3.Жұмыссыздық: мәні, себептері және оның деңгейі. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Толық жұмысбастылық түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.
Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі.
Жұмыссыздардың құрамына мыналар кірмейді: жасы мен денсаулығы бойынша жасы мен денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз адамдар, жұмысқа жарамды бірақ белгілі бір себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген, бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар).
Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын
Еркін (фрикциондық) жұмыссыздық адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан басқаға ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды.
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады.
Циклдық жұмыссыздық.Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Маусымдық жұмыссыздық.Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі түрде өзгеріп отырады