Түтікті серіппесі бар манометрлер– деформациялық аспаптардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Ең сезімтал элементі болып бұндай аспаптардың бүгілген, бірақ дөңгеленген доға секілді және эллипстік бір шеті бекітілген, тікдоғалданып қиылысқан немесе дөңгелектене қиылысқан түтігі (Бурдон түтігі) табылады (3.4-сурет). Түтіктердің үшінші түрін легирленген қаңылтырдан жасайды және жоғары қысымды өлшеуге қолданады (98 мПА-жоғары).
Түтіктің бір шеті, қуысқа қосылу үшін неппелден жасалған резьбаға аяқталған, ұстағышқа бекітілген. Бұл жерде қысым өлшенеді. Ұстағыштың ішінде түтіктің іш-қуысын қосатын канал бар. Егер түтікке асқын қысымды сұйықтық, газ немесе пар жіберетін болсақ, онда түтік қисықтығы кішірейіп, ол түзетіле бастайды. Ал керісінше оны босататын болсақ, оның қисықтығы өседі, ал түтік оратыла бастайды. Дөңгелек емес көлденен қиманың оратылған түтіктің қасиеті, қысымның өзгеруі кезінде көлдеңнен қиманың майысу шамасын өзгертеді. Қысым әсерінен түтік ішінде элипстік және овалды қима, деформадияға ұшырай отырып, дөңгелек формаға жақындай бастайды, нәтижісінде бұл түтіктің оратылуына яғни дельта бұрыштық ығысуға әкеліп соғады.
Дөңгелек көлденең қималы түтіке ішінде эксцентристі канал арқасында асқын қысым түтіктің бос шетінің заглушкасына әрекет ете отырып, оның қисықтығын кішірейтетін момент туғызады. Бұл ығысу белгілі шекте өлшенетін қысымға пропорционал.Бос шеттің ығысуы белгілі шекке дейн қысымға пропорционал, яғни ∆=k*P. Әрі қарай өсу барысында сызықтық байланыс бұзылады – ығысу қысымның өсуінен жылдамырақ өсе бастайды. Трубка мен қысымның ығысуының сызықтық байлаыныс әлі де болса сақталатын шекті қысымдытүтіктің пропорционалдылық шек деп аталады Pn. Пропорционалдылық шек түтіктің маңызды сипаттамасы болып табылады.Қысымның пропорционалдылық шектен асуы кезінде түтік қалдық деформацияға ие болады, нәтижесінде түтік өлшеуге жарамсыз болып қалады. Қалдық деформацияның тууына жол бермеу үшін, жұмыс қысымының ең үлкен шамасын пропорционалдық шектен кем етіп тағайындайды. Және бұл екі шаманың қатынасы k қор коэфиценті деп аталады.Барлық жағдайда бұл коэфицент бірден аспауы керек. Түтіктің максималды үлкен мерзімге жарамдылығы үшін бұл коэфицент шамасы k=1,35-2,5 шегінде болғпн абзал.
Осыған сәйкес манометр шкаласын 3/4 және 2/3 арасында болатындай етіп тағайындайды.
Түтіктің ∆ қысым әрекетінен үлкею шамасы айтарлықтай ұлкен емес, сондықтан құрылғы конструкциясына қосымша механизм орнатылған. Ол түтіктің бос шетінің ығысу масштабын ұлғайтады. Манометр конструкциясы қосымша механизмімен бірге 3.5 суретте көрсетілген.
Мұндай манометрлерді 1000МПа қысымда жасайды.