2-тапсырма Мәтінді тыңдай отырып , көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жазыңыз. [көпұлтты,тәуелсіз,сындарлы]
Қазақстан – көпұлтты, зайырлы, .......... мемлекет. [1]
Татулығы мен бірлігі жарасқан,әлемді аузына қаратқан .......... тәуелсіз мемлекетпіз. [1]
Оқылым
Ертеде мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз–ақ екен дейді. Қызы көрікті, асып туған перизат, ақылды, өнерлі болыпты. Әкенің ойы- қызын хан баласына немесе ақылгөй би баласына беру. Күндердің күні сол елге өзі сұлу, әнші, күйші, сегіз қырлы, бір сырлы. бір сері жігіт келеді. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Қыздың әкесі олардың қосылуына ризашылық бермейді. Соны білгендіктен, қос ғашық екі сәйгүлікке мініп, қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, Бурабайға келіп жетеді. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ, көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергесіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып сайрандайды.
Бұл кезде оларды қыздың ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыз ағалары қапы жібермейді. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді.. Өзін қайғымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады.Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты Жұмбақтас деп атапты.
(168 сөз) (Қазақ энциклопедиясы)
1-тапсырма. Мәтінді түсініп, мазмұнына сай ат қойыңыз
________________________________________________________ [1]
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша( ) сәйкестікті табыңыз
Екеуі көл бетіне
|
|
көк балаусадан қос тұрғызады
|
Хош иісі аңқыған жасыл жапырақ,
|
шығып сайрандайды
|
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |