Топырақтағы табиғи радиоактивтік изотоптар. Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе ауыр металдардың реттік нөмірі Z>>82 радиоизотоптарымен (радионуклеидтермен) байланысты. Бұлар үш туыстық құрады: уранның (баcы 238U, жартылай бөліну мерзімі Т1/2=4,5.109 жыл) актинийдің ( басы 235U, Т1/2=7,1.108 жыл) және торийдің (басы 232Th, Т1/2=1,4.1010 жыл). Бұлардың әрқайсысына кезекпен көбінесе альфа-бөлшектер (гелийдің ядросы), кейбіреулері бета- және гамма-бөлшектерін шығаратын 17, 14, 12 радиоактивті изотоптар кіреді.
Бөлінген ең соңғы заттар - қорғасынның тұрақты изотоптары: 206Рв, 207Рв, 208Рв. Бұлардың арасындағы изотоптар аз уақыт қана болады және олардың пайда болуы аналық радиоизотоптарға байланысты.
Бүлінбеген тау жыныстарында әр туынды радиоактивтігінде тепе-теңдік жағдайы байқалады. Ол кезде барлық туынды мүшелерінің саны бірдей болады. Топырақта радиоактивтік тепе-теңдік сақталмайды, өйткені радиоактивтік туыстық құрайтын түрлі элементтердің миграциялық қасиеттері әр түрлі болады. Мысалы, әрбір туыстық арасындағы шығатын газ түріндегі радон және оның көп бөлшегі атмосфераға ұшуы мүмкін.
2-кесте - Топырақ түзуші тау жыныстарының табиғи радиоизотоптарының мөлшері (Ковда В.А., РозановБ.Г. бойынша)
-
Тау жыныстары
| Концентрация, БК/кг
|
40К
|
232Th
|
238U
|
Жер астынан атқылаған:
|
|
|
|
Қышқыл
|
1100
|
1000
|
70
|
Орта
|
900
|
40
|
30
|
Ультранегіздер
|
180
|
30
|
5
|
Шөгінді:
|
|
|
|
әктастар
|
110
|
9
|
35
|
Карбонаттар
|
|
10
|
32
|
Құмтастар
|
450
|
14
|
23
|
Сланцтар
|
900
|
55
|
55
|
2-кестеде топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың мөлшерлері көрсетілген.
Уран - табиғи уран 234U (0,0058%), 206U(0,71%) және 238U(99,28%) изотоптарынан тұрады. Уран көптеген тау жыныстарының ішінде кездеседі, ал топырақтарда тұрақты болады. Оның мөлшері, әсіресе фосфаттарда көп. Сондықтан да фосфор тыңайтқыштарында және фосфатты тау жыныстарынан түзілген топырақтарда көп кездеседі.
Радий - жоғары атомдық салмағы бар 226Rd ауыр химиялық элемент. Ол химиялық элементтердің ішінде сілтілі-жер элементтеріне жатады, яғни биофильді кальций, магний элементтердің аналогы. Радийдің ядросы сәулелермен бөлініп, басқа типке айналғанда көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Оны радийлі белсенділік, ал элементтердің өздерін радий белсенділер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |