Балл
|
Негізгі ойды ашуы
(5 балл)
|
Сөз қолданысы
(5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
|
Өте жақсы
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Жақсы
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Жақсы
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
3
|
Қанағаттанарлық
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын
ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Қанағаттанарлық
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
2
|
Төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
|
Төмен
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
|
1
|
Өте төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
|
Өте төмен
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
|