41. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мен мәдени нысандар


Қазақстан КП ОК «ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы (1947 ж.) және оның салдары



бет7/7
Дата03.12.2022
өлшемі31,1 Kb.
#54570
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
41-50

50. Қазақстан КП ОК «ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы (1947 ж.) және оның салдары
Oтқа май құйған 1947 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан К(б)П ОК-нің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателері туралы» №39-ыншы қаулысы болатын. Бұл саяси науқан тікелей «Қазақ КСР тарихының» тағдырын шешу мақсатында басталғанға ұқсайды. 1947 жылдың 9 қаңтарында М. Әуезов «Молдо Клыч – первый акын-писатель» тақырыбы бойынша филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғау мақсатындағы, ізденуші Саманчин Ғазабектің диссертациялық жұмысына пікір береді. ҚКП ОК хатшысы Жұмабай Шаяхметов қол қойған жоғарыда атап өткен қаулыда Ә. Мәметованың «Қазақ билерінің шешендік тілі» диссертациялық жұмысы мен «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томының қолжазбасы (М. Әуезовтың жалпы редакциясымен) бойынша тарихтағы халық бұқарасын тұншықтырған белгілі бай-шонжарлар, билерді (Кеңгірбай, Шорман сияқты) халық данасы және оның қорғаушысы етіп көрсеткені үшін сын тағылады. Сол сияқты М. Әуезовтың жазған шығармаларының мазмұны бойынша, оған буржуазиялық-ұлттық идеологияны насихаттаушы ретінде айып тағылды. 1947 жылғы «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабаршысының» наурыз айындағы 3-інші нөміріне Қазақстан К(б)П ОК хатшысы Жұмабай Шаяхметовтың Алматы қаласында өткен Республиканың ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлерінің жиналысында оқыған, «Идеологиялық майдан қызметкерлерінің жауынгерлік міндеттері» атты баяндамасы жарияланады.
Қазақ тарихындағы ең ауыр трагедия саналатын осы қуғын-сүргін саясаты ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында жаңа сипатқа ие болды. Бұл жылдары саяси қуғын-сүргіннің нысанына әдебиет пен мәдениет саласының ірі өкілдері ілінді. ХХ ғасырдың 40 жылдарының екінші жартысында әдебиет пен мәдениет, өнерге қатысты қабылданған партиялық қаулы-қарарлар қоғамдық ғылым салаларының, әсіресе әдебиетші, тарихшы ғалымдарға қарсы жасалған ашық майдан еді. Қандай да болмасын ғылым саласы мен көркем шығармалардан ұлтшылдық пен буржуазиялық ауытқушылық сипатындағы қателіктер қазбалаған идеологиялық қыспақ өрістей түсті. Нақтылап айтсақ, 1947 жылы 21 қаңтарда шыққан ҚК(б)П ОК«Қазақ ССР Ғылым академисының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» № 39 Қаулысы шықты. Қаулы аясында Ә. Мәметованың «Қазақ билерінің шешендік сөздері» деген тақырыптағы диссертациялық жұмысында қазақтың бай-феодалдары, билері: Кеңгірбай, Қараменде, Шорман және т.б. бұқара халықтың рухани көсемі ретінде сипатталған деген айып тағылды. Қаулыда басты нысанаға әлі баспаға жіберілмеген, жалпы редакциясын М. Әуезов басқаратын «Қазақ әдебиетінің тарихының» қолжазба нұсқасы нысанаға алынды. Осы қаулы шығысымен-ақ саяси қуғындаудың жаңа кезеңі белең алып, ұлт зиялыларын қудалау, соттау науқанына ұласты. Базар, Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров тәрізді Қазақ төңкерісінен бұрынғы қазақ әдебиетінің өкілдерінің мұралары буржуазиялық-ұлтшылдық, феодалдық раекциялық саныдағы шығармалар ретінде сипатталды. Жала жабушылар М. Әуезовтың «Абай жолы» романына да ауыз салды. Аталмыш мәселе турасында сын пікірлер баспасөз бетінде қоғамдық пікір тудырып, партиялық талқылауларға ұласты. Бұның бастауында сол кездегі ҚК(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметовтың Алматы қаласында зиялы қауымның алдында жасаған «Идеология майданындағы қызметкерлердің айбынды міндеттері» атты баяндамасы тұрды. 1947 жылы 14 наурызда «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған Сақтаған Бәйішевтің «Профессор М. Әуезов өткендегі қателіктерінің шырмауында» атты мақаласында: «Соңғы 15 жылдың ішінде жазғандардың бәрі «Айман-Шолпан», «Хан Кене» пьесаларынан бастап, ең соңғы жазып жүргені «Абай» романына дейін – ескі тақырыпқа арналған» деп қаламгердің қазақ әдебиеті тарихына, абайтануға байланысты жазған ғылыми-зерттеушілік еңбектерімен қоса көркем шығармаларын да жоққа шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет