№45 (10644) 7 қараша жұма 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6128
1   2   3

Алтынгүл АХТАЕВА,

Ақши ауылдық кітапханасының

 кітапханашысы.     

Жаяу  Мұса  атындағы  балалар  өнер  мектебінің  ұстаздарының  құрастыруымен 

«Баянауылдың  əнші-сазгерлері», «Баянауыл,  басың  биік»  атты  екі  бөлімнен 

тұратын əдістемелік құрал жинақталды.

Кітапшаға  Р.Зайытовтың  сөзіне  жазылған  «Каспий»  тобының  орындауындағы 

Лұқпан  Жолдасовтың  «Баянауыл»,  Н.Тілендиевтің  «Баянауыл  вальсі»,  жергілікті 

өнер саңлақтары Ж.Мұса, С.Кəрімбаев, Ж.Шəймерденов, З.Солтанбаев, А.Баязитов, 

Ж.Мұқанов,  Қ.Шəймерденованың  жəне  өнер  мектебінің  мұғалімдерінің  əндері 

енгізілген.  Бұл  топтаманың  авторлары:  В.Шəймерденова,  Б.Шайхина  жəне 

Е.Доляк. 

Өкінішке орай, бұл əдістемелік құралды ұжым қаржы болмағандықтан жарыққа 

шығара  алмай  отыр.  Демеп  жіберетіндер  табылып  жатса,  нұр  үстіне  нұр  болар 

еді. 

Тағы  бір  айтатын  мəселе    -  құрастырылған  құрал XIX ғасырдың  ортасындағы 



ұлы  өнер  майталмандары  Жаяу  Мұса,  Жарылғапберді,  Қали  Байжанов,  Жабай 

Тоғандықов т.б. бүгінгі күннің əнші-композиторларымен үні жалғасып отырғаны 

құптарлық-ақ. Өйткені, жастар оны білуге тиіс. Насихатталу да керек. 

Тіпті, Баянауылда туған жер туралы балалар арасында əн жарысы өткізіліп тұрса 

да артық болмас еді. 

А.ЛЕКЕРОВ.

Өнер мектебi құрастырған əндер топтамасы 

Мəдениет

Серiк ағай – балалардың досы

Жақында  біз  Қазақстан  тарихы  пə-

нінен  қазақ-жоңғар  қатынасы  туралы 

қызықты 

тақырыпты 

меңгердік. 

Оқыған  тақырыбымызды  одан  əрі 

игеру  үшін  ұстаздарымызбен  бірге 

өлкеміздің  бірқатар  тарихи  жерлерін 

араладық.  

Саяхатымыз  Сабындыкөл  жаға-

сындағы  үш  жүздің  басын  қосқан 

əйгілі Абылай ханның көк жартасына 

барудан  басталды.  Тарих  пəнінің 

мұғалімі  Е.Рақымтаев  Абылай  хан 

жөнінде  тараған  көптеген  аңыз-

əңгімелер  мен  əйгілі  хан  бабамыздың 

Саяхат сабағы

қазақ  тарихындағы  ал-

ған  орны  жайлы  біраз 

деректерді баяндады. 

Сонымен  қатар,  қазақ 

жерін 


сыртқы 

жаудан 


қорғаған 

батырлар 

ту-

ралы  да  əңгімелеп  бер-



ді. 

Баянауыл 

өңірін 

жоңғарлардан  азат  етуде, 



үлкен 

ерлік 


көрсеткен 

батыр 


бабаларымыздың 

бірі - Жасыбай батыр.

Біз 

бабамыз 


жатқан 

асуға  барып,  оған    құр-

ан  бағыштап,  мола  басын  күл-қо-

қыстардан  тазарттық.  Ұстазымыз 

Жасыбай  батырдың  өшпес  ерліктері 

туралы  айтып, «Ер  Жасыбай»  даста-

нын оқып берді.

Біз  саяхат  сабағы  арқылы,  қазақ-

жоңғар  заманында  өшпес  ерлік 

көрсетіп қаза тапқан,  ардақтыларымыз 

жөнінде  тың  мəліметтерді  білдік. 

Келешекте  осындай  пайдасы    зор 

саяхат  сабақтары  əр  сыныптарда  

ұйымдастырылса екен дейміз.



Лаура СЫЗДЫҚОВА,                                                                                                 

Баянауыл жалпы орта білім беру

 мектеп-интернатының оқушысы.

 

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: БАЯНАУЫЛ 

АУДАНЫНЫҢ ƏКІМДІГІ.

МЕНШІК  ИЕСІ: «БАЯНТАУ» 

ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ 

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. 

БАС РЕДАКТОР

Ш.Д.ШАЛБАЙ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Баспа индексі 140300.

Павлодар облысы, Баянауыл 

ауылы, Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Газеттің нөмірі «Баянтау» редакциясында компьютермен теріліп, 

беттеледі.

Телефондар: 9-15-50 (Бас 

редактор), 9-20-24 (факс)

Қазақстан  Республикасының  Мəдениет,  ақпарат  жəне  қо-

ғамдық  келісім  министрлігінің  бұқаралық  ақпарат  құралын 

есепке  қою  туралы 2002 жылы 29 тамызда  №3255-Г  куəлігі 

берілген.

Газетті  есепке  қою  туралы  Қазақстан  Республикасының 

Мəдениет  жəне  ақпарат  министрлігінің  №7250-Г  куəлігі 2006 

жылғы 18 мамырда берілген.

Алғашқы  есепке  қою  кезіндегі  нөмірі  мен  мерзімі  №64-

09.10.1990 ж.

Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігі  Павлодар  

облысының  Əділет  департаменті  Баянауыл  ауданының  Əділет 

басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2012 

жылғы 21 желтоқсандағы №190-1945-04-ЖШС куəлігі берілген.

Павлодар қаласында, ЖШС «ДОМ ПЕЧАТИ» баспаханасында 

басылады. Ленин көшесі, 143 үй.

Автордың 

пікірі 

редакция 

көзқарасына  сəйкес  келе  бермеуі 

мүмкін.  Мақалада  көрсетілген 

аќпараттар 

мен 

деректерге 

авторлар  жауап  береді.  Жарнама 

материалдарының 

мазмұнына 

берушілер жауап береді. Редакция 

оқырмандардан  түскен  барлық 

хаттарға  тегіс  жауап  беруді 

міндетіне 

алмайды. 

Хаттар, 

қолжазбалар  рецензияланбайды 

жəне қайтарылмайды.

Газет аптасына бір рет, жұма 

күні шығады.

ТАРАЛЫМЫ: 1800. 

Тапсырыс

№45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл                                                  БАЯНТАУ

6

***


С.Торайғыров  атындағы  аудандық  мəдениет  үйінде  «Құтқарушылар  күніне»  арналған 

мерекелік  бағдарлама  өтті.  Бұдан  бұрын  аудандық  төтенше  жағдайлар  бөлімі  мен  судан 

құтқару тірегі, мектеп ұжымдары алдын-ала дайындалып, құтқарушы қызметкерлер білім 

ошақтарында оқушылармен кездесіп, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы 

бірқатар жұмыстар жүргізген болатын. 

Сонымен  бірге,  Ш.Айманов  атындағы  гимназия  мектебінің,  З.Ақышев  атындағы  орта 

мектептің, мектеп-интернаттың, «Жас дəурен» орталығының тəрбие ісінің меңгерушілері, 

мұғалімдері  мен  тəрбиешілері  өз  мектептерінде  сыныптар  арасында  тақырыптық 

шығармалармен  суреттер  сайысын  ұйымдастырған  еді.  Сол  сайыстарда  «Үздік»  деп  

танылған жұмыстар мерекелік шара күні аудандық мəдениет үйінде көрмеге қойылды. 

Төтенше жағдайлар бөлімі мен судан құтқару тірегінің қызметкерлері өз қаржысына «Жас 

дəурен» орталығының осы маусымдағы 125 тəрбиеленушісіне тəтті базарлықтар алып, ата-

ана қамқорынсыз қалған балаларды қуантты. 

Ал,  аудандық  мəдениет  үйінің  көркемөнерпаздары  мен  Ш.Айманов  атындағы  гимназия 

мектебінің,  З.Ақышев  атындағы  орта  мектептің  оқушылары  бұл  күні  концерттік 

бағдарламалар ұсынып, көрермендердің ықыласына бөленді.  

Құтқарушылардың  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  жұмысына  орасан  көп  көмек 

көрсетіп  жүрген  мектеп  ұстаздары  мен  тақырыптық  шығарма  мен  суретте  сайысында 

жүлделі  орындарға  ие  болған  мектеп  оқушылары  аудандық  білім  бөлімінің,  төтенше 

жағдайлар бөлімінің марапаттарына ие болды. Мерекелік шарада аудан əкімінің орынбасары 

А.Дəулетқалиев  пен  төтенше  жағдайлар  қызметінің  ардагері,  зейнеткер  Ж.Жанайдаров 

құттықтау лебіздерін білдірді.

Мұндай  шаралардың  өткізілуі  жай  ғана  концерт  пен  көрмені  тамашалау  емес,  халық 

арасында  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу,  қауіпсіздік  мəдениетін  қалыптастырудағы 

тəрбиелік мəні зор іс-шара. Осы шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне қолғабыс 

еткен азаматтарға алғысымыз мол.



С.ДЖАНКУЛОВ,

 аудандық судан құтқару тірегінің жетекшісі. 

***


Төтенше  жағдайда  ауа  райының  ыстық-суығына  қарамастан  тосын  оқиға  болған  жерге 

бірінші жетіп, қол үшін беретін ол əрине, батыр да батыл құтқарушыларымыз екені бəрімізге 

мəлім.

Құтқарушылар  күнінде  ауданымызда  бірқатар  іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Сондай 



шараның бірі Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернатында өтті. 

Сыныптарда  тəрбиешілердің  ұйымдастыруымен  «Құтқарушылар - біздің  досымыз» 

атты сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар еңбек сабақтарында ұстаздары 

Ж.Сабданбеков,  Ш.Қамаш  жетекшіліктерімен  қағаздан,  ағаштан  əртүрлі  макет,  қолөнер 

бұйымдарын жасады.

Сонымен  қатар,  Баянауыл  ауданының  төтенше  жағдайлар  мекемесінің  мұрындық 

болуымен  оқушылар  арасында  көркем  шығарма,  сурет  байқауы  ұйымдастырылды.  Бұл 

байқаудың нəтижесінде шығарма сайысы бойынша I орын 11-сынып оқушысы А.Ахмади, 

II-III орынды 9-сынып оқушылары Қ.Қабен пен Қ.Мұратова алды. Сурет сайысы бойынша I 

орын 10-сынып оқушысы А.Жөкен, II орын мен III орынды  8-сынып оқушылары А.Мейрам  

мен  М.Абылқас  иеленді.  Жүлделі  орын  алғандарға  Баянауыл  ауданы  төтенше  жағдайлар 

қызметінің  өртке  қарсы  бөлімінің  басшысы,  подполковнигі  Т.Ахметов  мақтау  қағаздарын 

табыстады.  Сонымен  бірге,  мерекелік  шараны  өткізуге  атсалысқан  Ж.Қошановты, 

Д.Құрманжанованы, Г.Əбдіғомарды, Е.Рақымтаевты, Ш.Қамашты Баянауыл аудандық білім 

бөлімінің басшысы Р.Жантілиев алғысхаттарымен марапаттады.

Е.РАҚЫМТАЕВ,

БЖОББМИ-ның география 

пəнінің мұғалімі.

Ш.Айманов  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін 

қазақ  гимназия  мектебінде  екі  жылдан  бері  «Жас 

құтқарушылар»  клубы  жұмыс  жасап  келеді.  Аталған 

клуб  мектепте  өмір  қауіпсіздігі  негіздерін  тереңдете 

оқытуды,  құтқару  ісінің  негіздерін  білу,  төтенше 

жағдайларды  жою  бойынша  білік-  дағдыларын 

қалыптастыру,  сонымен  қатар,  төтенше  жағдайлар 

кезінде  зардап  шеккен  адамға  алғашқы  көмек  бере 

білуді негізгі міндетіне алған.  

Жақында 

мектебімізде 

құтқарушылар 

күніне 


байланысты  бірқатар  шаралар  өткізілді.  Аталған  іс-

шарада  онлайн  жүйеде  оқушылармен  «Балалардың 

жарақат  алуларының  алдын  алу», «Табиғи  апаттар 

кезіндегі қауіпсіздік шаралары» бағытында əңгімелесу-

лер  жүргізілді.  Оған  қоса,  аудандық  ТЖБ  қызметкерлерімен  «Өрттен  сақтан!», «Төтенше 

жағдайлардың  алдын-алу»  тақырыбында  кездесу  өтті.  Мектебіміздің  медбикесі  «Қауіпті 

жағдай кезінде жарақат алғандарға алғашқы медициналық жəрдем көрсету» тақырыбында 

1-4 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізді.

Сондай-ақ,  ТЖБ-нің  қызметкері  Джанкулов  Саит  Бектайұлы  оқушылармен,  мектеп 

ұжымымен  «Азаматтық  қорғау», «Апаттардың  алдын-алу»  жəне  «Қауіпсіз  қоғам  құру 

мəдениеті» тақырыбында дəріс оқып, слайд көрсетті.

Құтқарушылар  күніне  арналған  мерекелік  шарада  мектебіміздің  «Жас  құтқарушылар» 

клубының мүшелері 8-сынып оқушылары Тұрсын Жазира, Құсманова Диляра, Мақажанов 

Дастан, Бектасова Дария, Мүбарак Дариға, Қабылқайыр Дəулет, Ғайниден Жалғас, Сəрсенбай 

Жансая, Ерсін Кəмила, Арғынбай Азамат, Абай Мадияр өз өнерлерін ортаға салды. Бейнелеу 

өнері  пəнінің  мұғалімі  Т.Ықыласов  сол  шарада  көрме  ұйымдастырды. «Барлық  қауіптен 

абай бол!» атты сурет көрмесінде  7 «а» - сыныбының оқушысы Төлегенова Аяулым жəне 

5-сынып оқушысы Шакрат Артоты бірінші орынға ие болды. 6-сынып оқушысы Тілеубай 

Кəмила  І  орынды  алса, 7 «а» - сынып  оқушысы  Сағымбекова  Дəметкен, 5 «а» - сынып 

оқушысы  Таштаев  Аян, 5 «б» - сынып  оқушысы  Қыстаубай  Əділ,  Ақмырза  Бекболат  ІІ 

орынға ие болды.  Ал, Файзолла Аружан, Ахмет Ержігіт, Дулатов Баянбектер ІІІ орынды 

жеңіп алды. Жеңімпаздарға ТЖБ-нің басшысы мадақтамалар табыс етті.

Сондай-ақ, шығарма сайысында  5 «а» - сыныбының оқушысы Əбдіғомар Дариға, 7 «а» 

- сыныбының оқушысы Айым Жарқынбекқызы, Мазанова Шəмшия, 10 «а» - сыныбының 

оқушысы Кенжебек Дана, 7 «б» - сыныбының оқушысы Əбдіғомар Рауан І орын алса, 7 «б» 

- сыныбының оқушысы Байділда Сəнім, 7 «а» - сыныбының оқушысы Төлегенова Аяулым, 

8-сынып оқушысы Айтан Арнұр, 9-сынып оқушысы Шəйкенова Нұрсауле, 5 «б» - сынып 

оқушысы  Файзолла  Аружан  ІІ  орынға  ие  болды., 7 «а» - сыныбының  оқушысы  Тұрсын 

Жалғас, 10 «б» - сыныбының  оқушысы  Сламбек  Айғаным  ІІІ  орынды  иеленіп,  мақтау 

қағазымен марапатталды.

Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен мектебіміздің бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі 

Т.Ықыласов, «Жас құтқарушы» үйірмесінің жетекшісі Н.Сенбин тəрбие ісінің меңгерушісі 

Е.Мергенбайқызы марапатталды.

Е.САЛЫҚОВА,

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім  беретін қазақ гимназия мектебінің 

тəрбие ісінің меңгерушісі.

ОБЬЯВЛЕНИЕ

  Оптика г.Павлодар будет работать в п.Баянаул 10 ноября с 10-00 

до 18-00, по адресу ул.Сатпаева 43 (аптека возле банка). 

Очки для чтения, очки для дали. Изготовление, мелкий ремонт.

Тел. 8-705-454-57-44.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАНДАР

Хабарландыру

Жылы,  əрі  жайлы  «Мерседес  Спринтер»  шағын  автобусымен  жолаушылар 

тасымалы. 19 жолаушы  орыны.  Баянауылдан – Павлодарға  сағат 06.00-де, 

Павлодардан – Баянауылға сағат 14.00-де. 

Күн сайын. Билет бағасы – 1000 теңге. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жол 

ақысы тегін. Қала жəне қаларалық. Ұйымдарға қызмет көрсету, коорпоративтік 

жиындар, тойлар, делегациялар жəне тағы басқа қызмет түрлері. 

Байланыс телефоны: 8-777-866-56-84. Жанболат.

Былтырғы жылы Ұлы Отан соғысындағы 

Жеңістің 70 жылдығына дайындық аясында 

«Павлодар облысының мəдениет, мұрағаттар 

жəне  құжаттама  басқармасы»  мемлекеттік 

мекемесі  тарапынан 2015 жылы  жарыққа 

шығатын 1945-1947 жылдары  майданнан 

аман-есен оралып, соғыстан кейінгі бейбіт 

уақытта ауданның елді- мекендерінде еңбек 

еткен  ардагерлеріміз  туралы  мəліметтерді 

қамтыған  «Жеңімпаздар» («Победители») 

атты  Естелік  кітабы  жарыққа  шығады  деп 

жоспарланған. 

Осыған 


орай 

Баянауыл 

бөлімінің 

мұрағатшылары  жұмыс  көрсеткіштерінің 

негізгі  түрімен  қоса 2013 жылдың  мамыр 

айынан 


бастап 

ауданымыздан 

Ұлы 

Отан  соғысына  аттанып,  елге  оралған 



ардагерлер  туралы  ақпараттар  жинаумен 

көп айналысты. Бөлімнің сақтау қорындағы 

ардагерлердің  жеке  тектік  құжаттары 

бойынша,  ауылдық  округтерден,  ардагер-

лер  кеңесінен,  қорғаныс  істері  бөлімінен 

ардагерлер  туралы  деректер  жинақтады. 

Ардагерлердің 

мəліметтері 

туралы 

анкеталарды  толтырып,  фотосуреттерін 



сканерден  өткізіп,  облыстық  мұрағатқа 

жіберіп  отырды.  Осы  жұмысты 2014 жыл 

бойы  да  жалғастыру  мақсатында  ауылдық 

округтердің əкімдері мен мамандарына хат 

жазылды, телефон арқылы біраз адамдардан 

сұралды, 

аудандық 

газетке 


мақала 

жарияланды.  Өкінішке  орай  ауылдардағы 

көп  ардагерлеріміздің  аттары  ұмытылып, 

соңында  ұрпақтары  болса  да  мəліметтері 

осы  уақытқа  дейін  облыстық  мемлекеттік 

мұрағатының  Баянауыл  бөліміне  əкелінбе-

ді.  Тек  бір  қуантарлығы  аудандық 

газетіміздің  осы  жылғы 26 қыркүйектегі 

№39  санында  бөлім  мұрағатшысы  Дана 

Диқанбаеваның  «Жеңімпаздар  қатарынан 

қалмауы  тиіс»  атты  мақаласы  жарық 

көргеннен  кейін  Қаражар  ауылының 

тұрғыны, зейнеткер ұстаз Шотаева Раушан 

Қабдуахитқызы  біздің  бөлімге  келді.  Ол 

кісі  өзінің  əкесі,  Ұлы  Отан  соғысының 

жəне еңбек ардагері Қабдуахит Шотаевтың 

жеке  тектік  құжаттарын  жинап  əкелді. 

Əкесінің  жеке  тектік  құжаттары  бойынша 

біздің  бөлімде  қор  ашылды.  Осылайша 

Раушан Қабдуахитқызының ауылдастарына 

дабыл қағуымен Қаражар ауылында тұрған 

ардагер  ағаларымыздың  балалары  келіп, 

фотопортреттері  мен  құжаттарын  жинап 

əкелуде.  Атап  айтсақ  Ақжанов  Жақыпбек, 

Закенов  Ақыш,  Закенов  Бапыш,  Канафин 

Сағындык, 

Құптаев 

Болат, 


Шахтаев 

Əмірхан,  Сыздықов  Сансызбай,  Гетман 

Иван  сияқты  азаматтардың  құжаттары  бө-

лімге  жеткізілді.  Сонымен  бірге  Қаражар 

ауылының  зейнеткерлікте  отырған  аға- 

апаларының  бастамасымен  Ұлы  Отан  со-

ғысындағы  Жеңістің 70 жылдығына  орай, 

ауыл азаматы болған 20 ардагердің есімдері 

жəне  қай  жылы  туып,  қайтыс  болған 

жылдары  көрсетіп,  өз  қаражаттарына 

мемориалдық  ескерткіш  тақта  орнатуды 

қолға  алғандықтарын  айтты.  Бұл  əрине, 

үлкен игі іс. Осындай игі шараның басында 

жүрген  Раушан  апайымызға  үлкен  алғыс 

айтамыз. «Ерлердің ерлігін ұмытпау үшін» 

игі істі одан əрі жалғастыру баршамыздың 

міндетіміз.  Ел  үшін  шайқасқан  арда-

герлеріміз  жеңімпаздар  қатарында  аты 

аталмай,  қалып  қоймауы  тиіс.  Ұлы  Отан 

соғысы  біздің  халқымыздың  басынан 

өткерген  үлкен  қасіреті  болды.  Бүгінде 

олардың  ерліктерін  мақтанышпен  айта-

мыз.  Өткенімізді  білмесек,  болашақтың 

өзіндік  мағынасы  жоғалады.  Сол  үшін 

майдангерлердің  ерліктерін  мəңгі  жа-

дымызда ұстайық. 

 

 

 



 

 

 



Г.ШƏКІРОВА, 

Павлодар облысының мемлекеттік 

мұрағаты Баянауыл бөлімінің 

басшысы. 

Ерлердің ерлігін ұмытпау үшін

Ерлердің ерлігін ұмытпау үшін

Утерянное  свидетельство  индивидуального  предпринимателя  на  имя 



Смагуловой  Айжан  Елемесовны  (серия 10915, №0119460,  от 10.06.2011 г.) 

считать недействительным. 

Данное ИП прекращает свою предпринимательскую деятельность.

ТОО «SegaOil Group» уведомляет  о  передаче  проекта  ОВОС:  раздел  «Охрана 

окружающей среды» рабочему проекту «Строительство автозаправочной станции 

и  сервиса  по  адресу:  п.Баянаул,  ул.Айтпакулы»  на  проведение  государственной 

экологической  экспертизы  в  ГУ  «Управление  недропользования,  окружающей 

среды и водных ресурсов Павлодарской области». Тел. 8(7187) 22-19-19.

Утерянный  договор  купли-продажи  жилой  квартиры    на  имя  Кенжеханова 

Балта  Жакеновича  (по  адресу  с.Баянаул,  ул.Рыбалко 1, кв.1)  считать 

недействительным.

Утерянное  решение  о  легализации  недвижимого  имущества  на  имя              

Аубакирова  Нурсипат  Каирзатовича  (№4812  от 07.08.07 г.)  считать 

недействительным. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет