4-ші тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық Талдау сұрақтары


Инфляция-кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады



бет4/7
Дата07.02.2023
өлшемі27,36 Kb.
#65777
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
макроэкономика 3 апта

Инфляция-кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар шығарылады;

  • мемлекеттің өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар)деңгейінің жоғарылығы;

  • тауар тапшылығы , оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізіндебағаның өсіуі;

  • бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жузеге асырылуы;

  • жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер.

Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.
Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.
Инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясаты
Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталан дыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді. Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет