4-зертханалық жұмыс Тақырып. Суспензиялық культураларды алу әдістері Сабақтың мақсаты


Жасушаның өміршеңдігін және суспензия культураларының агрегация дәрежесін анықтау



бет3/5
Дата08.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#38676
түріСабақ
1   2   3   4   5
2. Жасушаның өміршеңдігін және суспензия культураларының агрегация дәрежесін анықтау
Жұмыстың мақсаты - жасушаның өміршеңдігін және суспензия культураларының агрегация дәрежесін анықтаудың әдісін уйрену.
Материалдар мен жабдықтар: темекі суспензиясы, 0,1% метилен көк немесе бейтарап қызыл ерітінді, пипетка, шыны таяқша, Горяевтың камерасы, микроскоп.
Жұмыс барысы: Суспензия препаратын дайындаңыз: суспензияны колбаға шайқаңыз, тамшуырмен аз мөлшерде алыңыз, суспензия тамшысын санау камерасына салыңыз, бояу тамшысын қосыңыз, жабын шынысымен жабыңыз, артық сұйықтықты сүзгі қағазымен алыңыз. Препаратты микроскопың кішкене үлкейткіші астына қойып, агрегаттағы 3 көріну сызығындағы жасушаларды санаңыз (кем дегенде үш препарат қараңыз).



Нәтижелерді кестеге жазыңыз.





Фракциялар

Препараттар

1

2

3

Көзмөлшер сызықтары

1

2

3

1

2

3

1

2

3

0 н

О н

О н

О н

о

О н

О н

О н

О н

Дара жасушалар




























Ұсақ агрегаттар 2-7




























Орташа агрегаттар 6-7




























Ірі агрегаттар 21-50




























Өте ірі агрегаттар 50 ден көп




























Ескерту: o - боялған жасушалар мен агрегаттар, н - боялмаған жасушалар мен агрегаттар.


Бір пепараттың суретін сал, суспензия жасушаларының морфологиясын сипаттаңыз (пішіні, мөлшері). Суспензияның агрегаттану дәрежесі (қандай фракциялар басым,%) және суспензияның өміршеңдігі туралы қорытынды жасау.


3. Фитогормондардың темекі клеткалары культурасындағы морфогенез бағытына әсері
Морфогенездің әртүрлі түрлері бар: соматикалық эмбриогенез және органогенез, олар өз кезегінде бағаналы, тамырлы және гүлді болып бөлінеді. Соматикалық эмбриогенез кезінде бағаналы жасушалардан сабақтар мен тамырлар пайда болатын биполярлық ұрық тәрізді құрылымдар түзіледі.
Морфогенезді әр түрлі факторларды қолдана отырып, каллустық тіндердің культурасына енгізуге болады: жарық, температура, қоректік ортаның құрамы және, ең алдымен, фитогормондардың қатынасындағы өзгерістер.
1955 жылы Скоог пен Миллер қазіргі кезде белгілі, жасуша мен тіндердің культурасындағы гормоналды реттеу туралы гипотезаны ұсынды: егер қоректік ортадағы ауксиндер мен цитокининдердің концентрациясы салыстырмалы түрде тең болса немесе ауксиндердің концентрациясы цитокининдердің концентрациясынан сәл асып кетсе, онда каллус түзіледі; егер ауксиндердің концентрациясы цитокининдердің концентрациясынан едәуір асып кетсе, онда тамырлар түзіледі; егер ауксиндердің концентрациясы цитокининдердің концентрациясына қарағанда әлдеқайда төмен болса, онда бүршік пен побег түзіледі.
Морфогенетикалық потенциалы жоғары каллустар әдетте күңгірт, жинақы, құрылымды, құрамында жасыл хлорофилл бар, олар морфогенез зоналары болып табылады. Кейіннен онда побег немесе регенерант-өсімдіктер пайда болады. Борпылдақ каллустар не органогенезге мүлдем қабілетсіз немесе олар тек тамырларды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет