4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы жиынтық бағалауға шолу
ТЖБ 10 сын қт
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І нұсқа Тыңдалым және айтылым Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] А мәтініҚазақстанның тұңғыш Президенті осы уақытқа дейін көптеген халықаралық бастамалар жасады. Осы негізде елде ірі халықаралық форумдар, ТМД, ШОС, ЕуроАзЭО ұйымдардың саммиттері өткізілді. Қазір бұл халықаралық құрылымдар өте танымал және сапалы жұмыс істеуде. Енді осы аталған халықаралық құрылымдардың барлығы дерлік Назарбаевтың бастамасымен, не оның қолдауы бойынша құрылып, жұмыс істеп тұрғаны жасырын емес. Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ-ға, 2011 жылы Ислам ұйымы конференциясына төрағалық етуі де Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың мойындағанын танытса керек. Ал ең бастысы, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық Ұлт көшбасшысы ретінде, тәуелсіздік тарихының бүкіл барысында Қазақстан қоғамын біріктіруші тұлға болғаны даусыз. Өзгелерге қызықты болатын тағы бір жай – адамзат тарихындағы ұлы көшбасшылар тарихын қарастыра салыстырар болса, Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы ретінде өзіндік ерекшелігі де көзге түсер еді. Айталық, ХХ ғасырдың саяси көшбасшылары өз мемлекеті мен ұлтына қатысты аса маңызды стратегиялық мәселелер шешкені және осы арқылы танымал болғаны белгілі. Рузвельт АҚШ-ты аса үлкен дағдарыс пен күйзелістен шығарды; Ататүрік Түркияны жаңаша даму жолына бұрды; Ли Куан Сингапурдың өзгелерден қара үзіп, дара шығуы үшін модернизациялауды жедел түрде енгізді. Енді Қазақстан дамуы мен Назарбаевтың қызметін салыстыра қарастырғанда, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-тарихи кешенді стратегиялық тапсырмалар жүзеге асып жатқанын көреміз. (201 сөз) А.Ескендіров «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабынан https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382 X жүктеу/скачать 80,28 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |