4 ТАҚЫРЫП ӨНДІРІС, ФИРМАНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
Талқылауға арналған сұрақтар: Шығындардың мәні.
Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар- өнім өндіріп, оны өткізуге қажетті өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
2.Шығындардың түрлері. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құнына айналады .
Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.
Старттық шығындар - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі.
Қалдық шығындар - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындарының бір бөлігі.
Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады.
3.Табыс және пайда. Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – жалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмашылық. П = ТR - ТС Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:
Жалпы табыс – ТR = PxQ