Бағалау критериі



Дата06.01.2022
өлшемі17,16 Kb.
#14994

7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

7.4.1.1.Жалағаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

Оқыған мәтіннен деректер келтіре отырып негізгі тірек сөздерді анықтайды; Екі проблемалық сұрақ құрастырады;

Мәтінді мұқият оқып негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз.

Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Тірек сөздер: ___________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Проблемалық сұрақ

1. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ДҰРЫС ЖАУАП

табиғат, Жер-Ана, табиғат құбылыстары;

Б) Жер өз осін қанша уақытта толық бір айналып шығады?

А) Физикалық құбылыстар дегеніміз не?

БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

Оқыған мәтіннен деректер келтіре отырып негізгі тірек сөздерді анықтайды; Екі проблемалық сұрақ құрастырады;

ДЕСКРИПТОРЛАР

ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ

Оқыған мәтіннен деректер келтіре отырып негізгі тірек сөздерді анықтай алады

1

Оқыған мәтіннен деректер келтіре отырып екі проблемалық сұрақ құрастыра алады



2

2. Мәтін мазмұны не туралы екенін көрсетіңіз.

А) Бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Ә) Табиғат туралы ауқымды ұғымды, әрі жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Б) Табиғат құбылыстары мен физикалық құбылыстарды астрономия ғылымымен, әрі физика заңдылықтарына сүйеніп түсіндіреді.

В) Табиғат пен адамның достығы туралы айтылған.

Дұрыс жауап саны: 2

Ә) Табиғат туралы ауқымды ұғымды, әрі жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Б) Табиғат құбылыстары мен физикалық құбылыстарды астрономия ғылымымен, әрі физика заңдылықтарына сүйеніп түсіндіреді.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

-өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талқылайды.

ДЕСКРИПТОРЛАР

ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ

мәтін мазмұны сипатталған екі сөйлемді табады;

2

Дұрыс жауап саны: 2



Б) Табиғат құбылыстары мен физикалық құбылыстарды астрономия ғылымымен, әрі физика заңдылықтарына сүйеніп түсіндіреді.

Ә) Табиғат туралы ауқымды ұғымды, әрі жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

3-тапсырма.

Мәтін ішінде кездескен аралас буынды сөзді тап.

А) Қыстыгүні

Ә) Көкшетау

Б) Жер-Ана

В) Астрономия

Ә) Көкшетау

БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

-үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуды біледі;

ДЕСКРИПТОРЛАР

ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ

аралас буынды сөзді табады;

1

Дұрыс жауап Көкшетау



4-тапсырма

Берілген сөйлемдерден шылауы бар сөйлемді табыңдар.

А) Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ә) Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты.

Б) Осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

В) Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.

Дұрыс жауап саны: 2

А) Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Б) Осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ

шылаулардың өзіндік ерекшелігін түсінеді;

ДЕСКРИПТОРЛАР

ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ

шылау сөздерді табады

2

5-тапсырма.



Орфорграфия бойынша қате жазылған сөзді табыңыз

А)бүрсігүні

В) тапқышсу

С) таңырқану

Д) жаннат

Е) күмәндәнгіш



-үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуды біледі;

орфографиялық;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет