245. 35 жастағы науқас сол жақ иық буынының ауырсынуына, иық қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Бір сағат бұрын далада әкетілген қолға құлаған. Оң қолымен сол қолын шынтақ буынынан сүйемелдеп жүр. Қарағанад: иық буынының деформациясы байқалады, белсенді қозғалыстар жоқ. Қолы сыртқа қарай әкетілген, осьтік жүктеме кезінде ауырсыну күшееді. Рентгенограммада сыну сызығы тоқпан жіліктің хирургиялық мойны аймағынан өтеді. Алғашқы дәрігерлік көмек? А)Крамер шендеуішімен сау жақ иықтан зақымданған жақтың саусақтарына дейін иммобилизация+ Б) Илизаров аппаратымен СКДО (ВКДО)
С) ауырсынуды басу
Д) ашық репозиция
Е) мамандандырылған клиникаға тасымалдау
246. Дәрігер қабылдауына оң жақ иығының дистальды бөлімінің ауырсынуына шағымданып науқас келді. Екі сағат бұрын шынтақ буынында жазылған қолына құлаған. Қарағанда: оң жақ білегі қысқарған. Шынтақ өсіндісі анық шығып тұр, иықтың артқы беткейінде ойық анықталады. Маркс сызығы бұзылған, шынтақ буынында белсенді қозғалыстар жоқ. Сүйек бөліктерінің сықыры анықталады. Болжамды диагноз? А) білектің шығуы Б) иықтың бұрушы бұлшықеттерінің зақымдалуы
С) оң жақ тоқпан жіліктің айдакршық арқылы жабық сынығы
Д) тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінің сынығы
Е) шынтақ буынын соғып алу
247. Науқас 50 жаста даладан жарақат алған. Құлаған кезде оң қолы әкету қалпында болған. Қарағанда: оң жақ иық буыны аймағында ісіну, деформация анықталады, қолдың осі өзгерген. Иығы сыртқа әкетілген қалыпта. Белсенді қозғалыстар жоқ, пассивті қозғалыс кезінде ауырсыну күшееді. Пальпацияда тоқпан жіліктің хирургиялық мойны тұсында патологиялық қозғалғыштық, сүйек бөліктерінің сықыры анықталады. Болжамды диагноз? А. иық буынын соғып алу
В. иықтың шығуы