4 сынып оқушыларын орта буынға дайындау Түсінік хат


«Мен және біз» тренинг-сабағы



бет9/10
Дата06.03.2023
өлшемі40,17 Kb.
#71920
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 сынып оқушыларын орта буынға дайындау

«Мен және біз» тренинг-сабағы
Мақсаты: баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үшін бағытқа негізделенеді:
1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту
3. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өзгерістермен бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарын белсендендіру болып табылады.
Қолданылатын құралдар: алдын-ала жасалған түстер суреті, газеттер, арқан,А4парақтары, Қазақстан картасы, әуендер.
Тапсырма «Мен қандай түстімін?»
Мақсаты: тренинг алдындағы көңіл-күйлерін анықтау
Жаттығу «Вавилон мұнарасы»
Мақсаты: топты біріктіру бағытталған, тұлғаның пікірін, көзқарасын айту, жағымды эмоцияны қалыптастыру.
Уақыты: 10-15 минут
Талдау: жұмыс қалай бөлінді. Мұны жасауда кім қандай пікір ұсынды? Ойларыңызды жүзеге асыру үшін сіздерге қандай қасиеттер қажет болды?
Тапсырма: «Вербальды емес қарым-қатынас»
Мақсаты: бір-бірін түсіну, жағдаяттан шығу жолдарын табу.
Шарты: топтардан жұп құрайтын қатысушылар шығады. Оларға «тарабарлық» тілде қолдануға болады және мимиканы, жестті, дауыстарды қолдануға болады.
Жұптардың мақсаты- бір-бірімен сұхаттасу, дебат жүргізу, өзінікі дұрыс екенін дәлелдеу.
Көрермендердің мақсаты- әңгіменің мазмұнын түсіну.
Тапсырма: «Нұсқау бойынша сурет салу»
Мақсаты: ақпаратты нақты беруге дағдылану, зер салып нұсқау бойынша әрекет жасау.
Тапсырма: «Композицияны аяғына дейін салу»
Мақсаты: бір-бірінің ойын сөзсіз іс-әрекет арқылы түсінуге бағытталған, жағымды қарым-қатынас орнату.
Талдау: салынған суреттер қаншалықты бастапқы ойланған суретке сәйкес келді? Салынған композицияны көргенде қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығу «Топты «байлау»
Мақсаты: бұл жаттығу физикалық, психологиялық тұрғыдан жақындауға әсер етеді.
Тапсырма: «Қайда тұрғым келеді?»
Мақсаты: Қатысушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру
Сіздерге бүгінгі тренинг бойынша бір-біріңізді байқадыңыздар. Қатысушылардың арасында сіздің көзіңізге ерекше түскендер бар деп ойлаймын. Сонымен қатар сіз әр қайсыларыңыз біздің кең байтақ жеріміздің бір қаласында тұрғыларың келетін шығар.Сіздерге сондай мүмкіндік беріледі. Қазір 2 минуттан кейін әрқайсыларын қай қалада, не себепті және көрші ретінде қай қатысушыны алар едіңіз, неге деген сұрақтарды басшылыққа алып, осы картаға өзіңіздің және қатысушының есімін жазыңыздар.
Топтық сұхбат «Шляпалар»
Мақсаты: Бұл тапсырма кері байланыс орнатуға үлкен септігін тигізеді. Сұхбатқа белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Шарты: қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ жеребені алатын адамды таңдайды. Бұл қағазда қалпақтың түсі жазылады. Қалпақтар үлестірілгенен кейін тапсырма беріледі. Әр топ өткен тренингке байланысты пікір айтады.
Сұхбат ретімен өткізіледі.
Жасыл қалпақ. Ақыл-ой тұрғысынан тренингке сипаттама беру.
Қызыл қалпақ Тренингті эмоция сезім тұрғысынан сипаттау
Қара қалпақ Жағымсыз жақтары,не керек болмады, нені өзгерту қажет.
Ақ қалпақ Жағымды кері байланыс беру. Тренингте не ұнағаны, не қызық болғаны, қатысушы өзі үшін қандай жетістіктерге жеткені туралы сипаттау қажет.
Топтарға талдау мен дайындыққа 5-10 минут беріледі.
Уақыт тапсырмаларға байланысты тренинг туралы айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет