаңа ІІІ басылымы шығарылды. Онда бірге
жазылатын сөздердің белгілері екшеленіп, жұрнақ, жалғау арқылы және жалпы
мағынаға көшкен сөз тіркестерінің қатары молықты; орыс тілінен енген сөздерге
қосымшалардың жіңішке жалғанатын жағдайлары айқындалып, тілдің жіңішкеру
бағытына еркіндік берілді: медалі, магистралі, педагогі; сөздіктің түсіндірме
материалдары бірізге түсірілді (өс., бот.)
ҚТОС ІҮ басылымы 2000 жылы жарық көрді. Сөздік алдыңғы
шығарылымындағы түпнұсқа принципімен берілген орыс тілінің термин сөздерін
реестрге алмағандықтан, 43 мың сөзбірліктің емлесін берді. Архив, аптека,
протокол, документ сөздері реестрден алынып, қазақ тіліндегі атауының жазылуы
тұрақтандырылды; әдістеме, дәйексөз, оқылым, ауысым, елбасы, әнұран, ойтолғақ,
ойтүрткі [29].
2000 жылдың қараша айында қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне
проф. Р.Сыздықтың редакторлығымен төмендегідей өзгертулер енді:1) бірге
жазылатын аң-құс терминдік атаулардың шегарасы кеңейді; 2) үш сөзден тұратын,
ал алдыңғы екі сыңары предикаттық қатынастағы сөздер біріктірілді (алыпқашпа
сөз, қағазбаситы адам, баукеспе ұры); 3) екінші буында ә жазылатын сөздерге
қосымша да, жіңішке жалғанатын болды, тек барыс жалғауы мен -ла, -ле
қосымшасының жуан болатыны ескертілді; 4) қысаң езуліктер тәуелдік жалғауы
жалғанғанда түсіріліп те, түсірілмей де жазу еркі қосылды; 5) біріккен сөздің кірігу
шегарасы кеңейтілді: шегара, қыргүйек, көгөніс, көгет, саптаяқ, алауыздық,
босағаттар, сарағаш, қарауыз сөздері «сындырылып» жазылды; 6) «қазақыланған»
орыс сөздерінің саны көбейді: келі (кило), зауыт, пайыз, газет, минут, тауар, пошта;
7) –лық жұрнағымен келетін терминдік мәедегі сөздер қосылып жазылды:
жалпақшешейлік, аққандылық, жалпыэкономикалық; 8) баб-бап, бархан-барқан
орфограммаларының соңғысы кодификацияланды. Осы түзетулердің негізінде
2001 ж. қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің ІV басылымы жарық көрді. Біршама
нормаланған деген соңғы сөздіктен кейін де қазақ тілі үндесім құүбылысын сақтап
жазу (дәрия, әсия, сыйдию), ат қора, жел диірмен сияқты бір зат атауларын бірге
жазуды қалыптандыру керек деген пікірлер сақталды (Шікірұлы С.) Соңғы түзету
бойынша бірге жазылған аң-құс, өсімдік атауларына сын айтылды [1].
Осы өзгерістердің нәтижесінде ҚТОС 2001, 2005 жылдары жарық көрді. Жаңа
сөз, жаңа қолданыстармен (естілім, дәріс), бірге, бөлек жазылатын сөздер қатары
жүйеленді (қолорамал, қойындәптер, асқасық, көрпетыс); екінші буынында ә
жазылатын сөздердің барыс, тәуелдік жалғауымен келген түрі ғана берілсе, енді
күмән, куә, шүбә сияқты сөздерге табыс, жатыс, шығыс септіктері мен көптік
жалғауының қосылып жазылуы көрсетілді (күнәлар); кірме сөздердің фонетикалық
принциппен жазылуы мәйкі, кәстөм, бәнкі, стақан, мәшине; пилот емес, ұшқыш,
пленка емес, үлдір, плитка емес, тақтайша; орыс тілінен енген сөздердің жиі
қолданылатындары қалдырылды (раунд, раундыға, букинист, букиниске, полюс,
полюске); жаңа сөздер қосылды (дәйексөз, зейнетақы, күнпарақ, медбике, оралман,
тұсаукесер, түржинақ-ассортимент, ақуыз-белок, мойынтақ-галстук, президент-
елбасы, гимн-әнұран, астана-елорда); шекара-шегара, көкөніс-көгөніс, қыркүйек-
қыргүйек сөздерін үндестік заңына сәйкестеп айтуға және солай жазуға болады деп
есептелді, алдыңғы қолданыс алдағы 4-5 жылда қолданыла беруі қате деп
есептемеу қажеттігі ескертілді; кіріккен сөздердің бір тобы алдыңғы компоненттің
соңғы дауысты дыбыс болып, екіншісі дауысты дыбыстан басталса, қатар келген
екі дауыстының алғашқысы айтылмай кететін сөздерге бірнеше сөз қосылды
(саптаяқ, алауыздық, босағаттар) [30].
ҚТОС ҮІ басылымы 2007 жылы жарық көрді. Орфографиялық ережелердің
аталмыш редакцияланған нұсқасы ҚР Мемлекеттік терминология комиссиясында
бекітілді (2006), сондықтан ол жазу нормаларын заңдастыруда басшылыққа
алынатын нормативті құжат деп есептеледі.
ҚТОС Ү басылымында бірге, бөлек жазылатын сөздер қатары жүйеленді: емле
ережесіне сай бұрын анықтауыш-анықталғыш қатынастағы есімді тіркестер делініп
бөлек жазылып келген бір ғана зат, ұғым атаулары бірге таңбаланды. Жазу дәстүрін
бұзбау мақсатымен, мұндай қатардағы сөздерді жазу жүйесіне сатылап енгізу
қарастырылды. Тірек сөзінің тіркесімдік қабілеті төмен болғандықтан, бірге
жазылатын тіркесті сөздердің жазылуы көрсетілді: Қолорамал, беторамал, асқасық,
шайқасық, қолсағат, қолайна, желдиірмен, будиірмен, қолшана, атдорба, шыныаяқ,
қойындәптер, ішкөйлек, көрпетыс.
Аталған қатардың бірге жазылуына, біріншіден, екі сыңары да, әсіресе соңғы
сыңары өз мағынасында тұрғанмен, екеуі бірігіп, бір заттың атауы болуы,
екіншіден, жиі қолданыстағы тұрмыстық атау болуы, үшіншіден бір екпінге
бағынуы себеп болды.
Сондай-ақ бір ұғымды білдіретін –ым жұрнағымен келетін ұлттық өлшем
атаулары бірге жазылды. біркөш, біруыс, бірсалым, аспісірім, көзкөрім, етасым,
атшаптырым, биесауым, бірасым, біркиер, біртабан, біршайқам т.б.
Бірге таңбалауға байланысты енді бір өзгеріс бейнелі тіркес ретінде бөлек
жазылып келген дерексіз атаулар, әсіресе адам мінезін сипаттайтын біріншілік атау
дәрежесіндегі фразеологизмдердің жазылуында болды. Және бұл қатардың
сөзжасам жұрнақтарымен (-лан, -лық, -лы) түрлене алатын сипаты бірге
таңбалаудың шартына айналды: ақкөңіл, ақкөңілділік, алауыз, алабөтен,
алашапқын, арамтамақ, шаласауатты, бірсөзді, жалаңаяқ, еркөңілді т.б.
Сондай-ақ көп денотантқа үй, ағаш, мәшине, тас сөздері нақты мағынасынан
ауытқып, дерексіздене бастаған қолданысында бірге жазылды: ісмәшине,
сүтмәшине, ауызүй, төрүй, алмаағаш т.б.
Бейнелі тіркес ретінде бұрын бөлек таңбаланып келген мезгіл, шақ атаулары
бірге жазылды: күнұзаққа, күнілгері, күнібұрын, алакөлеңке. Сондай-аө аяқасты,
аяқастынан, әртарап, әртекті, әртүрлі, басыбүтін сияқты сөздер үстеу ретінде бірге
таңбаланды.
Сонымен қатар үш сөзден тұратын зоологиялық атаулардың –ды жұрнағымен
келетін алдыңғы екі сыңары және осы тіркестің –лар қосымшасымен келетін түр
атауы біріктіріліп реестрге шығарылды.
Бұрын бөлек жазылып келген ботаника, зоология терминдерінің бірінші
сыңары түс атауларымен келетін немесе бір сыңары қой, сиыр, түйе, қоян, ат, аю,
бөрі, ағаш, шөп, от, тікен, гүл, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт сияқты
жалпы атаулар болып келетін өсімдік, аң-құс атаулары бірге жазылады. Мысалы:
ақбидай, көкпияз, қараторғай, қызылқайың, ақтиін, ақшабақ, қараләйлек, сужылан,
суықторғай, таскене, тасторғай, майсораң, майзығыр, қойбүлдірген, аюбалдырған,
т.б.
Формалды белгісі бар біріккен сөздердің қатары молайды: адамсүйгіш,
еңбексүйгіш, ауырдәулетті, беткеұстар, қазақтілді, ақнәсілді т.б.
-лық жұрнағының сөзбіріктірушілік сипатына артықшылық берілді: жұрнақ
қатар айтылған есімді тіркесті де, етістікті тіркесті де біріктірді: алдыналушылық,
артықкетушілік,
ауылшаруашылық,
жалпыұлттық,
ауызтатырлық,
арттақалушылық, бұғышаруашылық, жатжерлік т.б.
Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар тіркес біріккен сөз ретінде қосылып
жазылды: Қолбала, қансонар, бойжету, ержету, бойұру, т.б.
Бір жаңа ұғымды білдіретін атау сөз іспеттес бірсыпыра тіркестер де біріккен
сөз түрінде тұлғаланды: Ойтүрткі, ойтолғақ, алмаағаш, кестежіп, аяқмәшине,
бормәшине, ішбүлгін, тастабақ, ауызүй, басқосу, т.б.
Құрал-жабдықтардың қазақша аттары техникалық атаулар ретінде қосылып
жазылды: Ақаутапқы, әуетозаңдатқыш, бензоқұйғыш, дәнсепкіш, жылутартқыш,
т.б.
Ерғашты (болу),жолсоқты (болып шаршау), пышақкесті (тыйылу), қағазбасты
(болу), жүрекжарды (хабар) сияқты сөздер бұрын бейнелі тіркес ретінде бөлек
жазылып келсе, енді біріккен сөз ретінде қосылып жазылуы ұсынылды.
Сондай-ақ біріккен сөз сыңарларының аражігінде келетін екі дауыстының
біреуі түсіріліп жазылатындығы зандастырылды (алтатар, алаяқ, саптаяқ, сабаяқ,
ешкемер, өлара) . Біріккен сөз сыңарларының аражігіндегі қ, к дыбыстарының
айтылуда ұяңданып кететін зандылығы да жазуда ескерілетін болды, яғни біріккен
сөздің алғашқы сыңары [қ], [к] дыбыстарына аяқталса, келесі сыңары дауысты
дыбыстан басталса, қ, к дыбыстары үяңданып айтылуынша жазылатын болды:
көгет (көк ет), көгөніс (көкөніс), сол сиякты алғашқы сыңары л, р, й үнді у
дыбыстарына аяқталып, келесі сыңары қ, к дыбыстарынан басталса, қатаң
дыбыстар ұяндап айтылады және солай жазылады деген бап қосылды. Бұл ереже
бұрын бірен-саран сөздерді ғана қамтитын, енді ереже бойынша жазылатын
сөздердің саны едәуір толықты: шегара, қыргүйек, көкейтесті, көгет, көгөніс .
Сөздіктің кейбір ерекшеліктері
I. Бұл сөздікте әдеби тілдегі сөзді барынша қамту мақсаты көзделген жоқ,
сондықтан сөздікте көнерген сөздер, сирек ұшырасатын атаулар, тарөрісті
терминдер мен кейбір кәсіби сөздер, жергілікті сөздер т.б. сөздердің саны шектеліп
берілді. Ал мүның есесіне орфографиясы қиын, емле қателері жиі ұшырайтын жазу
тәжірибесіндегі «қауіпті аймақтарға» көбірек көңіл бөлінді. Сонымен қатар Сөздік
тілдің бүгінгі тынысын тап басатындай, тілдің ішкі құрылымындағы өзгерістер мен
қоғамдағы әртүрлі жаңалықтарды керсететіндей болуы шарт екені де ескерілді.
Тілдегі жаңалықтар жайдан-жай пайда бола салмайды, оны туғызатын әртүрлі
себептер болады. Солардың бір алуаны:
- қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат, құбылыс, уақиғаны атау
қажеттілігінен: баспасөз хатшысы, баспасөз орталығы, компъютер, веб-сайт,
интернет, телефонхат, телефакс, демеуші, аларман, алпар, әлеумет-тендіру,
ғаламшар, ғаламдастыру, аударым, әлеуметтанушы, бағам;
- мазмұны, тұлғасы өзара жақын, бірақ білдіретін ұғымдарында азды-көпті
айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек атауды керексінуден: көріктендіру -
абаттандыру
(благоустройство),
залалсыздандыру
(обезвреживание)
-
зарарсыздандыру (стерилизация), иелену (приобретение) - иемдену (присвоение),
жайылыңқы (диффузный) -жайылыңқы (компактный);
- бірнеше сөзбен аталатын белгілі бір құбылысты бір сөзбен атау немесе
тұлғалық жақтан ықшамдауға ұмтылудан: үй тұтқыны - мырзақамақ, күміс
қылшықты түлкі - қалтар, қара ләйлек - қарабай, әсіре мемлекетшіл болу -
әсіремемлекетшілдік, әсіре демократ болу - әсіредемократ, ғарыш айлағы -
ғарышайлақ, іс парағы -іспарақ, ғарыш кемесі - ғарышкеме т.б.;
- кейбір терминдерді, өзге де атауларды ұлттық сананың оянуымен байланысты
төлтума сөзбен қайыра атауды (реноминацияны) қажетсінуінен: суверен > егемен,
суверенитет > егемендік, программа > бағдарлама, патриот > ұлтжанды,
патриотизм > ұлтжандылық, аннотация > аңдатпа, гимн > әнұран, герб > елтаңба,
интеллектуал > зияткер, турник > белтемір, футбол > аяқдоп, терроризм > лаңкестік
т.б.;
- ұлттың азаматтық тарихындағы ерекше уақиғаларды, соларға қатысты
жайттарды арнайы мамандандырылған сөзбен атауды керексінгеннен: оралман,
желтоқсаншылар, ауғаншылар (ауған соғысының ардагерлері), ұлан, байрақ,
абайтанушы т.б.;
- қоғамдық сананың бір түрі ретінде діни сананың жаңғыруына байланысты
діни мазмұндағы сөздердің әлеуметтік мән алуынан: ахлақ, аятолла, ифтар, мазһаб,
Барат түні, Қадір түні, Миғраж түні, Рағайып түні, инсан, ғұсыл, нәпіл, жаһид,
Мәуліт, намазжай т.б. туындап отыр.
Негізінен осындай себептер арқылы пайда болған жаңа қолданыстар қазақ
әдеби тілінің кітаби сөз жанрларының лексика-фразеологиялық жүйесін байытып,
сөздің кітабилік нышанын айқындай түсті. Сөздікте сыртқы әсердің күшімен
болған мұндай жаңалықтарға едәуір орын берілді.
Посткеңестік кезеңде әдеби тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде ғылым,
білім, қаржы, құқықтық қатынас, медицина т.б. салалармен байланысты жаңа
атаулар, жаңғырған сөздер, терминдердің саны қауырт көбейе түсті. Біралуан
сөздің тіркесу қабілеті артып, семантикалық өрісі кеңейді: азаматтық қоғам, балама
ұсыныс, балама оқулық, төлтума оқулық, төл оқулық, тіркеу орны, орнықты мүлік,
зайырлы мемлекет, әлеуметгік дәйексіздік т.б. Бұлар сыртқы күштің әсерінен
болып жатқан жаңалықтар болса, сондай-ақ тілдің ішкі құрылым жүйесінің даму
үрдісін аңғартатын сөздер де Сөздікте едәуір қамтылды.
Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде стандарт, штамптар тәрізді
бірліктердің қатары бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көбейе түсті: ашық қоғам,
азаматтық бірегейлену, бағалы қағаздар, кешенді тестілеу, зияткерлік меншік,
емдеу-сауықтыру кешені, көтерме базар, ластаушы заттар, зейнетақы қоры, гео-
саяси түзілім, еншілес компания т.б.
Сөзжасамдық жүйеде әсіресе етіс қосымшалары, қимыл есімінің белсенділігі
арта түсті. Бұлардың ғылыми, публицистикалық, ресми дискурста жиі
қолданылатыны айқын байқалады: ұлтсыздандыру, ұрықсыздандыру, ізгілендіру,
отансыздандыру, орталықсыздандыру, жарнамалану, жаһандану, кәсібилендіру т.б.
Сөздіктегі шеттілдік ауыс-түйіс сөздердің дені:
- мемлекеттің саяси құрылымына: президент, министрлер кабинеті, вице-
министр, парламент, сенат, сенатор, премъер-министр, департамент, палата т.б.;
- экономикалық құрылымдағы өзгерістерге: коммерция, брокер, менеджмент,
инвестор, маркетинг, лизинг, бартер, менеджер, валюта, банкомат, субвенция т.б.;
- қоғамдық-саяси саладағы қатынастарға: консенсус, саммит, электорат,
имидж, плюрализм, брифинг, медиа-форум, субэлита т.б.
- ақпарат техникасы саласындағы жаңалықтарға: компьютер, принтер, файл,
байт, мегабайт, интерфейс, интернет, винчестер, дисплей, сканер, сайт, диск т.б.
- музыка, спорт салаларындағы жаңалықтарға: рокер, плейер, брейкер, хиппи,
саундтрэк, рэпер; айкидо, айкидошы, кикбоксинг, каратэ-до, биатплон, стиль-чез
қатысты атаулар болды.
Тіліміздің лексикалық жүйесінде будан сөздердің саны соңғы жылдарда қауырт
көбейді: аудиомәлімдеме, аудио-таспа; автожарық, автошеру, автокеруен,
автодүкен; бейнеклип, антиғаламдастыру, антиғаламдастырушы, аэроғарыш,
бейнекамера, бейнематериал, бейнемәслихат, бейнеролик, биоәртүрлілік,
биоқауіпсіздік, биоқуат, бірпалаталы, бірпартиялы, бірпартиялық, бірпалаталылық,
велосапар, велошабандоз, геосаяси, дендробақ, зообақ, кинотаспа, көппартиялы,
көпвекторлы, көппалаталы, көппалаталылық, қоспалаталы, метатұрақтылық,
медиакеңістік,
медиақұрылым,
микрожоба,
мұнайгаз,
посткеңестік,
сейсмотұрақтылық, спортсүйер, телеарна, тележиілік, тележүргізуші, телекеңістік,
телеөнім, телесайыс, телетілші, телефонхат, трансұлттық, трансшекара,
трансшекаралық, факсхат, фармоколаңкестік, экоахуал, экоөнім, экотехника,
этноәлеуметтік, этносаяси, этнотоп т.б.
Сыртқы түрткіжайттардың (факторлардың) әсерінен болып жатқан осы тәрізді
жаңалықтар мен тілдің ішкі құрылымында пайда болып жатқан өзгерістер үрдісін
байқату және олардың орфографиялануын көрсету мақсатымен Сөздікке жоғарыда
аталғандай едәуір атау сөздер енгізілді.
II. 1. Сөздіктің сөзтізбесіне лексикалық, стильдік мағынасы жаңа едәуір сөз
қосылды: сүтсірне, үкіметбасы, елорда, телім, әлемиет, аударым, әткесшілік,
айқұлақ (электрондық мекенжайдағы таңба), жасуша, дернәсіл, тутығыр, үлдір,
лаңкес, хауыз т.б.
2. Бұрын сөздіктерге енбеген, бірақ әдеби тілдің сөздік қорында бар қылауыш
(кисть), қылсап (тіс щеткасы), алпауыт (олигарх), еңбекшерік, пайшерік, жолдасу,
дәргаһ, баялды, дәсер табақ, бұрхан, ақжағалақ, ауыр дәулет, ашалаң, қылкүпек,
буылдық т.б. тәрізді сөздерге сөздікте орын берілді.
3. Соңғы сыңарлары -аралық, -нама, -тану, -хана, -жай, сондай-ақ бірінші
сыңары әсіре-, көп- тәрізді бейдерек мағынадағы сөздермен келген атаулардың
қатарына едәуір сөз қосылды: ғарышаралык, мектепаралық, топаралық; заңнама,
жұлдызнама, сауалнама, тарихнама; емдәмтану, ағаштану, тәнтану; дәрісхана,
зертхана,
мейрамхана;
мұражай,
саяжай,
жағажай;
әсіресолшылдық,
әсіремемлекетшіл, әсіреұлтшыл; көпбалалы, көпдеңгейлі, көпбейімді т.б.
4. Бұрын жарыспалы сөздер санатында жүретін адал // халал, уәде // уағда, әкім
// хакім т.б. сөздердің мағыналық, стильдік тұрғыдан сараланған сыңарларына
жақша ішінде түсініктеме беріліп отырды: халал (діни), уағда (кіт.), хакім (кіт.) т.б.
5. Біріккен сөзді ұқсас сөз тіркесінен ажырату және сондай-ақ олардың
терминденуін көрсету үшін жақша ішінде түсіндірмесі көрсетілді: кәріқыз (өс),
тұсаукесер (этн.), ашықхат (открытка); ашішек (анат.), ащыот (бот.), түптіл (лингв.)
т.б.
6. Дыбысталуы ұқсас, мағынасы әрбасқа сөздерді (омонимдерді) бір-бірінен
ажырату үшін сөз тіркесі берілді: тату - дәмін тату; тату - тату дос, еру - еру ат, еру
- соңынан еру т.б.
7. Біріккен сөзге сырттай ұқсас, бірақ бөлек жазылатын тіркесті сөздердің
жазылуына назар аударту мақсатында олар Сөздікке көбірек енгізілді: ақ жауын,
қара көз, қоңыр күз, мизам шуақ, бесік кертпе құда, таба нан, алғы сөз, бұлшық ет
т.б.
8. Бұрын қолданылып келген кірме сөздердің қазақша баламалары берілді:
пайыз (процент), шәкіл (шкала), автодоғару (автопарковка), төлқұжат (паспорт),
қолтабақ (поднос), айлақ (порт), тақта (плита), емдәм (диета). Әдеби норма ретінде
қазақша баламасы пайдаланылатын болғандықтан, олардың шеттілдік нұсқасы
Сөздіктен алынып тасталды.
9. Орыс тілінен енген сөздердің білім мен ғылым, мәдениет пен өнер,
экономика, өндіріс пен техника т.б. салаларда кеңінен қолданылатын және БАҚ-та
жиі кездесетін түрлері Сөздікке енгізілді және қосымшалардың дүдәмал тұстарда
қандай нұсқада жалғанатыны көрсетілді: трест, треске; филолог, филологке; стреп-
тококк, стрептокогі; банк, банкке, банкі т.б.
10. [а], [ә] дыбыстарымен келетін жазылуы дүдәмал сөздердің емлесі
көрсетілді: жайлау, жайлауға; шайқа, шай, жай, күнә, күнәға, күнәсі, күнәлары;
ділда, ділдасы; тілмаш, тілмаштың, күләпара т.б.
11. Бір буыны жуан, келесі буыны жіңішке, я болмаса, керісінше, бірінші
буыны жіңішке, келесі буыны жуан бейүндес сөздердің жазылу үлгісі көрсетілді:
құдірет, қасірет, қошемет, біраз, біразырақ, көгал, қорек, қорен, бірақ, қағілез,
тауқымет, құзырет т.б.
12. Қысаң дауыстылардың қандай сөздерде таңбаланып, қандай сөздерде
таңбаланбайтыны көрсетілді: а) мәміле, қабылан, жағылан, құрылыс, қорытынды,
қайырым, мейірім, жауырын; ә) емле, мемлекет, мейлінше, тарлан, бағлан, тағдыр,
қайны т.б.
13. Соңғы буында қысаң дауыстылары бар сөздердің қосымшалармен
түрленгенде түсіріліп жазылатыны көрсетілді: көрік - көркі, бөрік - бөркі, мүлік -
мүлкі, қойын - қойны т.б.
14. Соңы [н] дыбысына аяқталған сөздер қосымшалармен түрленгенде қандай
нұсқада жазылатыны көрсетіліп отырды: қойын, қойынға; жайын, жайынға; қиын,
қиынға; сайлан, сайланбау, сайланған; сен, сен ғана т.б.
15. Соңғы дыбысы [з], [ш] дауыссыздарына аяқталған сөздер қосымшалармен
түрленгенде сөздің қандай нұсқада жазылатыны көрсетілді: жаз, жазса, жазшы; қаз,
қазса, қазшы; аш, ашса; қаш, қашса т.б.
16. [қ], [к], [п] дауыссыздарының біріне аяқталған сөздер қосымшамен
түрленгенде, түбір соңындағы дыбыстың жазудағы өзгерісі көрсетілді: ақ, ағады;
жақ, жағады; төк, төгеді; қап, қабады; жап, жабады т.б.
17. Соңғы дыбысы [й] дауыссызы болып келген қой-, жай-, ой- тәрізді етістік
сөздердің қосымшалармен түрленгендегі жазылуы көрсетілді: қой, қояйын; жай,
жаяйын; қи, қию; сой, сою т.б.
18. [рт] дауыссыздар тіркесіне аяқталған сөзге [с] дыбысынан басталатын
қосымша жалғанған сөздердің орфограммасы көрсетілді: жаздырт, жардыртса;
мүдірт, мүдіртсе; атқарт, атқартса т.б.
19. Ауызекі тіл арқылы игерілген кірме сөздердің жазылуы көрсетілді: мәйкі,
бәнкі, соды, пәлте, кепкі, кәлөш, стансы, штангі, шұрып, шопыр, мәшине т.б.
20. Тірек сөзінің тіркесімдік қабілеті төмен болғандықтан, бірге жазылатын
тіркесті сөздердің жазылуы көрсетілді: қолорамал, беторамал, асқасық, шайқасық,
қолсағат, қолайна, желдиірмен, будиірмен т.б.
21. Алдыңғы сыңары бір сөзімен, сондай-ақ -ым (-ім) жұрнағымен келген
ұлттық өлшем атаулары бірге жазылды: біркөш, біруыс, бірсалым; аспісірім,
көзкөрім, етасым, атшаптырым т.б.
22. Атаулық мән алған және жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды білдіретін
сөзге айналған тұрақты тіркестердің бірге жазылуы көрсетілді: ақкөңіл, ақкөңілді,
ақ-көңілділік; ержүрек, ержүректік; басбұзар, басбұзарлық; безбүйрек,
безбүйректік; ақпейіл, ақпейілділік; ақпақұлақ, ақпақұлақтану т.б.; бас қатыру –
басқатырушылық; тізе қосу - тізеқосушылык,; көре алмау - көреалмаушылық т.б.
23. -лық/-лік, -шылық/-шілік, -лы/-лі жұрнақтары арқылы бірге жазылатын
сөздердің қатары молайды: бұғышаруашылық, малшаруашылық; жантүршігерлік,
жатжерлік, адамсүйгіштік; ашатұяқты, сүтқоректі, көпшілікқолды, ауырдәулетті
т.б.
24. Соңғы жылдары қолданыс жиілігі артып отырған, бас әріппен жазылатын
кейбір жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Алла, Құдай, Хақ, Ақ, Құран, Тәурат,
Зәбүр, Інжіл, Елбасы, Наурыз, Қаршағыз т.б.
25. Әдебиеттер мен мектеп оқулықтарында жиі кездесетін жазылуы қиын
кейбір ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары, сондай-ақ тұрақты эпитетпен, титулмен,
құрметті атақпен келген жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Ер Төстік,
Қожанасыр, Әз Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек би, Бабатүкті Шашты Әзіз т.б.
26. Қосымша жалғануы қиындық келтіретін кейбір сөздердің жазылуы
көрсетілді:
отбасы,
отбасысы,
отбасылары;
әрқайсысы,
әрқайсысына,
әрқайсысылары, әрқайсысымыз т.б.
27. Ботаника, зоология терминдерінің, яғни аң-құс, өсімдік атауларының екі
түбірден жасалғандарының, оның ішінде түс атауларымен келетін қараторғай,
қаражидек, аққайың, қызылқайың, ақбидай, қарабидай сияқты терминдер де, бір
сыңары қой, сиыр, түйе, қоян, ат, аю, бөрі немесе ағаш, шөп, от, тікен, гүл,
жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт сияқты жалпы атаулар болып келетін
өсімдік, аң-құс атаулары бірге жазылды.
28. И, у, я, ю әріптерінің дыбыстық құрамы нақтыланып берілді; һ әрпінің
емлесі айқындалып көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |