|
Оқыту процесі-мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті
|
бет | 2/5 | Дата | 04.03.2022 | өлшемі | 1,63 Mb. | | #27025 |
| Байланысты: ДидактикаОқыту процесі-мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Оқытудың басты міндеттері: - Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
- Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
- Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Дидактика “Нені оқыту керек?”, “Қалай оқыту керек?” деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Дидактиканың міндеті-білім мазмұның, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу 2. Дидактика және жеке әдістемелер - Қазақстанда дидактикамен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар:
- Ыбырай Алтынсарин орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының , бағдарламаларының авторы.
- Ахмет Байтұрсынов-қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. “Оқу ана-тілінде жүргізілсін”-деген талапты бастаушы.
- Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931) “Тәрбиеге жетекші” (1924) деген еңбегңн жазып, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
- Мағжан Жұмабаев –Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|