4-тапсырма. ҚР метрологиялық қызметі Бақылау сұрақтары



Дата08.12.2022
өлшемі13,45 Kb.
#55992
Байланысты:
МСС-4 тапсырма


4-тапсырма. ҚР метрологиялық қызметі
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттік метрологиялық қызмет дегеніміз не?
2. Метрологиялық сараптауға қандай құжаттар жатады?
3. Өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу мақсаты және міндеті?
4. Метрологиялық аттестаттау және оның түрлері?
1. Мемлекеттік метрологиялық қызмет өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асырылады. Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ) мемлекеттік және жеке меншіктегі әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің ғылыми және практикалық жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.
2. Метрологиялық сараптауға мынадай құжаттар жатады:
- конструкторлық құжаттар: бөлшектердің (детальдар) чертеждері, құрастырушы, габариттік және мондаждық чертеждер, түсінік хаттар, техникалық шарттар, сынақ бағдарламасы мен әдістемесі, есептеу қағаздары, пайдалану және жөндеу құжаттары;
- технологиялық құжаттар: маршруттық және операциялық карталар, жоба нобайы карталары, технологиялық нұсқаулар, технологиялық процесс картасы, технологиялық жұмыстар тәртібі. т.б. да құжаттар сарапталады, мысалы, өлшем жүргізудің әдістемелері, ғылыми-техникалық отчеттар (есеп берулер), өзгерістер туралы хабарлама қағаздар, дәлдік нормалары белгіленген өлшем құралдары мен өлшем әдістерінің құжаттары, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасы туралы карталар т.б.
3. Өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізудіғ мақсаты-елімізде өлшем бірегейлігін сақтау, өлшем құралдарының ұтымды номенклатурасын және тиімді қолданылуын белгілеу, сонымен бірге, техникалық деңгейі мен сапасы жағынан отандық және шет елдік ең жоғары үлгілерге сай болатын өлшем құралдарын жасап өндіріске енгізу.
Мемлекеттік сынақтың міндеттері:
- өлшем құралдарын шығарудың мақсатқа сәйкестілігі мен мүмкіндігін және шет елден тасымалдаудың қажеттілігін анықтау;
- өлшем құралдарының текскру мен жөндеудің тиісті әрекеттерімен және құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау;
- өндірілетін және шет елден алынатын өлшем құралдарының нормативтік-техникалық құжаттардағы талаптарға сәйкестігін тексеру.
4. Метрологиялық аттестаттау деп өлшем құралдарын олардың метрологиялық қасиеттерін анықтау мақсатымен метрологиялық органдардың зерттеуін, зерттеуден алынған мәліметтер негізінде тиісті құжаттардың дайындалуын айтады.
Метрологиялық аттестатттау мемлекеттік және ведомстволық болып бөлінеді.
Мемлекеттік аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары, ал ведомстволық аттестаттауды министрлік метрологиялық қызмет жүргізеді.
Мемлекеттік метрогологиялық аттестаттаудан меклекттік тексеріске жататын өлшем құралдары өтеді.
Ведомстволық метрологиялық аттестаттауға ғылыми-зерттеу экспериментарлық және тәжңрбиелік-конструкторлыұ жұмыстарға арналған, және өнімнің сапасын бақылауға,процестерге бақылауға қолданылатын, ведомствалық метрологиялық қызметтерде үлгі ретінде пайдаланылатын өлшем құралдары жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет