4-тарау. ҒЫлыми-педагогикалық таным әдіснамасы



бет22/35
Дата02.03.2022
өлшемі471 Kb.
#26818
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Глава 4 новый

Педагогикалық ұғым – бұл өздеріне тән жалпы, арнайы белгілері бойынша педагогикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің бөлінген тобының сөз арқылы берілетін педагогикалық әрекетті көрсету үдерісінің нәтижесі. Педагогикалық термин – бұл педагогика ғылымында педагог-зерттеушілер тарапынан қабылданған және заңдастырылған қандай да бір педагогикалық феноменнің атауы, аты, белгіленуі. Педагогикалық дефиниция - педагогикалық феноменнің оған сәйкес мағынасын ашып, заттай және айрықша белгілерін сипаттайтын жорамал, болжам. Педагогикалық феноменді түрлі теориялық-тұғырнамалық тұрғыдан зерттеуге байланысты бір педагогикалық терминге түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Кез келген ғылымның даму үдерісінде белгілі бір ғылымдағы өзге ұғымдарға негіз, бастау болар, «түбір» ұғымдарға айналатын ұғымдар бірігіп, ғылым категорияларына айналады. Бұл ретте педагогикада да дәл сол құбылыс орын алады.

Педагогика ғылымының дамуы педагогика пәні мен педагогикалық теорияның ғана емес, сондай-ақ, педагогикалық іс-әрекетті жан-жақты түсінуді тереңдететін, байыта түсетін категориялық-ұғымдық аппараттың жаңартылуымен жүргізіледі. Педагогикалық терминология гуманитарлық терминдік жүйеге жатады. Педагогикалық терминологияның өзгешелігі ғылым ретінде педагогика пәнімен және педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің әлеуметтік мәнімен байланысты болып келеді. Сондықтан, нақты бір педагогикалық зерттеудің терминологиялық жүйесінің құрылымы зерттеу объектісімен, пәнімен, оның педагогика ғылымы мен педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру үшін алынған нәтижелерінің маңыздылығымен тығыз байланысты.

Ұғымдық-терминологиялық жүйе болжау әдістері мен қайта құрулар, әдістемелер, алгоритмдер, модельдермен қатар зерттеудің ғылыми аппаратының бір бөлігін құрайды. Онда келесі рәсімдерді қолданған дұрыс:


  • үдерістің негізгі белгілерін айқындау үшін жеткілікті зерттеудің кешенді ұғымдарының шеңберін анықтау. Олардың қатарына зерттеу өзгешелігіне байланысты білім, әлеуметтену, жекешелену, тәрбие, тұлғаның дамуы, қалыптасуы, мағлұмат, оқыту, белсенділік, парадигма және т. б. жатады;

  • мән-мазмұнына қарай кешенді ұғымдардың біртектестігін анықтау, егер олай болмаса, сәйкес келетін анықтамалар мен түсіндірулер беру;

  • авторлық ұғымдарды, яғни автор енгізген зерттеулерді немесе авторлық түсіндірмелерде ұсынылған ұғымдарды түсіндіру және бөліп көрсету;

  • қосымша ұғымдарды бөліп көрсету. Мысалы, «әлеуметтену» кешенді ұғымында мынадай ұғымдарды қолдануға болады: әлеуметтік бейімделу, қайта әлеуметтендіру, девиация, әлеуметтік мінез-құлық, және т. б. ;

  • ұғымдарды белгілі бір логикалық қатарға жинақтау, яғни ұғымдық қатарды анықтау. Мұндай қатарды құру үшін негіз болып негізгі теория (тұлғалық әрекеттілік теориясы, бағдарламалы-мақсатты басқару теориясы және т. б. ) алынады.

Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастырудың төрт шешуші кезеңін бөліп қарастыралық:

  • зерттелуші үдеріс пен ұғымдардың құрылымын, оның құрамдас бөліктері мен зерттеу қырларын (ұғымдық матрица) анықтау;

  • ұғымдардың мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілген терминдердің терминологиялық түсіндірмелері мен олардың негізделуін анықтау;

  • категорияларды (негізгі, кешенді ұғымдарды) анықтау, категориялық-ұғымдық жүйені құру;

  • ұғымдық жүйе элементтерінің өзара байланысын, ол арқылы зерттеліп жатқан үдерістер мен құбылыстардың терең әрі тұтас айқындалу деңгейін ашу.

Педагогикадағы ұғымдарды өңдеу зерттеу пәні мен объектісі саласына жататын негізгі педагогикалық құбылыстардың, үдерістер мен жүйенің болмысын сипаттау және объективті зерттеуден тұрады. Педагогикалық әрекетті сипаттау және теориялық зерттеу формасының бірі бола тұра педагогикалық зерттеу, жинақтала келе, оның ерекшеліктерін ашатын зерттеу пәнінің ұғымдық айқындалуынан басталады. Ұғымда таңдауы зерттеу объектісі қарастырылып отырған көзқарасқа байланысты анықталады. Сондықтан, педагогикалық құбылыстардың мәні авторлық тұрғыда қарастырылған зерттеудің мақсаты, міндеттерімен айқындалған ұғымдардың көмегі арқылы нақтыланады. Тіпті бір зерттеу пәнінің шеңберіндегі зерттеу мәселелерінің әртүрлілігі ұғымдық жүйедегі педагогикалық әрекеттілікті көрсететін түрлі қырларының пайда болуының алғы шарттарын жасайды.

Педагогикалық феноменді анықтауда зерттеуші, біріншіден, педагогикалық зерттеу мен оның категориялық-ұғымдық жүйесінің мәнмәтінін үйлестіре отырып, педагогикалық феноменнің заттай және айрықша белгілерін көрсету арқылы педагогикалық ұғымның мәндік-логикалық талдауын; екіншіден, бұл феноменді кәсіби-педагогикалық ортада шын мәнінде қолданудың ұсынды.

Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойылатын жалпы талаптарды ескеруі қажет:

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет