4 сынып оқушыларын орта буынға дайындау Түсінік хат


Жаңа ортаға бейімдеу ойын жаттығулар жинағы



бет3/10
Дата06.03.2023
өлшемі40,17 Kb.
#71920
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 сынып оқушыларын орта буынға дайындау

Жаңа ортаға бейімдеу ойын жаттығулар жинағы
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өзара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын рөлдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы – әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп аталады.
Жеңіл бейімделу болған кезде жасөспірімдер екі айдың ішінде жаңа сыныптастарына, мектеп өміріне үйреніп кетеді, жаңа достар табады. Олардың көңіл-күйі әдеттегідей жақсы, мұғалімнің айтқанын ешбір қысым, қарсылықсыз орындайды. Кейбір кездерде жүріс-тұрысының ережелерін орындау қиынға соққан кезде достармен, мұғалімдермен қиындықтар пайда болуы мүмкін. Бірақ қазан айының соңында барлық қиындықтар әдеттегідей жойылады.
Бейімделуі ұзаққа созылатын болса жасөспірімдер оқудың жаңа ситуациясын, сыныптастармен, мұғалімдермен араласуды қабылдай алмайды. Реніш, ашу пайда болатындықтан мұндай балалардың оқу көрсеткіші төмен болуы мүмкін. Бұл жасөспірімдерде бейімделу деңгейі бірінші жартыжылдықтың соңында аяқталады.
Кейбір жасөспірімдерде бейімделу көрсеткішінде қатты байқалатын қиындықтар пайда болуы мүмкін. Өздерін негативті түрде ұстайды, жағымсыз эмоциялар байқалады және оқу бағдарламасын үлкен қиындықтармен меңгереді.
Бейімделу кезеңіндегі мәселелер
Соматикалық мәселелер – баланың денсаулығындағы ауытқулар;
Эмоциялық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі мәселелер туралы уайымдау;
Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі дезадаптацияға әкеледі, яғни балның өз еркімен қиыншылықтарға төзе алмауы;
Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы;
Өз сыныптастарынан даму жағынан қалып қоюы;
Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі;
Коммуникативтік мәселелер – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасай алмауы.
Мектеп өміріне жағымды бейімделудің көрсеткіштері:
Жаңадан келген жасөспірімнің оқу үдерісімен қанағаттануы;
Оқу бағдарламасын меңгеруі;
Жасөспірімнің мұғалімдермен, достарымен жағымды қарым-қатынас орнатуы, және осы тұлға аралық қарым-қатынастарға қанағаттануы.
Сондықтан жағымды бейімделудің негізгі әлеуметтік-педагогикалық критерийі келесі: адекватты мінез-құлықтың қалыптасуы, оқушылармен, мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу әрекетінің дағдыларын меңгеру.

Жасөспірімдердің мектеп өміріне бейімделуін зерттеу


Жаңадан келген жасөспірімдердің мектеп өміріне бейімделуін анықтау мақсатымен екі әдістеме өткізілген болатын: «Мектептегі сезімдер», «Менің мектебім». 2015-2016 оқу жылында Кеңес орта мектебіне жаңадан келген оқушылар саны – 9. Барлығы әртүрлі сыныпта оқыды, диагностика түгел сынып мүшелерімен өткізілді, бірақ зерттеудің нақтылығын белгілеу мақсатымен жаңадан келген жасөспірімдердің нәтижелері ғана көрсетілген.
С.В. Левченконың «Мектептегі сезімдер» сұрақнамасы
Мақсаты: жаңадан келген жасөспірімдердің мектепте сезінуін айқындау.
Диагностикалық зерттеудің нәтижелері
«Менің мектебім» сауалнамасы
Мақсаты: оқушылардың мектептегі және сыныптағы жағдайға қанағаттану деңгейін анықтау.
«Қанағаттану деңгейі» 3-тен үлкен болса, жоғары деңгейдегі қанағаттану

Шыққан нәтижелерді жүйелеп әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар қатары құрастырылған болатын. Мақсаты: сынып ұжымындағы жағымды ахуалды қалыптастыру, жасөспірімдер мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.


«Шынтақпен амандас»
Қатысушылар шынтақтарын бір-біріне тигізіп амандасады. (10минут)
Дайындық
Қатысушылар бөлмеде еркін жүретіндей орындықтар мен үстелді жылжытып қою керек.
1. Қатысушылар шеңберге тұрады.
2. Қатысушылар төртке дейін саналады да келесі әрекеттерді жасайды:
әрбір «бірінші нөмір» шынтақтары жан-жаққа қарайтын қылып, қолдарын бастың артқы жағына айқастырады;
әрбір «екінші нөмір» шынтақтары оңға және солға қарайтындай болып қолдарын жамбастарына тіреп қояды;
әрбір «үшінші нөмір» сол жақ жамбасына сол қолын қояды, оң қолын – оң тізесіне, сонымен қатар қолдары бүгілген, шынтақтары жан-жаққа қарайды;
әрбір «төртінші нөмір» қолдарын кеудесінде айқастырады, шынтақтары жан-жаққа қарайды;
3. Тапсырманы орындау қатысушыларға 5 минут беріледі. Сол уақыт ішінде қатысушылар өз есімін айтып, шынтақтарын бір-біріне тигізіп, неғұрлым көбірек адаммен амандасып үлгеруі тиіс.
4. 5 минут өткен соң қатысушылар бірінші, екінші, үшінші, төртінші нөмірлер бөлек тұратындай болып, 4 микротопқа бөлінеді. Қатысушылар өздерінің микротоптары ішінде бір-бірімен амандасады.
«Сөзжұмбақ» (10 минут)
Бұл жаттығуды орындау арқылы қатысушылар ұйымдастырушылық қабілетін көрсете алады, бір-бірінің есімдерін жаттай алады. Керек құралдар: Әрбір қатысушыға арналған қаламсаппен қағаз.
1. Әр қатысушы қағаздың ортасында немесе үстінгі жағынан төменге қарай өз есімін баспа әріптерімен жазады.
2. Содан соң топ мүшелері бөлмеде жүре бастайды, бір-бірімен амандасып есімдерін сөзжұмбақ арқылы байланыстыруға тырысады. Егер қатысушының есімі қысқа болса, тегін жазуға болады. Мысалы:

5 минут ішінде өзінің сөзжұмбағына ең көп есім енгізген қатысушы топтың назарымен марапатталады: ол ортада тұрып, қалған қатысушылар шеңбер бойымен тұрып 10 секунд ішінде шапалақтап қошемет көрсетеді.


Рефлексия
«Мен және орта»
Сәлемдесу: Қол алысу.
Танысу тренингі. «Көрші».
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жыми,
Сол жақтағы көршіңе бір жыми.
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
Менің серігім қандай адам? (15 минут)
Дөңгеленіп отырамыз. Сіздер 2-2-ден бөлініп, бір-бірлеріңізге қарап отырыңыздар. Музыканың ырғағымен бір-бірлеріңізге зер салып ойлана қарап, алдарыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені, менің алдымда… көріп тұрамын деп бастайсыз. Адамның сыртқы бейнесін суреттеңіз. Әңгімеге оның жеке қасиеттері, өз бағалауыңызды қоспаңыз. Мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар т.б. осы сияқты. Рөлдеріңізді сосын ауыстырасыздар.
Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?
Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?
«Жақсы адам бейнесі » жаттығуы. 20 минут
Сандықша. Сандықша ішінде ең жақсы, ашық, білімді, өз мамандығының шебері, белсенді адамның суреті бар. Ол кімнің суреті деп ойлайсыңдар? Көрмес бұрын барлығы көздерін жұмады. Сандықшаны алған адам ғана көзін ашады. Көргенін келесі адамға айтпауы керек. Соңында айнадан өз бейнесін, өзін-өзі көреді. Жаттығудың соңында сұрақтар бойынша талқылау.
Көргенімен келіспейтін адамдар бар ма?
Өз бейнелеріңді көргенде қандай сезімде боласыңдар?
«Майшам» жаттығуы. 10 минут
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық дегеніміз жақсы нәрсе. Алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.

3 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет