4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. Бжб №1



Дата27.10.2022
өлшемі20,8 Kb.
#45871
түріИнтервью
Байланысты:
БЖБ қазақ тілі, Абильдина Баян ,Кенжекөл ОМ


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. БЖБ №1
Оқу мақсаты 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық,
ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью)
мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді
 Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені
Елбасы 2018 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды. «Мен ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талап­тарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам» деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету - бұл біздің табыстарымыздың іргетасы және Қазақстанның одан әрі өсіп - өркендеудің шарты. Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 ші қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн - Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.

1. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер? _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________


2. Кестені толтырыңыз.

Көркемдегіш құралдар

Мәтіннен мысал

Қолданылу мақсаты

Эпитет







Метафора







Метонимия






3. Аралас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып, «Мен бейбітшілік жаршысымын» атты тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.



Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді

1

мәтіннің мақсатын анықтайды;

1

аудиториясын көрсетеді;

1

2

көркемдегіш құралдарды табады; эпитет
метафора
метонимия

1
1
1






көркемдегіш құралдар қолданысына түсінік береді; эпитет
метафора
метонимия

1
1
1

Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.

3

ойды дамытып жазады;
аралас құрмалас сөйлемді қолданады.

1
1

Барлығы







10


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет