4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы жиынтық бағалауға шолу



бет3/10
Дата18.05.2023
өлшемі80,28 Kb.
#94503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ТЖБ 10 сын қт

Ә мәтіні


Шешендік сөздер белгілі бір ұйқаспен, ырғақпен айтылып, өз тыңдаушысы досына айтар нақты пікірді дұшпанына қатал зілділігімен көңілі күпті жанға медеу берсе, қас батырға ұран болатындай шапқанын қиып түсіретін алмас қылышай өткір болып келеді. Шешендік сөз жиын топтың алдында ауызша сөйлеп, белгілі бір істің шешімін табу болып табылады. Қасындағы адамдарға әсер етіп, құлақ құрышын қандыруды айтамыз. Өмір көші үдере алға тартып келе жатқан заманда халық ауыз әдебиетіміздегі ең бай мұрамыз шешендік өнер сөз басында айтып кеткенімдей Майқы би, Аяз би (XII-XIIIғғ.) одан кейіңгі Жиренше шешен Асан Қайғы (XIV-XVғғ.) мұраларымен дамып, толыға түсті. Жиреншенің айтқан нақыл сөзі:
Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен бірдей,
Шешесі өлген - ағар бұлағы суалғанмен бірдей...
Шешендік өнердің дамуын жыраулар шығармашылығынан бөліп қарастыра алмаймыз. Өйткені Шалкиз, Доспанбет, Бұқар жыраулар да өз үлестері қосқан.
Шешендік өнер тарихында алты алашты аузына қаратқан, үш жүздің сөз жүйіріктері - ұлы жүзде Төле би, орта жүзде Қазыбек би, кіші жүзде Әйтеке би - ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сөз зергерлері, ұлы тұлғалар десек артық айтпағанымыз. Осындай тапқыр ой, ұшқыр қиялға құрылған шешендік сөздеріміз ауыздан-ауызға тарап түп нұсқасынан өзгеріс тапса да бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Жалпы шешендік сөздің ең биігінде айтыс өнері тұрады. Қос ақынның айтқан жырлары жыраулардың толғауына ұқсас болып келеді. Қазіргі заманғы шешендік сөздеріміз былай ажыратылады: әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, академиялық шешендік сөздер, сот ісіндегі шешендік сөздер, әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендік сөздер.(222 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382


X


Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым


Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет