№6 дәріс тақырыбы: Түбір сөздер мен қосымшалардың емлесі
Дәріс жоспары:
1. Түбір сөздердің жазылуы
2. Қосымшалардың жалғануы
Дәріс мәтіні:
Түбір сөздердің жазылуы
Көп буынды түбір сөздер аралас (жуан және жіңішке) буынды болып та келеді,
мұндайда бір сөз ішінде жуан-жіңішке дыбыс әріптері жазыла береді: қызмет,
мұғалім, кітап, қадір, тарих. Аралас буынды сөздер, негізінен, араб-парсы
тілдерінен енгендер.
Орыс тілінен және орыс тілі аралық енген және көбінесе термин болып келетін
сөздердің басым көпшілігі орыс орфографиясы бойынша жазылады: алюминий,
антоним, аудитория, бухгалтер, повесть, гарнизон, гастроль, генерал, геофизика,
коммутатор, конгресс, контейнер, плацдарм т.т.
Орыс тілінен енген сөздердің ішінде дыбысталуы өзгеріп қалыптасқан бірқатар
сөздер сол өзгерген күйінде жазылады. Олардың дені қазақ тіліне ертеректе ауызша
сөйлеу тілі арқылы енген сөздер бәтеңке, бәтес, божы, бөрене, жәшік, шіркеу,
тауар, зауыт. Тұлғасы өзгертіліп жазылатын орыс сөздерін емле сөздіктерінен
қарап білуге болады. Соңғы сөздікте мәйкі, бәнкі, соды, пәлте, кепкі, кәлөш,
стансы, штангі, шұрып, шопыр, мәшине т.б.
Көркем әдебиетте белгілі бір заманды суреттегенде немесе ерте-ректегі ақын-
жыраулар мен жазушылардың шығармаларында осы кұнгі орысша тұлғасы
сақталып жазылатын біркатар сөздер өзгерген түрде берілуі мүмкін.
Араб, парсы тілдерінен, сондай-ақ туыстас татар, өзбек т.б. тілдерден енген
сөздер қазақша айтылуынша жазылады, яғни сол тілдердегі тұлғасы сақталмайды:
бұқара, пікір, әкім, әзір, пайда, наурыз, мақта т.б.
Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына (айтылуына)
қарай екі (кейде тіпті үш) нұсқада беріліп жүр. Бұларды бөліп-бөліп тану қажет.
Бірқатар түбір сөздердің екі, кейде үш вариантының да жазылуы заңды түрде орын
алады. Олардың бір тобының (сан жағынан өте шағын тобының) екі нұсқасын қатар
қолдана беруге болады: айғай - айқай, бұндай - мұндай, балуан - палуан, ертегі -
ертек, пәле - бәле, гауһар - жауһар, заңғар - зеңгір, байымдау- пайымдау -
бағамдау, айдаһар - аждаһа, сықылды - секілді, өзге - өңге, уәде - уағда, жәбір -
зәбір, жаһан - жиһан, айуан - хайуан т.б.
Сонымен қатар тек бір нұсқасын (вариантын) қабылдап, соның жазылуын
қалыптастыратын қатарлар да бар. Соңғылар көбінесе фонетикалық дублеттер деп
аталатын, яғни кейбір дыбыстары ғана өзгеше келетін сөздер болады. Мұндайда
орфографиялық норма болып есептелетіндері сөздікке енеді де, өзге нұсқалары
жақша ішіне "емес" деп көрсетіледі. Мысалы: қазір (кәзір, қазыр, хазір емес), міне
(міні емес), ерегіс (ерегес емес), жіті (жыты емес). Бұл күнде жазылуы едәуір
орнығып қалған кейбір сөздердің өзге қатарлары "емес" деген белгімен
көрсетілмеуі де мүмкін.
Қосымшалар, негізінен, сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне
қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке жалғанады да, естілуінше
жазылады: ағаштың, далаға, көшеге т.б.
Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді дауыссыздан
басталып жалғанады:
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң (ж, з)
дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады: терезеге,
терезенің, қазды, қазға, қазбен, мұқтаждық.
Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш катаң дыбыстарынан басталатын косымшалар:
Достарыңызбен бөлісу: |