шектен тыс қатыгездiк жасауы • Шоқанның ғұмырының соңғы жылы өткен жер: Тезек сұлтан ауылы • Шоқан Уәлиханов қайтыс болған уақыт: 1865 жыл • Ш. Уәлихановтың ескерткішін жасаған: саяси жер аударылып келген поляк революционерi Лепольд Ластовский жергiлiктi мәрмәр тастан қашап жасады • «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды» деп
жазған: шығыстанушы ғалым Н. И. Веселовский • Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес
қосқан ғалым: Ш. Уәлиханов • «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделiктерi», «Үлкен орда қырғыз-
қайсақтары туралы» еңбектерінің авторы: Ш. Уәлиханов • Шоқан Уәлихановтың есімі берілген жоғарғы оқу орны: Көкшетау мемлекеттік университеті • Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері:
Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасалған экспедицияға қатысты Қырғыздардың тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысты Орыс географиялық жұмысына белсене араласты 1858–1859 жылдары Қашғарияға сапар жасады Шығыс елдерінің қолжазбасын зерттеді Петербургте әртүрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді Мұрағат деректерін жинастырды &49-50. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері • Ыбырай Алтынсарин дүниеге келген уақыт: 1841 жыл • Ыбырай Алтынсарин дүниеге келген жер: Қостанай облысы аумағы • Белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршының қолында тәрбиеленген: Ыбырай Алтынсарин • Ыбырай Алтынсарин Орынборда оқып жүргенде танысқан белгілі ғалым: В.В. Григорьев • Ыбырай Алтынсарин В.В. Григорьевпен танысқан қала: Орынбор • Ыбырай Алтынсариннің өмірлік кредосына айналған жағдай: бiлген үстiне бiле түссем деген