Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясы ғылымының даму тарихы
Қабылдаған: Дуйсенова Ж.
Орыдаған: Әліайдар Е.
Тобы: ППП-211
Түркістан-2022
Жоспар:
Жас ерекшелік психологиясы ғылым ретінде қалыптасуына түрткі болған себептер;
Бала психологиясын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар;
Педагогикалық психологияның даму тарихы;
Пайдаланылған әдебиет тізімі.
Кіріспе
Жас және педагогикалық психологияның дамымай тұрған кезінде жұрт балаларын оқытты, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық саласына (мал бағу, егін айдау, т.б.) үйретті. Үйретпесе де кішілер үлкендердің жұмысына еліктеп, соған ие болуға тырысты. Осы кездерде туған туысқандарды жас мөлшері мен санасып, кім жасына қарай қаншалықты ақылды не ақылсыз екені туралы мәліметтер таратты. Бірақ бұл мәліметтерді ғылым деп санауға болмайтынының себебі мынада: И. Ньютон өзінің физикадан жаңалықтарын ашпай тұрған дәуірлерде де, біздің санамыздан тыс, сол құбылыстарға байланысты физикалық заңдылықтар болып келеді. Бірақ мұны физика ғылымы деп айтуға болмайды. Өйткені осыны ғылым деп атау үшін сол фактілерді (физикалық құбылыстарды) жинап белгілі бағыт тұрғысынан қорытынды (теориялар, идеалар, т.б.) шығару қажет. Сол сияқты бұрын жұрт арасында таралып келген, бірақ тиісті түрғыдан талдау жасалынбағандықтан, фактілерді ғылыми деп санауға болмайды. Біз бұл жерде өткен замандағы баланың мінез-қүлық, ақыл-ойы туралы мағлұматтардың пайдасы жоқ демейміз. Бірақ соларды ғылым дәрежесіне айналдыру үшін қазіргі бағыт тұрғысынан соларға талдау беру қажет екені жөнінде айтып отырамыз. Біз осыларды еске алып, қалайша жас және педагогикалық психология ғылым дәрежесіне айналады, осы үшін қандай ғалымдар еңбек сіңірді, соған көшейік.
Жас ерекшелік психологиясы ғылым ретінде қалыптасуына түрткі болған себептер
XIX ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пәннің қол астында болып келеді. Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп, соның бір атауына айналды. Бұған түрткі болған себептер мыналар: Ч. Дарвин (1809-1882) негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сүрыпталу заңдылығы; осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының epic алуы (Г. Гельмгольц), жүйке жүйесі жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И. М. Сеченов). Мұнымен қатар, жас психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына, біріншіден, әсер еткен балаға туғандардың күнделіктер жазып, соған талдау беруі; екіншіден, балалар психологиясын зерттеуде эксперименттер тәсілдерін кеңінен қолдануы әсер етті. Біз осыларға тоқталайық:
Ч. Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеу мен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген мағлұматтар бөбектерде кездесе ме және жануарлар балапаны мен баланың арасында ұқсастық бар ма деген мәселе көтерген. Оған орай Дарвин өз баласына күнделікті жазды. XX ғасырдың бас кезінде психологтар арасында бөбектерге күнделік жазу өpic ала бастады. Мысалы, сол кездерде немістің атақты психологы В. Штерн әйелімен бірлесе отырып, өз баласына ұзақ жыл күнделік толтырып, сол күнделіктің мазмұнының бірқатары басылып шығып, кейін дүние жүзі тілдерінің көпшілігіне аударылғанды. Сол кездегі жас психолог Ж. Пиаже бірнеше жыл баласына күнделік жазып, өз зерттеулерінде күнделіктегі фактілерге сүйенеді. Біздің елде тілші А. Н. Гвоздев сегіз жылдай өз ұлына күнделік толтырып, сондағы фактілерге сүйене отырып, «Орыс тілі грамматикасының балада қалыптасуы» деген кітап жазды. Бұдан ертерек кезде психолог Н. А. Меньшинская баласына бірнеше жыл күнделік толтырып, осы арқылы табылған фактілерді жариялады. Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар (ерлі-зайыптылар) өз баласымен қатар шипанзе маймылының күшігін асырап, бірге жатқызып, бірге тамақтандырып, ойындардың әр түрлеріне үйрететін болатын. Біздің елде Н. Н. Лодыгина-Котц Иони деген шипанзенің күшігін өз баласымен бірге төрт жылдай бағып, күнделіктер толтырып, кейін осыған негізделіп «Адамның және шипанзенің балалары» деген кітап жазды.
Бұл жүргізілген зерттеудің мақсаты маймылы қолдан адам қатарына айналдыруға болатынын не болмайтынын анықтау болса да, зерттеудің бұл түрі баланың психологиясы жануарлардың күшігінен өзгеше келетінін анықтау еді. Күнделік арқылы табылған фактілердің өз бала психологиясы туралы мәліметтер дамып, соған нәтижесінде бала психологиясының өзінше отау тігіп қалыптасуына ықпалын тигізді.
Мұнымен қатар XIX ғасырдың аяқ кезінде және осы ғасырдың бас кезінде бала психологиясын зерттеуде эксперимент кеңінен қолданып, осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне әсер етті.
Бала психологиясын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар
Бала психологиясын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А. Бине (1807-1911), В. Штерн (1871-1938), К. Коффка (1886-1941), Ж. Пиаже (1896-1980) болатын, бұлар экспериментті әр жастағы балаларға қолданды, осылардың ішінен баланың қалай есейетінін зерттеуге үлкен үлес қосқан А. Бине мен В. Штерн, Ж. Пиаже еді. Ж. Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісі шұғыл зерттеуге кірісті. Ұстаздың осы салаға сіңірген еңбегі сонша, оны осы жөніндегі зерттеулерін жер жүзі психологтарының көпшілігі қазірге дейін басшылыққа алады.
Ж.Пиаже Женева қаласындағы балалардың ой-өрісін білу жөнінде эпистемология дейтін ілімінің негізін салып, осы туралы БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО тарапынан эпистемология орталығын ұйымдастырып, содан зерттеу жүргізіп, өзінің осы жөніндегі қорытындыларын бірнеше тілде көп том етіп жариялады.
Шет елдегі жас психологиясы туралы мағлұматтарға көңіл бөлуге жоқ болғандықтан, біз үстірт қарастырып отырмыз. Кейбір мағлұматтарға карағанда балалар психологиясын зерттеу АҚШ-тағы Колифорния университетінің жанындағы психологиялық лабораторияда кеңінен дамыған. Бұлардың қолданатын зерттеу әдістерінің бірі - генетикалық тәсіл. Генетикалық тәсілді сол лабораторияда лонгитюд әдісі деп атайды. Бұл зерттеудің программасы көптеген жылдарға созылды. 1928 ж. бұлар 248 бөбекті /21 ай толғанда/ зерттеп, сосын оларға 18 жас, кейін 30 және 40 жас толғанда зерттеді. АҚШ-тың басқа бір қаласында баланы 18 жыл үздіксіз зерттеп, кейін осындай зерттеулер Англиядағы Оксфорд университетінде де зерттелген. Нәресте жасына орай жасалынған зерттеулер арқылы табылған кейбір эксперименттердің қорытындысы орыс тілінде аударылған Т. Баэрдың кітабында қамтылған.
Педагогикалық психологияның даму тарихы
Педагогикалық психологияның зерттеудің тарихына келсек, бұл туралы ізденулер XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап жүргізілді. Психологияның бұл саласының дамуына сол кездерде үлес қосқан К. Д. Ушинский (1823-1871) болатын. К. Д. Ушинский былай деген: «егер педагогика адамды әр жақты етіп, тәрбиелегісі келсе, оны ол барлық жағынан да жақсы білуі қажет». Психолог Т. Т. Тәжібаев (1910-1964) өзінің К. Д. Ушинский туралы монографиясында оның педагогикалық психологиясының негізін салған ғылымның бірі екенін дәлелдеп берді. П. Ф. Каптеров «Педагогикалық психология» деген оқулық жазып шығарды (1877). Бұдан соңғы кезде А. П. Нечаев (1875-1946), т.б. педагогикалық психологиясы тұрғысында алып қарап, ұғыну процестерін ассоциативтік (әсіресе ұқсастық ассоциациясы) тұрғысынан дәлелдеген болатын (1905 ж.).
Алғашқы кезде психологтар мен педагогтардың көпшілігі педагогикалық психологияның мәнін терең түсінбеген. Осылардың кейбіреулерінің (Ф. П. Каптеров, т.б.) айтуынша, педагогикалық психология мұғалімдерге көмекші ретінде арналған оқу қуралы болуы тиіс. Бұл құралда ірі психологтардың мұғалімдер қауымына арналған кеңестері мен өсиеттері қамтылуы шарт. Өзгерінің айтуынша (А. П. Нечяев, Н. Е. Румянцев), педагогикалық тәжірибе саласына арнап ешқандай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Педагогикалық психологияның мақсаты жалпы психологияның қол жеткен табыстарының оқыту, не тәжірибе жұмысына әкеп қолдану; егер біз осы дәрежеге жете алсақ деді олар, мектептегі тәлім-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоя аламыз. Бұл да қате пікір. Өйткені педагогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін осы жөнінде зерттеу жұмысын жүргізу қажет.
Мұнымен қатар сол кезде кейбір психологтар (А. П. Нечаев) педагогикаға қарсы шығып, мұның қағидалары өте дәрменсіз, мұғалім мен тәрбиешіге айтарлықтай көмегін тигізе алмайды. Сондықтан педагогиканы жоқ қылып, оның орнына эксперименталдық педагогика орнату керек деген. Сол кезде экперименталдық педагогика деп педагогикалық психологияны айтатынды. Осы ұсыныстар Бүкіл ресейлік педагогтар мен психологтардың 1906 жылдан 1916 жылға дейінгі болған съездерінде 10 рет күн тәртібіне еніп, осы туралы қаулы алынған болатын. Кейін болған өзгерістерге орай бұл қаулылар орындалынбай қалды. Осы пікір қате болып есептелінді. Өйткені педагогика мен педагогикалық психология белек, өзінше дербес ғылымдар. Сондықтан біреуінің ролін көтеру арқылы өзгесінің дәрежесін төмендетуге болмайды.
Осы соңғы пікір кеңес дәуіріне дейін (1925-1926 жж.-ға дейін) психологтар арасында таралынып келеді. Сол кезде П. П. Блонский педагогикалық психология мектеп тәжірибесіне тікелей байланысты болғандықтан, жалпы психологияның негізінде құрылуы тиіс деген. Оның айтуынша, психология педагогиканың негізі болуы үшін негізінде дербес зерттеу жұмысын жүргізудің қажеті жоқ, бұл тек жалпы психологияның жәйттерін мектептегі оқыту және тәрбие жұмысында қолдану керек делінген. Осы пікірге Л. С. Выготский қарсы шыгып, педагогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін жалпы психологияға негізделу жеткіліксіз, бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие жұмысында балалардың ұғыну не тілалғыш процесін зерттеп, осы арқылы табылған мәліметтерге оны негіздеу қажет деген.
Л. С. Выготский осындай дәлелдеді келтірерде мынадай дерекке сүйенді: жалпы психология - өзінше ғылымның бір түрі. Ал ғылым жетістігіне негізделе отырып, оқыту-тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес. Себебі пайданы не нәтиже: 1. көздеу тек ғылым жетістігіне тірелмейді. Өзінше сипаттағы ол бөлек салаға жатады. Выготскийдің соңғы пікірі өте құнды. Шындықты көздеу және пайданы көздеу адамның әртүрлі іс саласына жатады. Шындықты көздеу ғылымға жатады да, пайданы көздеу прагматикаға жатады. Сондықтан ұстаздың осылай деуінде үлкен мән бар.
Л. С. Выготский осы өсиетті шәкірттерінің еңбегінде басшылыққа алынып, педагогикалық психологияның өзіне тән заңдылықтары оқушылар мен ұстаздар іс-әрекетінде зерттелінетін болды. Бірақ осы идеяны іс жүзіне асыру көпке дейін созылады. Осының себебінің бірі мынадан: педагогика ғы- лымын сынға алушылар оны жоқ етуге жақындатып 30 жылдары біздің елде педология
Достарыңызбен бөлісу: |