4. Сыздықов С., Қанаев С., Жеңіс Ж. Мəңгілік ел идеясы: қалыпасуы, үш негізгі, тарихи сабақтастық. Астана: Фолиант, 2013



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі176,99 Kb.
#142

 

151 


4.  Сыздықов  С.,  Қанаев  С.,  Жеңіс  Ж.  Мəңгілік  ел  идеясы:  қалыпасуы,  үш  негізгі,  тарихи 

сабақтастық.-Астана: Фолиант, 2013.  

5.  Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // 

Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан. 2012 жыл. 



 

 

 

ƏОЖ 94.(574) 

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН  

(ТАРИХИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ) 

 

Иманғалиев А., Серікова М. 

(Л.Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ) 

Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы, профессор  Дүкенбаева З.О. 



 

 

 

Қазіргі  Қазақстан  мемлекеті  қазақ  жерінде  саяси  іргелі  дəстүрлер  негізінде 

ғасырлар бойы жалғасып, кемел қалыптасқан, XXI-ші ғасырда жоғары дамуға бет алған 

заманауи  елдердің  қатарында  тұр.  Бүгінгі  күндегі  жаңа  өзгерістер  тудырған  басты 

фактор  –  біздің  мемлекеттің  саяси  тəуелсіздігіміз.  Сондай-ақ,  Қазақстанның  мемлекет 

ісіне қатысты ұлттық- саяси дəстүр жалғастығы да басты фактор болып табылады. Бұл 

мəселе Қазақстанның аумағында ежелгі сақ, ғұн, қаңлы, үйсін, түрік, арғы қазақ заманы 

мен  бергідегі  Қазақ  хандығының  мемлекет  ісін  ұйымдастыру  құндылықтарымен 

тікелей  байланысты  екені  баршамызға  аян.  Қазақ  хандығының  тарихи  тамырлары  сақ 

тайпалары  дəуіріндегі  басқару  жүйелері,  ғұн,  үйсін,  қаңлы  мемлекеттері,  түрік 

қағанаттары,  түргеш,  қарахан,  оғыз  мемлекеттері,  қыпшақ  хандығы,  Алтын  орда,  Ақ 

орда мемлекеттері. 

Қазақ  хандығы  сол  заманда  озық  басқару  тəртібімен  құрылған,  түрік 

мемлекеттерінің  заң  шығару,  құқық  жүйесін  ұйымдастыру  дəстүрлеріне  сүйенді. 

Шыңғыс  ханның  Жасақ  заңы,  Қасым  ханның  қасқа  жолы,  Есім  ханның  ескі  жолы, 

Тəуке ханның Жеті Жарғысы – қазіргі заман мемлекетінің стратегиялық бағдарламасы 

тəрізді  мемлекеттің  маңызды  құжаты  болды.  Моңғол  билігі  əлсіреп,  Алтын  Орданың 

құлдыраған  кезінде  кең-байтақ  даланы  мекендеген  өзбек-қазақ-ноғай  халықтарының 

құрамына  кірген  халықтар  өздерінің  жеке  дара  мемлекетерін  құрды.  Көк  Орда, 

Əбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы жəне Сібір хандығының құрылуы осы 

территорияны  мекендеген  халықтардың  этникалық  жəне  тіл,  рухани  байлықтарының 

бірігуінің  бастауына  айналды.  Қазақ  хандығының  экономикалық  негізі  қазақ  рулары 

Əбілхайыр  хандығы,  Моғолстан,  Ноғай  Ордасы  мен  Батыс  Сібір  хандығының  қол 

астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған.  

Қазақ  халқы,  қазіргі  Қазақстан  аумағында  ескі  заманнан  жасап  келе  жатқан  ұлт, 

сондықтан  мемлекет  қазақ  атымен  аталады.  Халық  дегеніміз,  құқықтық  мағынада, 

кəмелет жасына жеткен ел азаматтарының жиынтығы жəне саяси биліктің қайнар көзі, 

мемлекет көлемінде ең ірі саяси күші, саяси шешімдер қабылдауға ықпал ететін қалың 

бұқара  болып  табылады.  Қазіргі  Қазақстан  мемлекеті  ата-бабалардың  ескі  жұртында, 

қазақ  халқының  ежелгі  жерінде  құрылды.  Аталған  жерде  əр  кезеңде  этникалық-саяси 

бірлестіктерді  құрып  сансыз  тайпалар  өмір  сүрді:  скифтер,  сарматтар,  ғұндар,  сақтар, 

үйсіндер, қарлұқтар, қыпшақтар,   арғындар, наймандар, керейлер, алшындар, дулаттар 

жəне т.б. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға 

деген құрмет деуінің өзінде үлкен терең астар бар. Арғы тарихта Қазақ хандығын құру 



 

152 


–  Дешті  Қыпшақтың  кең  байтақ  аумағында  өткен  əлеуметтік-экономикалық  жəне 

этностық-саяси үдерістерінің заңды нəтижесі болып табылады.  

Елбасының бастауымен жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, 

тəуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы  Жолға  айналдырдық.  Келешегі  кемел  Нұрлы 

жол  бағдарламасы  ел  бірлігін  бекемдеп,  Məңгілік  Ел  –  қазақ  елінің  біріктіруші  күші, 

ешқашан  таусылмас  қуат  көзі  екендігін  əлемге  айшықтай  түсті.  Ұлт  Көшбасшы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  атап  көрсеткендей:  «Мəңгілік  Ел»  барша  Қазақстандықтардың 

ұлы  құндылығы,  бұл  ұғымның  бастауы  тым  тереңде  жатқанын  жеткізді.  Ел  Бірлігі  – 

біздің барша табыстарымыздың кілті.  

Қазақстанның жер мирасы мен шекара сақтау дəстүрі де, беріде ғұмыры төрт жүз 

жылға  жалғасқан  Қазақ  хандығы,  əріде  дүниені  дүр  сілкіндірген  Шыңғыс  хан  құрған 

түрік  мемлекетінен  жалғасын  табады.  Шыңғыс  хан  жəне  ол  құрған  түріктің  саяси 

дəстүріндегі  ұлыстық  мемлекет  жүйесі  заманында  озық  дамыған  басқару  дəстүрін 

байқатады.  Қазақ  хандығы  да  қағанның  үлкен  ұлы,  жолы  үлкен  əрі  сүйікіті  Жошы 

ханның  үлкен  баласы  Орда  Еженнің  ұрпағынан  өсіп  өнген  төре  тұқымдарының 

қолында тұрды. Тарихшы А.И.Левшин: «қазақ халқы Азияда тəуелсіз, дербес жəне азат 

халықпен танымал ежелде басқа түркі халықтарына тең болды» десе, қазақтың алғашқы 

ғалымы  Ш.Ш.Уəлиханов  қазақтардың  бірінші  ханы  Алаша  хан  XIV  ғасырдың 

ортасында  өмір  сүргенін  айтты,  ал  XV  ғасырдың  аяғында  қазақ  жұртшылығы  өзінің 

саяси қауымдастығын құрды. 

ШыңғысханмемлекетініңтікелеймұрагеріболғанҚазақхандығысолмемлекеттіңиде

ологиясын,  құқықжүйесін,  заңнамадəстүрін,  мемлекеттікинституттарынжалғастырды. 

Барша  адамзат  өз  тарихында  нақты  бір  идеологиямен  өмір  сүріп,  өсіп-өркендеген. 

Идеологияның  ең  алғашқы  қайнар  көзі  –  ұлттық  тарих.  Идеология  өмірмен  біте 

араласып, өмір қажетін қамтамасыз ететін басты күш.  

Қазіргі  Қазақстанның  бүгінгі  таңдағы  идеологиялық  басты  мақсаты,  бағыты  мен 

саясаты,  тəуелсіз  мемлекеттілікті  нығайту,  іштен  шығатын,  сырттан  келетін  əртүрлі 

қауіптердің алдын алу, ұлттың мүддесін қорғау. Заң жүзінде өз азаматтығының болуы 

тəуелсіз  мемлекеттің  маңызды  белгісі.  Азаматтық  алумен  əрбір  жеке  адамның  белгілі 

бір  мемлекетпен  өзара  тұрақты  саяси  жəне  құқықтық  байланысын,  парызы  мен 

міндеттері белгіленеді.  

Тарихи  кешенді  деректемелерден  біз  білетініміз,  қазақ  халқының  билері, 

батырлары, ел ақсақалдары, жəне олардың қолдауымен ақкиізге хан болып көтерілген, 

ақсүйек  төреден  шыққан  еркек  заттұқымдары  бұрында  елдің  амандығы,  жерге  берікб 

олу,  шекараны  сол  замандағы  елді  қоныстандырып,  қорғап  тұру  қоғамдық 

институттары  қызмет  жасап  тұрған.  Арғыдағы  Ақ  Орданың  билеушісі  Барақ  ханның 

мұрагерлері  болған,  Қазақ  хандығы  мемлекетінің  іргесін  қалаған  Керей  хан  мен 

Жəнібек  хандардың,  одан  кейін  даңқы  əлемге  танымал  қазақ  хандары  Қасым  мен 

Ақназардың  мемлекет  жеріне  иелік  ету,  шекарасын  айқын  ұстау,  қорғау  ісін  бергі 

заманда  болған  атақты  Абылай  хан  ұстаған  өзінің  қырық  батырына  жер  шолғызып, 

елдің амандығын қамтамасыз ететін қарауыл салтынан да анық байқауға болады.  

XV ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының құрылуы-

Қазақстан тарихының ортағасырлық кезеңіндегі ең басты, ең ірі оқиға болып саналады.  

Қазақ  хандығының  құрылуының  тарихи  маңызы  өте  зор.  Бұл  оқиға  қазақ 

жеріндегі  үш  мың  жылдай  тарихы  бар  мемлекеттілік  тарихының  жаңа  кезеңіне  жол 

салған ірі оқиғасы болып табылады. 

Хандықтың құрылуына байланысты тарихшылардың арасында қазақ хандығының 

құрылуына көптеген тұжырымдар бар. 

1.  Қазақ  хандығының  құрылуы  –  ең  алдыменен,  Қазақстан  аумағында  қола 

дəуірінен  бері  үздіксіз  жалғасып  келе  жатқан  этникалық  процестердің  заңды 

қорытындысы болып табылады. 


 

153 


2.  Қазақ  хандығының  құрылуы  –  Қазақстан  аумағында  бері  дегенде,  сақтар 

заманынан  бері  үзбей  дамып  келе  жатқан,  этникалық  процестермен  қатар  жүрген 

мемлекеттілік дамуының да нəтижесі болып есептеледі. 

3.  Қазақ  хандығының  құрылуы  –  XIV  –  XV  ғасырлардағы  Қазақстан  аумағында 

болған мемлекеттік құрылымдар мен көршілес аймақтардағы мемлекеттердің ішкі жəне 

сыртқы саяси қатынастарының нəтижесінде жүзеге асады. 

Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ауыз əдебиетінің материалдары көп 

емес, дегенменде бірнешеуі сақталып қазіргі күндерде ғылыми айналымға енгізілген. 

Ш.  Құдайбердіұлы  1911  жылы  жарық  көрген  «Түрік,  қырғыз-  қазақ  həм  хандар 

шежіресі» атты тарихи шығармасында қазақ халқының қайдан шыққанын баяндай келе, 

Керей  мен  Жəнібек  хандардың  Əбілқайыр  ханнан  бөлініп,  Моғолстанға  көшіп  келуін 

айтып өтеді. Керей мен Жəнібектің «Əбілқайырға өкпелеген себебін біздің қазақ былай 

айтады»,-деп  Шəкəрім  қажы,  Ақжол  биді  Қобыланды  батырдың  өлтіргендігін,  Керей 

мен  Жəнібектің  Əбілқайырдан  кінəліні  жазалауды  сұрағанын,  шығарылған  шешімге 

қанағат  тұтпаған  екі  сұлтан  ханға  өкпелеп,  көшіп  кеткенін    түсіндіреді.  Осы  деректе 

алғаш  рет  Қазақ  хандығының  құрылуына  байланысты  Дешті  Қыпшақтың  ру 

тайпаларының атаулары кезедседі. 

Тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  (1500-1551)  «Тарих-и-Рашиди»  еңбегінде 

Қазақ  хандығының  құрылуын  хижра  бойынша  870  жыл,  яғни  1465-1466  жылдар  деп 

көрсетті.  Осыған  орай,  Елбасы:  «Керей  мен  Жəнібек  1465  жылы  алғашқы  хандықты 

құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау  алады.  Бəлкім, ол бүгінгі 

шекарасындағы,  бүкіл  əлемге  осынша  танымал  əрі  беделді,  осы  ұғымның  қазіргі 

мағынасындағыдай  мемлекет  болмаған  да  шығар.  Бірақ  бұлай  деп  сол  кезеңдегі  басқа 

да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз 

қаланды, біз – бабалардың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз 

барлық  таяу  мемлекеттермен  көпғасырлық  достық  жəне  тату  көршілестік  дəстүрлерін 

сақтап  отыр.  Осы  қарым-қатынасты  əрдайым  сақтағанымыз  жөн.  Қазақ  хандығы 

туралы  бізге  жеткен  нақты  жазба    деректердің    бірі  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың 

«Тарих-и-Рашиди»  атты  еңбегі.  Жалпы,  бұл  еңбек  Моғолстан  хандығы  тарихына 

арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайларға байланысты  Қазақ хандығы туралы да 

көп  мəлімет  келтірілген.  Абулғазы,  Қадырғали  Жалайыри  өз  еңбектерінде  Қазақ 

хандығы,  оның  билеушілері  туралы  мəліметтер  қалдырды.  Сонымен  қатар  Қазақ 

хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің де маңызы зор. 

Қазақ  хандығының  құрылуына  1457  жылдан  кейін  Керей  мен  Жəнібек 

сұлтандардың  Əбілхайыр  хан  үстемдігіне  қарсы  күрескен  қазақ  тайпаларын  бастап 

шығыс  Дешті-Қыпшақтан  батыс  Жетісу  жеріндегі  Шу  мен  Талас  өңіріне  қоныс 

аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-

1462)  -жылдары  билік  еткен  тұсында  қоныс  аударған    қазақтарды  Əбілхайырға  қарсы 

пайдалану  үшін  қарсы  алып,  қоныс  берді.  Алғашқы  кезде  Қазақ  хандығының  аумағы 

батыс  Жетісу  жері,  Шу  өзені  мен  Талас  өзенінің  алабы  болып,  ежелден  осы  алапты 

мекендеген  тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ аталарымен, руларымен 

етене  араласып  кетті.  Əбілхайыр  хандығындағы  аласапыран  соғыс  салдарынан 

күйзелген  қазақ рулары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы 

түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Əбілхайыр хан қол астынан 

шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп  жатты. 

Осы  оқиға  жөнінде  тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  «Тарих-и-Рашиди»  атты 

еңбегінде  былай  дейді:  «Ол  кезде  Дешті  Қыпшақты  Əбілхайыр  хан  биледі.  Ол  Жошы 

əулетінен  шыққан  сұлтандарға  күн  көрсетпеді.  Нəтижесінде  Жəнібек  хан  мен  Керей 

Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның 

батыс  шегіндегі  Шу  мен  Қозыбас  аймақтарын  берді.  Олар  барып  орналасқан  соң, 



 

154 


Əбілхайыр  хан  дүние  салды  да,  өзбек  ұлысының  шаңырағы  шайқалды.  Ірі-ірі 

шиеленістер  басталды.  Оның  үлкен  бөлігі  Керей  хан,  Жəнібек  ханға  көшіп  кетті. 

Сөйтіп,  олардың  маңына  жиналғандардың  саны  200  мыңға  жетті.  Оларды  өзбектер  - 

«қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465-1466)  билей бастады...». 

Қазақ  жерін  тұтас  сақтаған  қазақ  хандарының  ішінде  Қасым  ханның  аты  ерекше 

аталады.  Сол  XVI-XVII  ғғ.  Қазақ  хандығы  əбден  ширап,  мемлекет  шекарасы  тарихи 

межелеріне  келіп  ұлғайды.  Жердің  басын  қосып  көзге  түскен  Қасым  хан  (1511-1523) 

тұсында  Қазақ  хандығының  саяси-əлеуметтік,  экономикалық  жағдайы  нық  еді,  қазақ 

халқының  этностық  тұтас  аумағы  қалыптасып,  басқарудан  ажырап  кеткен  қалалар 

қосылды.  солтүстікте  қазақтың  жайлауы  Ұлытаудан  асып,  оңтүстік-шығыста  Шу, 

Талас, Қаратал, Іле өлкелері,  Жетісудың біршама бөлігі толық қарады. Сол тұста Сібір 

мен Орта Азия жəне Еділ бойы жерлерімен сауда-саттық, ақша айналымы мен елшілік 

қарым-қатынас  жасалды.  Қазақ  хандары  да  өз  ордасында  кеңсе  ісін  жүргізіп,  басқа 

елдермен 

елшілік 

қарым-қатынастарын 

дамытты, 

дипломатиялық 

байланыс 

орнықтырды.  Парсы  тіліндегі  «Исмаил  шахтың  арнайы  тарихы»  атты  шығармасында, 

Қасым  ханның  мемлекет  басшысы  ретінде,  ханның  ордасы,  ханның  тағы  туралы,  таза 

саф  алтыннан  жасалғаны,  төрт  бұрышы  арыстан,  жолбарыс,  қабылан  мен  аждаһа 

бастары  жəне  құстардың  суреттерімен  өрнектелгені,  Қасым  хан  басына  əшекей 

тастармен көмкерілген «шыңғысхандық» үлгідегі бас киім кигені айтылады.  

Қазіргі Қазақстанның мемлекет ісін реттеу, ұйымдастыру қызметі жоғары сапалы 

деңгейде  жүргізілуі  нəтижесінде,  мемлекет  өзінің  стратегиялық  даму  сатыларын 

уақытылы  айқындап,  бекітіп  отыр.  Соның  арқасында  елдің  қазіргі  даму  талаптарына 

жауап  беретін  тарихи-əлеуметтік  заманауи  жағдайы  жақсы  үйлестірілген.  Елдің 

экономикалық  жəне  əлеуметтік  дамуына  байланысты  есептеу,  бақылау,  жан-жақты 

талдау жасау, заң шығару қызметін іске асырады.  

Қазіргі  Қазақстанда  мемлекеттің  басшысы  –  Елбасы  азаматтар  тарапынан 

сайланады,  Елбасы  мемлекеттің  ішкі  жəне  сыртқы  саясатын  анықтайды,  мемлекеттік 

биліктің  келісіп  қызмет  істеуін  қамтамасыз  етеді.  1995  жылғы  Президенттің  билік 

мерзімін созып, құзыреттілігін кеңейтуге байланысты жалпы халықтық референдумде, 

барша  қазақстандықтар  тəжірибелі  саясаткер  Н.Ə.  Назарбаевқа  үлкен  сенім  білдіріп, 

жауапкершілік артып, қолдау көрсетті. Бұрыңғы тарихта да қайраткерлігімен танылған 

төре  тұқымдары  елдің  басына  күн  туған  мезгілде  елге  үлкен  сүйеу  болған  тұлғаларға 

салмақ түсетін еді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  біздің  мемлекеттің  басшысы. 

Президент  жоғары  лауазымды  тұлға  ретінде  халықтың  бірлігін  қамтамасыз  етіп, 

қамқорлық жасайды, Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды.  

Қазақстанның  Үкіметі  барша  ел  көлемінде  атқарушы  билікті  ұйымдастырып, 

соның  жүйесіне  жататын  жоғарғы  жəне  төменгі  деңгейдегі  атқарушы  органдарды 

басқарады. Бұдан басқа мемлекеттің ерекше құқық қорғау органдары болып табылатын 

соттар, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, заңдылақты бақылайтын прокуратура 

қызметі бар. Ал, енді Қазақ хандығы туралы айтқанымызда, көбінесе оның мемлекеттік 

қызметін,  жүйесін,  ұйымдастырылу  тəртібіні  көпшілік  тарихи  санада  айқын  елестете 

алмайды. Алайда, Қазақ хандығының да астанасы болған, ол да əртүрлі қазақ хандары 

тарапынан  қажет  болған  мезгілде  бір  қаладан бір  қалаға  ауыстырылып  отырған.  Бірақ 

қазақ  халқының  рухани  тірегі,  əрі  билеушілердің  іргелі  негізі  болған  қалалар  – 

Түркістан, Тараз, Баласағұн, Испиджап, Қойлық, Алмалық, Сарай, Қарақорым, Сығанақ 

болғанын естен шығаруға болмайды.  

Қазақ  хандары  Əбілхайырхан  40  жыл  билеген  ШығысДешті  –  Қыпшақ  даласын 

жəне ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте елдестірді. XV ғасырдың 70-жылдарында 

қазақтар  Сырдария  бойымен  оған  жалғас  Қаратау  өңірінің  бірсыпыра  территориясын 


 

155 


басып  алды.  Сөйтіп,  қазақ  хандығының  аумағы  кеңейді,  оған  тұс-тұсынан  қазақ 

тайпалары келіп қосылып жатты. Қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дешті Қыпшақ, 

Жетісу мен Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең аумағы аралығындағы əлеуметтік-

экономикалық  жəне  этносаяси  үдерістердің  нəтижесі  болды.  Қазақ  хандығы  қазақ 

халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттің нышаны. Ол ұлан – байтақ 

өңірді  мекендеген  қазақ  аталарының,  руларының  басын  қосып  шоғырландыруда, 

қазақтың  этностық  аумағынын  біріктіруде,  қазақтың  байырғы  заманнан  басталған  өз 

алдына  жеке  ел  болып  қалыптасуын  біржолата  аяқтауда  аса  маңызды  жəне  түбегейлі 

шешуші роль атқарды.  

Жалпы,Қазақ  хандығының  құрылуы  тарихына  қатысты  жазба  дерек  мəліметтері 

мен  ауыз  əдебиетінің  материалдарын  бір-бірімен  байланыстырса,  толықтыра, 

салыстыра  отырып  қарастырғанда  ғана,  біз,  ұлттық  сипаттағы  мемлекетіміздің,  Қазақ 

хандығының құрылуы мəселесін терең біле аламыз деп ойлаймын. 

 

 

 

Əдебиет: 

1.  Пищулина К.А., Кумеков Б.Е. Завершающий этап формирования казахской народности // История 

Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т. 2. – А., 1997. – С. 295. 

2.   Исмагулов  О.,  Сихимбаева  К.,  Исмагулова  А.О.  Этногенез  казахской  народности  //  История 

Казахстана. Т. 2. – А., 1995. – С. 279. 

3.  Акишев К., Хабдулина М. Казахское государство XV – XVI вв.: этническая территория, памятники 

культуры. Евразийское сообщество: общество, политика, культура. № 1 (21), 1998. С. 132. 

4.  Тынышпаев  М.  История  казахского  народа.  Составители  и  авторы  предисловия  проф.  Такенов  А. 

С. и Байгалиев Б. А. – А., 1993. С. 115, 131. 

5.  Кəрібаев  Б.Б.  Мұхаммед  Хайдар  Қазақ  хандығының  құрылуы  туралы  //  Материалы 

Международной  научно-теоретической  конференции,  посвященной  известному  ученому-историку 

Мухаммед Хайдар Дулати (1499-1551). – Тараз, 1997. 194 б.  

6.  Материалы  по  истории  Казахских  ханств  XV-XVIII  вв.  (извлечения  из  персидских  и  тюркских 

сочинений). Составители: С. К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А. – А., 

1969. 

7.  Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті жəне Жошы хан. – Астана, 2004. – 227 б. 



8.  Уəлиханов Ш. Шығармалар жинағы: В 5 т. – Алматы, 1985, Т. 2. – 372 б. 

9.  Ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі қазақстан тарихы (очерк). – Алматы, 1993 – 148 б . 



 

 

 

ƏОЖ 587.54 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ 

ОРНЫҚТЫРУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 

 

Исатаева М.К., Əбілханов А.А. 

(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) 

 

 

 

Ата-бабамыз  ғасырлар  бойы  аңсаған  тəуелсiздiгiмiзге  жеткен  уақыт  iшiнде  ғана 

елiмiздiң бар болмыс бiтiмi, Бүкiл кескiн келбетi кереметтей өзгердi. Бəрiнен де бұрын 

егемендi  ел  атанып,  ес  жиып,  еңсемiздi  тiктедiк,  халық  болып  қалпымызды  танып, 

империя  тозағының  астында  қалған  тарихымызды  ашып  алдық.  Бұгiнде  Қазақстан 

келесi адамзат тарихының алып айдынына адаспай жол тауып, өзiнiң ертеңiне екпiндеп 

еркiн жғзiп келедi. 

1991  жылдың  желтоқсанында  Кеңестiк  Социалистiк  Республикалар  Одағы 



ыдырады. КСРО құрамына кiрген Одақтас Республикалар өз егемендiгiн алып, тəуелсiз 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет