қозғалысын қамтиды: бір жатқан, өндірушілер, басқа жатқан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді.
Бұл бір жатқан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекетеріне сәйкес оларды
бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты
функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің
шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады,
сөйтіп нарық қатынастырының субъектірінің қалыптасуының экономикалық
негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквивалентік
негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде,
жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіріне айналуының
экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске
айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді,
өндірісті кеңейтуді жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-
ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын
алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
әдебиетте жиі қолдынылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801-1877 жж.) мен экономист А. Маршалл (1842-1824жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келтін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауалардың бағасы
көп ұмазай тез арада теңеледі (Маршал А. Принципы политической экономии. –
М., 1984.Т.2.С.6.). Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның
белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835-1882 жж.) нарықтық критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың
тығыздығына назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа
түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез
келген адамдардың тобы, нарық болады.
Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек
айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен
бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада
өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екеншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға
негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
• Екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда,
кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
• Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
• Шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
• Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
• Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын нарықтық
инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.