4 осөж шежіре ұлттық құндылық жауһары



Дата19.10.2023
өлшемі20,35 Kb.
#119298

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

4 ОСӨЖ Шежіре – ұлттық құндылық жауһары



Орындаған: Есенгелді Б.Е.
ЭЭ – 203 ІІ курс

Ақтөбе-2023

Жалпы шежіре ұғымына тоқталатын болсақ, шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. «Шежіре» деген сөз арабтың «шыжре» - бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Ата-бабамыздың заманында дамыған шежіре шешен, шежірешілер арқылы ауызша таратылып отырған. Бұл шежірешілер бір атадан тараған ұрпақтардың, туыс-қандастық ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті» атасын білмеген, жетесіздік белгісі» кейде «жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деп айтқан. Бұлай айтылудың себебі атасы үйретсе де зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығынан үйренбейді. Қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды, бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, шөпшегі, неменесі, жұрағат деп атаудан «шежіре» басталады. Жеті саны қазақтың наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі ұғым.


Шежіре – құр мақтаныштың құралы емес, өзіне сенімді, аяғын нық басатын, қайдан келіп, қайда бара жатқанын білетін ұрпақ тәрбиелеудің құралы.
Ерте заманнан бері адам баласының өмір сүру шарттары, мәдениеті, өркениеті, мың құбылғанымен, еш өзгеріссіз қалған, өзектілігін әлі де жоймаған кейбір құндылықтар бар. Ол бақытты отбасын құру, салихалы ұрпақ тәрбиелеу, қоғамға, еліне пайдасын тигізетін тұлға болу.
Салихалы ұрпақ жетілдіріп, өзіндік ерекшелігі мен дүниетанымын, жоғары адами қасиеттері мен тұлғаның жан-жақтылығын дамытуда қазақ ұлттық мектебі бірнеше құралға сүйенген. Олар сенім, салт-дәстүр, шежіре. Жаһандану кезеңінде ұлт ретінде ерекшелігімізді сақтап қалудың, әрқайсысы өз алдына бір тұлға боларлық ұрпақ тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы ұлттық тәрбие мектебін қайта жандандыру.
Тұлға тәрбиелеуде Батыс пен Шығыстың түсінігі үйлесе бермейді. Соның ішінде рулы ел болып өмір сүруге дағдыланған көшпелі халықтарда тұлға түсінігі ерекше. Себебі көшпелі ел түсінігінде жеке басының жетістігі мен елінің жетістігін бірдей көретін, елінің өсіп-өнгені өзінің өсіп-өнгені деп білетін кісіні арыстай азамат санап, соңынан ерер тұлға ретінде көрген. Сондай тәрбие мектебінен өткендіктен болар бір ауылдан жақсы азамат шықса, сол азаматты паналап ауылдың барлық жастары бірге өседі. Міне осындай нар тұлғаны тәрбиелеуде мән берілуі керек маңызды жайт – шежіре.
Адам баласында жаратылысынан еліктеу қабілеті бар. Бала кезінде ата-анасына шартты түрде еліктесе, есейе келе айналасынан үлгі-өнеге тұтар іс-әрекетімен, тұлғалық кемелдігімен басқалардан оқ бойы озық тұратын, сонымен қатар өзімен ортақ жағы бар бейне іздейді. Осындайда бала жасынан атасының немесе үлкен атасының батырлығын, ерлігін, еліне қамқор болғанын, ата-тегінің биік адами қасиеттері мен әлеуметтік рөлі жайлы естіп өскен жас жеткіншектің бойында кімдерге еліктеу керектігі жайында көзқарастар қалыптасады.
Ата-анасының және қоғамның қандай тұлғаларды құрметтеп, ардақ тұтатыны, қандай ерлердің ел есінде қалатыны жайында пікір қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан баланың сыртқа айта бермесе де ішкі дүниесінде туындайтын «мен қандай болуым керек», «кім боламын» деген сұрақтарына табиғи түрде алдынан дайын жауаптың шығуына себеп болады.
Батыс елдерінде, жалпы қандай да болсын дамыған елдерде әртүрлі клубтар мен ұйымдардың көп болуы осының салдары. Туған-туыстарымен арақатынастың үзілуі, көрші-көлеммен араласпаудың және тағы басқа көптеген заманауи өмір салдарының нәтижесінде жалғыз қалған қазіргі заман адамы ойы бір жерден шығатын, өмірге деген көзқарасы үйлесетін замандас іздейтін болды. Психологтар әсіресе жасөспірімдерде бұл қажеттіліктің басымырақ көрінетінін айтады. Яғни жасөспірімдердің әртүрлі топтарға үйірсек болуының себебі осында жатыр. Ал, жүрген жерінде руласын көрсе ежелден араласып жүрген туысын көргендей қуанатын қазақ үшін бұл «жалғыздық» дерті енді-енді ғана дендеп келеді.
Қорытындылай кететін болсам, ұлттық құндық адам болмысының адамгершілік қағидаттарының жиынтығы және рухани қасиеттері. Сондықтан қазіргі күнде осы жаңа заманда, ата-бабамыздың қаншама ғасырлардан бері алып келген ұлтық құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Осы құндылықтарды сақтаумен қатар, оны келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек. Ияғни бізге ұлттық құндылықтар ата-бабамыздан аманат ретінде берілген. Ал біз осы қазіргі заманның жастары, келешек ұрпақты жалғастырушы көпір ретінде, аманатқа қиянат қылмауымыз керек. Бұл дегеніміз тілімізді де, ділімізді, өнер мен мәдениетімізді де сол қалпында сақтау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет