«Бәйтерек» поэмасынан берілген мысалдарды көркемдегіш құралдармен сәйкестендіріңіз.
№
Көркемдегіш құралдар
Сәйкестендіру
Шығармадан мысалдар
Балл
1
аллитерация
А)Қарашы, шаңырағы жас қаланың,
Аспанның бұлтын серпіп тастағанын!
***
Мұхиттың аласұрған көк айдыны.
Тіршілік түзегенде көркін жаңа,
Сұрапыл соқпаса екен толқын жара.
1
2
эпитет
В)Туыңдай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге теңдігіңді.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!
***
Жұлдыздай туы қалған өліарада.
Бес жылда бой көтерген ғимараттар,
Жайнап тұр шомылғандай самалаға!
1
3
кейіптеу
С)Талпынған арманына еркін қала!
Жаһанның жанарында жаңа қала,
1
4
метафора
D)Жайнап тұр шомылғандай самалаға!
Жырламас ғажайыпты кім мұндағы,
Жеткенше сөздің дәмі, тілдің нәрі.
Алғысын жаудырады Елбасыға.
1
5
теңеу
Е)Өтінде арпалысқан өмір-майдан,
Бәйтерек – болашағың тамыр жайған.
1
6.Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз. 7. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында суреттелген тарихи тұлғалар, олардың тарихтағы орны туралы кестені толтырыңдар.
Тарихи тұлrалар
Ол туралы не білемін? Тарихта қандай істерімен қалды?
8. Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстырыңыз. (5-6 сөйлем) 9. Қ. Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романындағыСырымбатыр неліктен хандықбиліктенбастартудыұсынды?«Қысқа сөйлемдер» стратегиясын қолданып,жауаптарыңдыдәлелдепжазыңдар. 10. Сырымның:«Ел екенімізді білдіріп,ертеңгі күні өзіміз өткізгелі отырған ұлы жиынымызды өзіміз «Халық кеңесі» деп атайықшы осы! Атасына нәлет, «бетеге кеткенімен, белқалады; бектер кеткенімен, ел қалады»; хан қашқанымен, халық орнында ғой, әйтеуір! Сол халықтың бас қосқан ұлы жиынын неге «Халық кеңесі» атамасқа?! Халықтан ұлы не бар? Керек десеңіз, «Халық–құдайдың өзінен бір-ақ жас кіші!»демей ме, біздіңқазақ!»,–деген пікірімен келісесіңдерме? Ой-пікірлеріңді нақты деректерге сүйене отырып жазыңдар. Келісемін, өйткені
Келіспеймін, себебі
11. Тақырыптың бірін таңдап, шығарманы басқа да әдебиет үлгілерімен салыстыра талдап, сыни мақала жазыңыз. «РАФТ» әдісі 1. «Мәңгілік Ел белгісі – аспандаған Бәйтерек» (Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстырыңыз. )Автор стиліне сүйене отырып, сыни мақала жазыңыз
Рөл
Аудитория
Формат
Тақырып
Журналист
халыққа
Сыни мақала
«Мәңгілік Ел белгісі – аспандаған Бәйтерек»
2.«Тар кезең» романының әдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).Сөз саны-80-100сөз.