4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

Е с к е р т у. Ақ, қара, кызыл, коңыр деген сын есімдер аң-кұс, өсімдіктердің 
түсін айыру үшін қолданылған болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара 
бұрыш, қызыл бұрыш, қара жүзім, қара өрік, қоңыр қаз. Кер сөзі де түсті білдіріп 
тұрса, бөлек жазылады: кер ат, кер ала, кер бесті, кер жағал, кер тобел, кер марал, 
ал кері және керілген сөздерінің ықшамдалып барып тіркескен түрімен келген күрделі 
сөздер бірігіп жазылады: керауыз, керзаман, кермиык, кертақыс, кертартпа. 
Екі компоненті де етістік тұлғалы болып келетін сипаттама тіркестер қосылып 
жазылады: көріпкел (адам), шығарыпсалма (сөз), суырыпсалма (ақындық), 
алыпқашпа (сөз); бүл қатарға екінші компоненті ашық райдағы етістік болып 
келетін тіркестер де жатады: ерғашты (болу), жүрекжарды (хабар), қағазбасты 
(қызметкер), жолсоқты (болу), пышақкесті (тыйылу). Етістік араласып жасалған 


әпербақан, ойбауырымдау (жоқтау), өлдемаған, әлімжеттік (қылу), немкетті
 
(қарау) немкеттілік, немқұрайды (қарау), немқүрайдылық, кағаз-бастылық сияқты 
сөздердің осылайша жазылуы сөздік бойынша реттеледі. 
Екінші сыңары аралык, тану, сымақ, кұмар, жай, хана, ақы, нама, хат, тас, 
бас деген сияқты сөздер болып келген тіркестер бір ғана затгың атын білдіріп 
(көбінесе термин болып) тұрса, біріктіріліп жазылады: халықаралык, абайтану; 
перзентхана; сапарнама, еңбекақы, жамбасақы, жолақы, (термин ретінде емес, 
образды фразеологизм құрамында келген ақы сөзі бөлек жазылады: табан ақы, маңдай 
тері); сенімхат, түсінікхат, келісімхат, мағлүмхат, сәлемхат (хат сөзі жалпы 
"жазылған дүние" мағынасында келіп, алдыңғы сөз сол жазылғанның сипатын 
білдіріп тұрса, бөлек жазылады: ашық хат, жасырын хат, жабықхат, тапсырыс 
хат); жолбасшы, көшбасшы (соңғыларды термин емес, жай мынадай сөз 
тіркестерімен шатастырмау керек: сөз басы, түлік басы, төл басы, мал басы - мал 
басын көбейту, жан басы -жан басына шаққанда) т.т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет