Семинар – латын тілінен енген (semіnarіum)- білім қалыптастырушы, ойды негіздеуші. Студенттердің таным процесінде жанданады. Ежелгі Грецияда алғаш студенттердің арасында пікірсайыс , оқытушы мәліметімен, қорытындысы түрінде пайда болды, Ортағасырларда университеттерде апта сайын педагог пен магистрлік дәрежеге ие болғандар дисппут түрін жүргізді. XVІІ ғасырларда Батыс Европада қолдана бастады.
Семинарды өткізудің мақсаты – тәртіп бойынша білімді тереңдету. Білім алушыларға өзіндік ізденіс дағдысын қалыптастыру, ақпаратқа анализ жасауға және де ғылыми ойлаудың дамуын қалыптастыру. Семинар- шығармашылықпікір сайыстарға қатысуға, дұрыс шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарас танытуға мүмкіндік береді
Семинар белсенді жүргізу үшін ол басқарушылық, пікірсайыстық сипатқа ие болуы қажет. Пікірсайыстық тақырыбын, өзектілігін педагог алдын – ала ойластырады.
Дәстүрлі семинарлар: пікірталас семинары, рефераттар мен баяндама қорғау т.б. семинарлар болып бөлінеді.
Рефератты-баяндамалық семинарларда студент баяндама қорғайды. Сұрақ жауап семинарында- педагог таңдауымен студенттің сабақ айтуы содан кейін кері байланыс орнатылады. Аралас семинар түрінде – кейбір студенттер реферат қорғаса , кейбір студенттер сұраққа жауа береді т.б. Соңында баяндамашы қорытынды жасайды.