Тері қабаттарында энтеровирус қандай өзгерістер тудырады: жәншау немесе қызамық тәрізді бөртпе
Энтеровирустық инфекцияның паралитикалық түрі полиомиелиттен немен ерекшеленеді: жеңіл өтеді және тұрақты салдану қалдырмайды
Жазда саяжайға шығарылған балалар үйінің кіші тобының баласы қатты ауырып қалды: Т-38,2 ºС, жағдайы зардап шеккен жоқ. Топта 5 күн ішінде қызба аурулары анықталғаны белгілі. Баланы оқшаулады. Ауруының 2-ші күні дене қызуы 37,5 ºС дейін төмендеді, бала енжар, тамақтан бас тартты. Тері жамылғысы таза, аранының кілегей қабаты гиперемирленген. Алдыңғы таңдай доғаларында, жұмсақ таңдайда көпіршіктер табылды. Аурудың 4-ші күні температура қалыпқа келді, бірақ везикула анықталады. Келесі күндері везикулдар жарылып, одан кейін гиперемирленген тәжі бар үстіңгі эрозияны қалдырды. 7-ші күнге аранның кілегей қабаты таза. Басқа мүшелерде патология табылған жоқ. Сіздің диагнозыңыз: энтеровирусты инфекция, герпетикалық баспа
Коксаки В тобындағы вирустар жүрек қан-айналым жүйесі жағынан қандай өзгеріс тудырады: миокардит және энцефаломиокардит
Полиомиелит кезінде байқалады: салдану
Полиомиелиттің жұлындық салдану белгісі болып табылады: атония
Полиомиелит жұлындық түрі кезіндегі бұлшықет тонусы: төмендеген
Полиомиелит жұлындық түрі кезіндегі сіңір рефлексі: болмайды
Полиомиелит жұлындық түрі кезіндегі салдану ошағының зақымдану орны болып табылады: жұлынның алдыңғы мүйізі
Полиомиелит диагнозын нақтылау үшін қолданылады: ликвор флорасы
Полиомиелит менингеальды түріндегі жедел кезеңде жұлын ми сұйықтығында анықталады: лимфоцитарлы плеоцитоз