Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарында білім беру процесінде барлық тәрбие түрлері практикада іске асырылады, әсіресе кәсіби білім беретін университеттерден нақты тәжірибесін көруге болады. Оқу жоспарында пән блоктары негізгінде тәрбие түрлері мамандық бойынша берілген:
Адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, патриоттық, имандылық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок)
Ақыл –ой, экологиялық тәрбие (табиғи ғылыми блок)
Еңбек тәрбиесі, тәжірибе кезінде, аудиторияда, сонымен қатар өзіндік жұмыс орындаған кезінде.
Тәрбие әдісін жіктеген кезде үш үлкен топқа бөлуге болады:
студенттердің дүниеге көзқарасы және құндылық бағдарын тұжырымдау әдістері;
мотивацияны ынталандыру әдістері;
жеке адамның шығармашылық икемділігінің дамуы және оның сапасын арттыру әдістері.