4-практикалық сабақ. Арнайы мектептегі тәрбиенің негізгі түрлері Тәрбие әдістері



Дата27.11.2023
өлшемі370,57 Kb.
#129172
түріСабақ
Байланысты:
4-семинар Перизат


4-практикалық сабақ. Арнайы мектептегі тәрбиенің негізгі түрлері
Тәрбие әдістері – оқушылардың қажетті-мотивациялық аумағының және санасының дамуына, мінез-құлықтың қалыптасуына, оның түзелуіне бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінің тәсілдері, жолдары.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың даму ерекшеліктерін және жалпы мен арнайы педагогикада қабылданған тәрбие әдістерін еспке ала отырып (ескере отырып), арнайы білім беруде түрлі дәрежеде және түрлі ұштасуда қолданылатын олардың үш негізгі топтарына тоқталайық.
Ақпараттық әдістер: әңгіме, кеңес беру, жалпы ақпарат құралдарын қолдану, әдебиет пен өнерді, қоршаған өмірден келтірілген мысалдарды, оның ішінде педагогтың өздік мысалы, топсеруендерді, кездесулерді және т.б. қолдану.
А рнайы білім берудің алғашқы кезеңіндегі әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру, көркем әдебиетін оқудың тәрбиелік мүмкіншілігі жалпы білім беру жүйесіндегіден көп төмен. Сөйлеу тілінің жетілмеуі, ақылойының жетіспеушілігі, тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибенің кедейлігі дамуында ауытқуы бар балалардың көбісіне толық мөлшерде халық ертегілерінің адамгершілік-этикалық (құлық) потенциалын игеруге мүмкіншілік бермейді, өлен-мәтіндердің мазмұның түсінуге және мәнің бөліп шығаруға кедергі жасайды. Осыған байланысты үлкен тәрбиелік манызды болып визуальді (көріп тұратын) ақпаратқа сүйенуге көмектесетін әдістер саналады. Олар комментарий, педагогтың түсіндірмесімен ұштасады, сонымен қоса баланы қоршаған өмірінен мысалдарды, педагогтың өз тәжірибесін нәтижелі қолдануды көздейді. Айта кететін жай, дамуында ауытқуы бар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін педагогтың, тәрбиешінің әрекеттері, қылықтары, көзқарастары, пікірлері, көптеген уақытқа дейін еліктеу үлгісі болып саналады, балалардың алдында беделі артады.
Практикалық (тәжірибелік)-әрекетті әдістерүйрету, жаттықтыру, тәрбиелік ситуациялар, ойын, қол еңбегі, бейнелеу мен көркемдік іс-әрекет, дәстүрлі емес әдістерарттерапия (өнер құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек), иппотерапия (аттың үстінде шабу құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек), киностерапия (итпен ойнау құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек) және т.б. Дамуында ауытқуы бар балалар үшін осы әдістер тобы ең қолайлы, түсінікті болып саналады. Олар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға нәтижелі, сонымен қоса зиятында ауытқуы бар, психикалық дамуы тежелген балаларға, сөйлеу тілі мен есту қабілеті бұзылған балаларға қолдану барысында да нәтижелі болып саналады. Тәрбиенің практикалықәрекетті «дістері әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты дағдыларының, тазалық-гигиеналық және шаруашылықтұрмыстық іскерліктерінің, өздік ұйымдастырушы дағдыларының қалыптасуында қолданылады. Практикалық-әрекетті әдістер түрлі ақпаратты әдістермен бірге қолданылады.
Ы нталандыру-бағалау әдістері (педагогикалық талап, мадақтау, талқылау, жазалау) практикалық-әрекетті вариантта жүзеге асырылады. Олар балаға түсінікті сөздермен («жақсы», «дұрыс», «жарайсын») және материалды мадақтаумен ұштасады. Мадақтаудың материалдық құндылық дәрежесі ептеп төмендей түседі: тәтті сыйлық, ойыншық – олардың бейнелі алмастырушысы (тәтті сыйлығы, ойыншықтың бейнелері бар суреттерге алмасады) – абстрактілі алмастырушы (фишка басқа да мадақтау символы-жұлдызша, «+» белгісі және т.б.) – тек сөз арқылы мадақтау қолданады.
Ж азалау әдістері де практикалық әрекеттік сипаттамаға ие, өйткені сөз арқылы ұрысуды қолдануға болмайды. Жеткілікті тәжірибесі мен мораль мөлшері туралы білімдері жоқ, өзара әрекеттесу, әлеуметтік мінез-құлықтың мөлшерін білмейтін, өз әрекеттерін, эмоцияларын, қылықтарын реттей және бақылай алмайтындықтан жасалынған қылықәрекеттер үшін көбіне жауап бере алмайды. Сондықтан да педагог, тәрбиеші балаға ұрыспай, дұрыс істемегендігін өзінің көз-қарасымен, басын шайқаумен, «жаман», «әдемі емес», «ұят», «жағымсыз», «мені ашуландырдың, реңжіттін» деген сөздермен де білдіруге болады. Баланың дамуына байланысты жазалауда сөз арқылы. Дұрыс жасамағандығын ренжіп айтуға болады. Егер де бала жаман қылық жасағанын түсінсе, егер де жазалау баланың енсесін түсірмесе және физикалық ауыртпалық келтірмесе, егер де жазалау жиі қолданылмаса және оған үйреніп алу қалыптаспаса, жазалау әдісі нәтижелі болып саналады. Баланы оны қызықтыратын еңбек, іс-әрекет түрімен жазалауға болмайды, өйткені олардың құндылықтары жойылып кетеді. Көбіне іс әрекетке, ойынға, қарым-қатынасқа қатыстырмау- әрекетті болып саналады. Балаға дұрыс жасамағандығы туралы айтқанда да педагог, тәрбиеші дауысын көтермеуі қажет. Тек бала денсаулығына қауіп туған ситуацияларда ғана көтеруге болады. Педагог, тәрбиешінің қалыптан тыс қатты дауысы бала үшін қауіпті жағдайды, одан қорғануды білдіреді.
Оқыту әдістері сияқты, дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу әдістері, біріншіден, жүзеге асырылуда өздік спецификаға ие, екіншіден, бірлесіп қолданылады өзара және оқыту әдістерімен.
Тәрбие әдістерін іріктеу және жіктеу (композиция ұштастыру) балалардың жас және жеке ерекшеліктерімен белгіленеді, сонымен қоса даму бұзылысының сипаттамасы мен дәрежесімен, дамуындағы қосымша ауытқулардың ерекшеліктермен, жанұяның тәрбиелік үдерісіне қатысуымен белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет