Талдауға әсер ететін факторлар
Жалпы кермектілікті анықтауға кедергі келтіреді: мыс, мырыш, марганец және көп мөлшерде көміртек қышқылды және екі негізді көміртек қышқылды тұздар. Кедергі келтіретін заттардың әсері анализ барысында жойылады.
Егер титрлеуге 0,05н 10 см3 көлемнен көп Трилон Б ерітіндісі жұмсалса, онда судағы кальций мен магнийдің иондары 0,5 мольден көп болғаны. Мұндай жағдайда судың мөлшерін азайтып және оны дистилденген сумен 100см3 дейін сұйылтып тәжірибені қайталайды.
Эквивалентті нүктедегі түстің анық емес өзгерісі мыс пен мырыштың бар екендігін көрсетеді. Кедергі келтіретін заттардың әсерін жою үшін зерттелетін суға алдын-ала 1-2 см3 натрийдің тиокарбаминатын қосамыз.
Егер өлшенген суға буфер ерітіндісін және индикатор қосқанда ерітінді біртіндеп сұр түс түзіп, мөлдірлене бастаса марганец бар деген сөз. Онда зерттелетін суға реактивтер қоспай тұрып, бес тамшы 1%-тік тұз қышқылды гидроксиламин ерітіндісін қосып, анализді жалғастырады.
Егер титрлеу эквивлентті нүктеде тұрақсыз және анық емес түс көрсетсе, ол судың сілтілігі жоғары болғандығына байланысты. Оның әсерін алынған су ерітіндісіне тұз қышқылын қосып, 5 мин бойы қайнатады. Осыдан соң буфер ерітіндісін, индикатор қосып, ары қарай кермектілікті анықтайды.
Талдауды орындау
Конустық колбаға 100 см3 (50 см3) немесе одан аздау мөлшерде фильтрленген зерттелетін суды құямыз. Ерітіндіге 10 см3 рН=10 тең буфер ерітіндісін қосып, 5-6 тамшы хром қара көк индикатор қосып, дереу 0,05 н комплексон ІІІ ерітіндісімен эквивалентті нүктеге дейін титрлейді (ерітінді түсі қызылдан көкке ауысқанша).
Есептеулер
Судың жалпы кермектілігін (K), моль/м3, мына формуламен есептейді
мұнда - комплексон ІІІ ерітіндісінің титрлеуге кеткен көлемі,см3;
k- комплексон ІІІ ерітіндісінің нормальдығына түзеткіш коэффициент;
V- зерттеуге алынған су көлемі,см3.
Кермектіліктің өлшем бірлігі
Мемлекет
|
Концентрация
|
Ресей
|
Германия
|
Англия
|
Франция
|
АҚШ
|
моль/л
|
ODH
|
OClark
|
OF
|
ppm
|
Ресей
|
Моль/л
|
1
|
5,61
|
7,02
|
10
|
100
|
Германия
|
oDH
|
1,178
|
1
|
1,25
|
1,78
|
17,8
|
Англия
|
OClark
|
1,143
|
0,80
|
1
|
1,43
|
14,3
|
Франция
|
OF
|
0,1
|
0,56
|
0,70
|
1
|
10
|
АҚШ
|
ppm
|
0,01
|
0,056
|
0,070
|
0,1
|
1
|
Өзіндік сұрақтар
Судың кермектілігі дегеніміз не?
Кермектіліктің қандай түрлері бар?
Қандай кермектілікті қышқылды-негіздік титрлеу арқылы анықтайды?
Кермектіліктің өлшем бірлігі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |