Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ІІ нұсқа Тыңдалым және айтылым Тапсырма
1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
А мәтіні
Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады. Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің де саясатына сыймайды. Сонымен қатар, әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды. ( 190 сөз)
Сайын Борбасов
Ә мәтіні Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді.
Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан
… Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «…аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің…», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. ( 177 сөз)
http://oqu-zaman.kz/?lang=kk