45.Екінші дүниежүзілік соғыста партизан қозғалысына қатысқан қазақстандықтар ерліктері Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысы (1941-45) – совет халқының КСРО территориясын уақытша басып алған фашист басқыншаларына қарсы күресі. БК(б)П ОК партизан қозғалысына бағыт беріп, жау тылында жұмыс істеуші жергілікті партия ұйымдарына басшылық етті. Партияның ОК мен КСРО Халкомсовы 1941 ж. 29 маусымдағы Қарарында және БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың, астыртын жұмысын жүргізудің бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 ж. күзінде жау басып алған жерлерде партияның 10 астыртын облыстық, 260 округтық, қалалық, аудандың комитеті, ал 1943 ж. 24 астыртын облыстық, 370-тен аса округтық, қалалық, аудандық комитеттері, 2 мыңға жуық астыртын комсомол ұйымы, комсомолдың 12 облыстық, 280-нен аса аудандық, қалалық комитеттері жұмыс істеді.
Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерден құралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында зор рөл атқарды. Партизан қозғалысының бүкіл халықтық, интернационалдық сипат алды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген өкілдердің өкілдері болды. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды.
46.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ғылымы, мәдениеті және халыққа білім беру ісінің даму ерекшеліктері Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.