Қолдың бұлшықеттері
бет 1/18 Дата 17.10.2023 өлшемі 8,78 Mb. #117071
Дайындаған:Абикенов Арнат Қол бұлшықеттерін олардың топографиялық жағдайы мен қызыметтерінің ерекшеліктеріне байланысты иық белдеуі бұлшықеттеріне және қолдың еркін бөлігнің бұлшықеттеріне бөледі. Еркін бөлік бұлшықеттерінің ішінен иық , білек және қол басы бұлшықеттерін бөледі. Дельтатәрізді бұлшықет (m. deltoideus) Қылқанүсті бұлшықеті (m. supraspinatus) Жауырынның қылқанүсті шұңқырын толтыра , траперциятәрізді бұлшықет астында орналасады. Басталуы: Қылқанүсті шұңқырының беті. Бекітілуі: Тоқпан жіліктің үлкен төмпешегінің жоғарғы алаңы иық буынының қаптамасы. Қызыметі: Иыұты әкетеді (көтереді), иық буынның қаптамасн кері тартады. Қылқанасты бұлшықет (m. infaspinatus) Дельтатәрізді және траперциятәрізді бұлшықеттермен жартылай жабылған. Басталуы:Жауырынның қырасты шұңқырының қабырғалары. Бекітілуі: Иық сүйегінің үлкен төмпешегінің ортанғы алаңы иық буынының қаптамасы. Қызыметі: Иықты сыртқа және иық буынының қаптамасын тартып тұрады. Кіші дөңгелек (жұмыр) бұлшықет (m. teres minor) Төменнен қырасты бұлшықетке бітіседі. Басталуы: Жауырынның артқы бетті қырасты бұлшықеттен төмен. Бекітілуі: Тоқпан жіліктің үлкен төмпешегінің төменгі алаңы , иық буынның қаптамасы. Қызыметі: Иықты сыртқа бұрады , иық буынның қаптамасын тартып тұрады. Үлкен (жұмыр) дөңгелек бұлшықет (m. major) Арқаның жалпақ бұлшықеттіне толық беттеседі. Басталуы: Жауырынның артқы бетінің төменгі бұрышына жақын. Бекітілуі: Тоқпан жіліктің кіші төмпешегінің қылқанына. Қызыметі: Иықты ішке бұрады , қолды артқа және медиалді қозғалтады. Достарыңызбен бөлісу: