4 СӨж орындаған- ораш Дария,Сүлейменова Гульдана, Барат Сұңғыла, Ходжабаева Айтгуль хб-11 Ерік туралы жалпы түсінік



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі23 Kb.
#65815
  1   2

4 СӨЖ
Орындаған- Ораш Дария,Сүлейменова Гульдана, Барат Сұңғыла, Ходжабаева Айтгуль
ХБ-11

Ерік туралы жалпы түсінік
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзің меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік — саналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл (жатқанда козғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т. б.) еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;
ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді женуі;
б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.
в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады.
Ерік құрылымы.
Əрқандай ерік əрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сəйкес əрі тікелей іс-əрекетке өтетін болса, əңгіме қарапайым ерік əрекеті жөнінде болған.. Ал күрделі ерік əрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты əрекеттер арасына қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік процесініц мəнді кезеңдері мен
бөліктерініц құрамы келесідей:
1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу:
2) талдау, талқылау кезеңі мен септүрткілер (мотивы) аласы;
3) шешім қабылдау;
4) орындау.
Еріктік əрекет желісінің бастапқы басқышының негізгі мазмұны - ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бəрі бірдей саналы болып келе бермейді. Қандай да қажеттік өз түсінім деңгейіне орай құмарлық (влечение) немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, осыған байланысты қажеттік толығымен өзіне əлі түссіз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларыный күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін əшиін құмарлық, көрсе қызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді,
бірақ сол нəрсенің не екеніне көзі анық жетпейді, қажеттігін нақты түсінбейді. Мұндайда "не керегін, əзі де білмейді" дейміз. Байыпталмағандығынан құмарлық іс-əрекетке бастау бола алмайды. Сондықтан да ол ауыспалы құбылыс, ондағы қажеттік бірде сенеді, ал кейде анық-қанығы ашылып, нақты тілек, ниет, арманға айналады. Бірақ тілек ету де əлі əрекетке келу деген емес. Қажеттік мəнін бейнелегенімен тілекте белсенділік болмайды. Тілеу - бұл алдымен əрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Əрқандай қылықтың септүрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілік сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлмес-тіріледі. Тілек іс-əрекет сеп-
түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіктің айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды. (У.Джеймс):
1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-бірте сеніп, арасындағы бір мəнділеу баламаға аса зорлықсызақ жол беруден пайда болады. Көзделген əрекет жайбарақат, өзінен - өзі басталғандай сезіледі.
2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін, Мұндайда қандай да бір кездейсоқ əсердің ықпалында қалып, "не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндіреді.
3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық ете əрекеттен, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады.
4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін жинақтап, қажетті бағыттағы əрекетке батыл кіріседі.
5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі бір əрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын иленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, əрекет кезіне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мəтелі осының айғағы.
Шешім қабылдау біршама күрделі процесс, оның жүрісіде ішкі толғаныстың үдемелі қозғалысын тудырады. Ал шешімге келуден, адам жеңілденіп, қанағаттану сезіміне бөленеді.
Жоспарлау - күрделі ой əрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді əдістері мен құралжабдығыніздестіру кезеңі. Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивностъ) төмендегі жағдайларға тəуелді:
1.Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман).
2.Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық).
3.Қоғамдық мəнді мақсаттар.
4.Іс-əрекетке деген көрсетпе талап
5.Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді),
Адам орындалатын істің маңызын, оның моральдық талаптарға қайшы еместігін де түсінуі мүмкін, алайда бұл оған іс барысындағы кедергі, қиыншылықтарға қарсы тұруға демеу бола алмайды. Түсінуден көптеген басқа ниет, тілектерді баса отырып, қажетті ұмтылысты пайда етуі үшін, адам «осылай болуы тиістің дегендей үлкен жан қалауы - борыш сезіміне
бөленуі тиіс». Борыш сезімі -моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет