4 тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата25.05.2023
өлшемі23,92 Kb.
#97220
түріИнтервью
  1   2
Байланысты:
4-тоқсан қазақ тілі. БЖБ.10-сынып


4 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты: 10.2.3.1. көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы * көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің
құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық
ерекшеліктерін талдайды
* сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана
біледі

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз


Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген. Олар:


а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.
1.Мәтінді талдаңыз:

  • Мәтіннің құрылымы:

  • Мәтіннің рәсімделуі:

2.Жанрлық ерекшеліктерін талдаңыз:





Стиль

Жанр

Тілдік ерекшелігі










3.Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін түсіндіріңіз.
А) Архитектура, сәулет өнері құрылысты жобалау салу оған көркемдік бейне беру өнері.

Ә) Бағаналар антаблементті арқалықты көтеріп тұрады. 


Б) Қадір-қасиеті еленіп, ел арасында «Екінші Мекке» атанған Түркістан қаласы тарихи сәулет ескерткіштерімен танымал. 

4 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты: 10.2.3.1. көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы * көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің
құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық
ерекшеліктерін талдайды
* сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана
біледі

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз


Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының аумағын кең көлемде жобалауға келіп ұштасып жатты. Сөз – кірпіш, жақсы сөйлем – композиция (үйлесімділік). Ал жеке оқиға (эпизод) – “ғимарат”, кітап тараулары – “көшелер”, роман – “қала” деп айтсақ, сәулет өнерінің әсем айшықтары мен мақсат-мұратын біршама көз алдымызға келтіруге болады. Ауызекі сөзді, жеке сөздерді әркім біледі. Ал кезінде жүйесін тауып айтылған шын асыл сөз, сындарлы сөйлем жүздеген, мыңдаған жылдар халықтың жадында қалып, талай ұрпақты тебірентері хақ. Таңдамалы сәулет өнерінің туындылары да саралы ой қозғайтын осы маржан сөздердей, көргенде ет-жүрегіңді баурап әкететіндей, деміңді ішіңе тартып көз алмай қарап қалатындай болуы тиіс. Еңселі ғимараттардың есіңді алар әсемдігі оның адам баласына тигізер пайдасымен сабақтасуы керек. Сазгерлер өз өнер шығармаларын тудыруда 7-ақ нота қолданады. Саз өнері көгінде Бах, Шопен, Штраус, Чайковский, Құрманғазы, Нұрғиса, Шәмші сынды ұлы тұлғалар туған. Сәулет өнерінде ертеден келе жатқан 1-ақ бастама нота бар. Ол – кірпіш (кірпіш модулі). Біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, гректік және римдік сәулет өнерінің тәжірибелерін жинақтаған “Сәулет өнері туралы он кітап” атты әлемге әйгілі трактат жазып кеткен римдік сәулетші әрі инженер Витрувий сонау антикалық дәуірде-ақ жақсы сәулет туындысының үш критерийін анықтаған. Олар: 1. Пайда. 2. Беріктік. 3. Әсемдік. Сәулетші өткенді еске алып, бүгінгіні жіті бағдарлай отырып, осы өнердің келешектегі Витрувий айтқан үш сынды биігін сезе алса ғана оның туындысы – архитектура, олай болмаса, онда ол – халтура. Мұның өлшемі – уақыт. Жақсы объекті – жүз жылдық, мың жылдық. Нашар объекті – бір күндік, бір жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады.


1.Мәтінді талдаңыз:



  • Мәтіннің құрылымы:

  • Мәтіннің рәсімделуі:

2.Жанрлық ерекшеліктерін талдаңыз:





Стиль

Жанр

Тілдік ерекшелігі










3.Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін түсіндіріңіз.
А) Осы орайда сәулет академигі Тоқтар Ералиевтің Бү­гінде ХХ ғасыр соңындағы қазақ­стандық сәулет өнері дегенде ойымызға Монтахаев келеді дегені кездейсоқ емес.
Ә) Сәулет ұлттық мәдениет жайлы сөзсіз сөйлеп, тілсіз баяндап бере алатын асыл қазына
Б) Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы 12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет