4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі17,62 Kb.
#42714
  1   2
Байланысты:
4 бжб1


4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Білім алушының аты-жөні:--------------------------------------------------------------------





Бөлім/Тақырып:

«Ғарышқа саяхат»

Бөлімше:

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну.
2.1 Сөздік қорды толықтыру.

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаты

4.1.3.1 Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау.
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
• Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды.
• Сөйлеу барысында қарама-қарсы мағыналы сөздерді қолданады.

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тыңдалым
1. Мәтінді тыңдаңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.


Ай мен Күн
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі сұлу қызы болыпты. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға: «Мен сенен де сұлумын!» - дейді. Ал Айсұлу болса: «Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!» - деп таласады. Ақыр аяғында қатты ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлудың тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана далаға шығады. Ал өз қылығынан қатты ұялған Күнсұлу түн болғанда бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі көрмейді екен.

Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі неліктен көрмейді?


--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.

Айсұлу түнде ғана далаға шығады, өйткені-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Күнсұлу түн болғанда бұғып жатады, себебі ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет