Этнографиялық зерттеулердегі тарихи-географиялық мəселелер. Қазақстандағы этногра-
фиялық зерттеулердің ішінде де тарихи-географиялық зерттеулер болды. Оның ішінде бірінші
кезекте танымал этнографтар, апалы-сіңілі Б.Х.Қармышева, Дж.Қармышевалардың Қазақстанның
тарихи географиясын зерттеуге арналған «Арқа жұрт дегеніміз не?» ғылыми мақаласын айтуға
болады [29; 108–114]. Авторлар халық арасындағы «Арқа» ұғымының географиялық мағынасын
анықтауға талпыныс жасайды. Қазақстанның орталық, шығыс жəне солтүстік бөліктерін Арқа
атайтыны туралы ғылыми айналымға Қ.Халид мəліметтерін енгізеді [29; 110]. Мұндай тарихи-
географиялық атаудың қалыптасуының кезеңін анықтауда ғалымдар Əбілқайыр ханның «көшпелі
өзбектер мемлекетінің» уақытынан бастау алады деген тұжырымға келеді [29; 111].
Қазақстан этнографиясындағы маңызды еңбектердің бірі — В.В.Востров, М.С.Мұқанов XIX
жəне XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтардың ру-тайпалық құрамы мен олардың қоныстану жерлері
туралы зерттеуі [30]. Авторлар қазақ жүздерінің ру-тайпалық құрамына тоқтала отырып, ХІХ
ғасырдың соңынан бастап, жаңа əкімшілік-территориялық жүйеге сəйкес олардың қоныстанған
жерлерін сипаттайды. Мұнда ру-тайпалардың қоныстану мəселесі ХІХ ғасырдың соңында қазақ
даласында жерді пайдалануды анықтау мақсатында жүргізілген экспедиция материалдарының
негізінде көрсетіледі.
Белгілі этнограф М.С.Мұқановтың зерттеуі қазақтардың этнотерриториясын анықтауға
бағытталған жəне онда тарихи география үшін маңызды мəселелер көтерілген [31]. Еңбек негізінен
XVIII–XX ғасырдың басы аралығын қамтығанымен, онда қазақтардың XVIII ғасырға дейінгі
этникалық территориясының қалыптасуына да шолу жасалады [31; 3–7]. Автор қазақ жүздерінің
территориялық орналасуын көрсете отырып, ондағы рулардың қоныстанған жерлерін де сипаттайды.
Қазақ руларының XVIII ғасырдың соңынан бастап қоныстануы нақтылы географиялық
25
территорияларда көрсетіліп жəне олардың сандық көрсеткіштері де берілген [31; 12–16]. Сонымен
қатар ХІХ ғасырдағы Ресей империясының қазақ даласында жүргізген əкімшілік-территориялық
реформаларының қазақ руларының қоныстануына əсері де талданады [31; 16–29]. М.С.Мұқановтың
зерттеуі бірнеше тарихи-географиялық мəселелерді шешуге бағытталған деп айта аламыз. Онда
негізгі мəселелер ру-тайпалардың қоныстануы мен орналасуы жəне ішкі əкімшілік-территориялық
бөлініс көрсеткіштері тарихи-географиялық мəселелердің ауқымына жатады. Əрине, бұл еңбек
автордың В.В.Востровпен бірлесе жүргізген зерттеуін қайталайды.
Екінші кезеңнің тарихнамасының негізгі ерекшелігі — бұл аралықта отандық тарихнамада
ғылыми тұрғыдағы тарихи-географиялық зерттеулердің пайда болуы. Осы кезеңде отандық тарих,
археология жəне этнография салалары жаңа зерттеулермен толықты. Б.Е.Көмеков, Ю.А.Зуев,
В.П.Юдин, С.М.Ақынжанов, К.М.Байпақов тəрізді ғалымдардың зерттеулері нақтылы тарихи-
географиялық мəселелерді шешуге бағытталды.
Үшінші кезең. Бұл кезеңнің тарихнамасы Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді
қамтиды.
Бұл
кезеңнің
тарихнамасы
тақырыптық,
теориялық
жəне
методологиялық
жаңашылдығымен ерекшеленеді. Бұрыннан зерттелмеген тың тақырыптар, жеткілікті деңгейде
зерттелмеген мəселелер жаңадан көтерілді. Кезеңдегі зерттеулер өте ауқымды, бірақ бірнеше
зерттеулерге шолу ұсынылмақ.
Н.Шаяхметовтың зерттеулері Қазақстанның тарихи географиясының бағыттарын анықтау мен
əдіс-тəсілдерін дамытуға бағытталған. Автор отандық зерттеулерде «кенже қалып отырған
салалардың бірі — тарихи география» екенін айта отырып, оның себептерін ашқан [32; 75–76]. Автор
ғылыми саланың маңыздылығына тоқтала келіп, бес түрлі қажеттілігін айқындайды: 1) «Тарихи
география»
мамандығы
бойынша
мамандар
даярлау; 2)
«Елтану»
мамандығындағы
тарихи-географиялық өлкетану бағытын жүргізу; 3)
көршілес елдермен мемлекетаралық
шекарамыздың мəселелерін анықтау; 4)
тақырыптық карталарды толықтыру; 5)
жоғары оқу
орындарын оқулықпен қамтамасыз ету [32; 75–76]. Сондай-ақ автор «картографиялық əдістің тарихи
географиядағы жетекші əдіс болып қала беретінін» жəне электронды карталар жүйесін жасаудың
маңызын көрсетеді [33].
Сондай-ақ А.Ш.Алтаев пен Г.Н.Ксенжиктің зерттеулерінде тарихи география мəселесі қазақ
даласындағы XVIII–XIX ғғ. бекініс шептерінің ұйымдастырылуына жəне орналасуының тарихи
географиясына, ХІХ ғасырдағы əкімшілік-территориялық бөлініс жəне басқару мəселесін анықтауға
арналған [34].
Тəуелсіздік алғаннан бергі жылдарындағы тарихи география саласына деген бетбұрыс
байқалады. Əрине, бұл түбегейлі өзгеріс емес. Отандық зерттеушілер тарапынан тарихи-
географиялық зерттеулердің маңыздылығы мен қажеттілігі алға қойылып отыр.
Əдебиеттер тізімі
1. Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана. — Алма-Ата: Наука, 1969. — 191 с.
2. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. — Алма-Ата, 1966. — 323 с.
3. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. — Алма-Ата: Казахстан, 1982. — 168 с.
4. Вопросы историографии Казахстана / Под ред. Б.А.Тулепаева. — Алма-Ата: Наука, 1983. — 256 с.; Вопросы историо-
графии и источниковедения Казахстана: дореволюционный период. — Алма-Ата: Наука, 1988. — 264 с.
5. Яцунский В.К. Историческая география как научная дисциплина // Вопросы географии. Историческая география СССР:
Сб. двадцатый. — М.: Гос. Изд-во геогр. лит., 1950. — 356 с.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): Бес томдық. — 3-т. — Алматы: Атамұра, 2002. — 768 б.
7. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В пяти т. Т. 1. — Алма-Ата: Гл. ред. казахской сов. энцикл., 1984. — 432 с.
8. Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения / Под ред. акад. АН Казахской ССР А.Х.Маргулана. — Алматы: Казахское
гос. изд-во худ. лит., 1958. — 643 с.
9. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В пяти т. — Т. 4. — Алма-Ата: Гл. ред. казахской сов. энцикл., 1985. — 462 с.
10. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В пяти т. — Т. 2. — Алма-Ата: Гл. ред. казахской сов. энцикл., 1985. — 416 с.
11. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В пяти т. — Т. 3. — Алма-Ата: Гл. ред. казахской сов. энцикл., 1985. — 416 с.
12. Тынышпаев М. История казахского народа / Сост. авт. предисл. проф. А.С.Такенов и Б.Байгалиев. — Алма-Ата: Қазақ
ун-ті, 1993. — 224 с.
13. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX–XI вв. по арабским источникам. — Алма-Ата: Наука, 1972. — 150 с.
14. Кумеков Б.Е. Расселение карлуков по карте ал-Идриси (ХІІ в.) // Казахстан в эпоху феодализма (проблемы
этнополитической истории). — Алма-Ата: Наука, 1981. — 192 с.
26
15. Кумеков Б.Е. Сообщение ал-Идриси (ХІІ в.) о стране кимаков и карлуков // Казахстан в эпоху феодализма (проблемы
этнополитической истории). — Алма-Ата: Наука, 1981. — 192 с.
16. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII–XIV: Науч.-аналит. обзор / Авт. науч.-аналит. обзора
Б.Е.Кумеков. — Алма-Ата: Наука, 1987. — 42 с.
17. Зуев Ю.А. К этнической истории усуней // Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана. — Алма-
Ата: Изд-во АН Казахской ССР, 1960. — 220 с.
18. Зуев Ю.А. Тамги лошадей из вассальных княжеств // Новые материалы по древней и средневековой истории
Казахстана. — Алма-Ата: Изд-во АН Казахской ССР, 1960. — 220 с.
19. Зуев Ю.А. Историческая проекция казахских генеалогических преданий: (К вопросу о пережитках триальной
организации у кочевых народов Центральной Азии) // Казахстан в эпоху феодализма (проблемы этнополитической
истории). — Алма-Ата: Наука, 1981. — 192 с.
20. Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая // Казахстан, Средняя и Центральная Азия в XVI–XVIII вв. — Алматы:
Наука, 1983. — 192 с.
21. Юдин В.П. Центральная Азия в XIV–XVIII веках глазами востоковеда. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 384 с.
22. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. — Алматы: Ғылым, 1999. — 296 с.
23. Исин А. Казахское ханство и Ногайская Орда во второй половине XV–XVI в. — Семипалатинск: Тенгри, 2002. — 139 с.
24. Маргулан А.Х. Некоторые итоги и перспективы археологического изучения Казахстана // Известия АН Казахской ССР.
Сер. археол. — Вып. 1. — 1948. — С. 3–9.
25. Маргулан А.Х. К вопросу о социальной структуре тарханных грамот и пайзе // История материальной культуры
Казахстана. — Алма-Ата: Изд. КазГУ, 1980. — 120 с.
26. Маргулан А.Х. Мир казаха. — Алматы: РИЦ «IDK-TIPO», 1997. — 57 с.
27. Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. — Алма-Ата: Наука, 1971. — 212 с.
28. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья в VI – начале XIII в. (динамика и
основные этапы развития): Автореф. ... д-ра ист. наук. — М., 1985. — 48 с.
29. Кармышева Б.Х., Кармышева Дж.Х. Что такое Арка-юрт (к исторической географии Казахстана) // Ономастика Восто-
ка. — М., 1980.
30. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX – начало XX в.). — Алма-Ата,
1968. — 256 с.
31. Муканов М.С. Этническая территория казахов в XVIII – начале XX веков. — Алма-Ата: Казахстан, 1991. — 64 с.
32. Шаяхметов Н. Тарихи географияның тағдыры қиын // Қазақ тарихы. — 2006. — № 3. — 75–77-б.
33. Шаяхметов Н. Тарихи-географиялық зерттеулерде геоинформатика əдісін қолдану // Қазақ тарихы. — 2007. — № 6. —
8–10-б.
34. Алтаев А.Ш., Ксенжик Г.Н. Историческая география расположения и устройства укрепительных линий в казахской
степи в XVIII–XIX вв. // Вестн. КазНУ. — Сер. истор. — № 1 (44). — 2007. — С. 31–34; Алтаев А.Ш., Ксенжик Г.Н.
Историческая география административно-территориального деления и управления Сибирской степи в XIX в. // Вестн.
КазНПУ им. Абая. — Сер. «Исторические и социально-политические науки». — 2007. — № 1 (12). — C. 50–54.
ƏОЖ 913.1 (574)
Ж.А.Жұмабеков
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ АЛТЫН ОРДА ДƏУІРІНДЕГІ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯСЫ
В статье на основе фактологического материала, научно-популярных и общественно-
политических статей, выступлений рассматривается история Улытауского региона в
золотоордынский период. На материалах арабо-персидских источников отслеживаются
основные исторические события в эпоху средневековья. Автор освещает историческую
географию региона.
In article based on facts material, popular scientific and political articles, statements the history of
Ulytau region the period of a gold horde is considered. On materials of the arabian-persian sources,
the basic historical events in the middle century of investigated region are traced. The author shines
historical geography of region.
Ұлытау өңірі ортағасырларда саяси оқиғалардың аренасы болды. Ұлытау өңірінің
ортағасырлардағы тарихы Монғол империясының құрылуымен байланысты. Шыңғыс хан
Дешті-Қыпшақ даласын үлкен ұлы Жошының үлесіне береді [1; 283]. Жошының мазары Қарағанды
27
облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауында
орналасқан [1; 283; 2; 242].
Жошының Дешті-Қыпшақ даласына келуі туралы парсы авторы əл-Джузджанидің
«Табакат-и-насири» шығармасында былай деп жазады: «Туши (Жошы. — Ж.Ж.) и Чагатай,
управившись делами хорезмскими, обратились на Кипчак и Туркестан, покорили и заполонили одно
за другим войска и племена кипчакские и подчинили все (эти) племена своей власти» [3, 14].
Жошының өлімінің себебі туралы да əл-Джузджани мəліметтері тарихи зерттеулерде кеңінен
пайдаланылады. Жошының əкесі Шыңғыс ханға қарсы шығып, сол себептен оны əкесінің бұйрығы
бойынша өлтіртуі туралы мəлімет əл-Джузджаниде келтірілген: «Когда Туши, старший сын Чингиз
хана, увидел воздух и воду Кипчакской земли, то он нашел, что во всем мире не может быть земли
приятнее этой, воздуха лучше этого, воды слаще этой, лугов и пастбищ обширнее этих. В уме его
стало проникать желание восстать против своего отца; он сказал своим приближенным: «Чингиз хан
сошел с ума, что губит столько народа и разрушает столько царств. Мне кажется наиболее
целесообразным умертвить отца на охоте, сблизиться с султаном Мухаммедом, привести это
государство в цветущее состояние и оказать помощь мусульманам». Проведал о таком замысле брат
его Чагатай и известил отца об этом изменническом плане и намерении брата. Узнав (это), Чингиз
хан послал доверенных лиц своих отравить и убить Туши» [3; 14–15]. Шығармада Жошының
өлтірілгені туралы нақты айтылмайды. Бұл мəлімет басқа авторлардың деректерінде де
қайталанбайды. Алайда Жошы мен Шағатай арасындағы келіспеушіліктер Шағатайдың Жошыны
«меркіттің сыйлығы» деп айыптауы туралы «Монғолдың құпия шежіресінде» айтылады [4; 232–233].
Жошының Дешті-Қыпшақта болғандығы туралы Джувейнидің «Тарих-и-джехангуша» еңбегінде
жазылады: «Ту зиму (1222–1223 жж. – Ж.Ж.) Чингиз-хан пробыл в пределах Самарканда и послал к
старшему сыну своему Туши гонца с приглашением также приехать туда из Дешт-и-Кипчака и
позабавится охотою, главным образом, на диких ослов» [3; 21]. Жошы əкесімен тек көктемде Құлан
басы деген жерде кездесіп, 20
000 жылқы сыйлайды [3;
21]. Бұл мəліметтер Жошының
Дешті-Қыпшақты мекен еткенін көрсетеді. Бірақ нақты қай жерлерде болғандығы айтылмайды.
Джувейни Жошының Құлан басынан қайтқанан кейін қайтыс болғанын жазады: «Когда Туши,
старший сын Чингиз-хана, прибыл к нему, к пределам Кулан-баши, и оттуда ушел назад, настал (для
него) заповедный срок» [3; 21]. Бірақ қай жерде қайтыс болғаны жазылмайды.
Жошының хандық құруы туралы парсы тарихшысы Фазлаллах Рашид-ад-диннің «Жами
ат-тауарих» шығармасында біршама мəліметтер келтірілген. Оның тууына байланысты əңгімелер
жəне Жошы ұрпақтарының генеалогиясы байланысты жақсы баяндалады [3; 21]. Біз үшін маңыздысы
Рашид-ад-диннің «Ертіс өзені бойымен, Алтай таулары маңындағы облыстардың жайлаулары мен
қыстауларын Шыңғыс хан толығымен Жошы-ханның билігіне берді жəне Дешті-Қыпшақ
облыстарын жəне сол өңірдегі мемлекеттерін жаулап алып, басқаруға жарлық шығарды» деген
мəліметі [3; 64]. Бұл дерекке қарағанда Жошының ордасы Дешті-Қыпшақты жаулап алғанға дейін
Ертіс өзенінің бойында болса керек. Рашид-ад-диннің мəліметтеріне сүйенсек, Шыңғысхан
əскерлерінің Орта Азияға жорығынан кейін де Жошының ордасы Ертіс өзенінің бойында орналасады:
«Чагатай и Угедей отправились к отцу и у крепости Талькан явились (к нему), а Джучи прямо из
Хорезма двинулся к Ирдышу, где находились его обозы (угрук) и присоединился к своим ордам»
[3; 64]. Рашид-ад-дин Жошының өліміне байланысты қызықты дерек келтіреді. Оның қысқаша
сюжеті келесідей: Шыңғыс хан Жошыға солтүстік облыстарды жаулап алуға бұйрық береді. Бірақ ол
бұдан бастартып, өз бетімен кетеді. Шыңғыс хан қатты ашуланып, оны жазаламақшы болады. Осы
уақытта Жошы ауырып қалады. Шыңғыс хан өз ордасына келгенде, Жошы оған келе алмай, тек
сыйлықтар жібереді. Одан кейін де Шыңғыс хан Жошыны бірнеше рет шақыртады. Ол ауырып
жатқандықтан келе алмай, кешірім сұрайды. Бір жолы манғыт руының бір адамы Жошы жұртынан
келіп, Жошының аң аулап жүргенін көргендігін айтады. Мұны естіген Шыңғыс хан қатты ашуланып,
Жошыға қарай Шағатай мен Үгедейді аттандырып, өзі де жорыққа шықпақшы болып жатады. Осы
кезде Жошының өлімі туралы хабар келеді. Жағдайдың анық-қанығына жеткенде манғыт руының
адамының айтқаны өтірік болып шығады. Оны іздестіргенде із-түзсіз жоқ болып кетеді [3; 64, 65].
Жошының өлімінің себептері Əбілғазының «Түрік шежіресінде» айтылмайды. Тек Шыңғыс хан
Қытай жорығында жүргенде «Жошы хан бұл кезде өлген еді» дейді жəне «Жошы хан əкесінен бұрын
өлді», «Шыңғыс хан Жошының өлгенін естіген соң қатты қайғырып, аза тұтты» деп жазады [5; 91,
113]. Жошы туралы көп мəліметтер келтіргенімен, Əбілғазы оның өлімінің себебі туралы, қай жерде
өлгені туралы ешқандай мəлімет бермейді.
28
Жошының қай жерде өлгені туралы тек Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінде» мəлімет беріледі:
«Йочи-хан был старшим из его сыновей. Он [Чингизхан] дал [ему] большое войско и отправил,
назначив в вилайете Дашт-и Кыпчак, сказал: «Пусть будет пастбищем для твоих коней». Дал [ему
также] вилайет Хорезм. Когда Йочи-хан отправился в вилайет Дашт-и Кыпчака, он достиг Улуг-Тага,
который известен. Однажды, когда он охотился в горах, ему повстречалось стадо марал-кийиков.
Преследуя и пуская стрелы, он свалился с коня, свернул себе шею и умер» [6; 91]. Осы деректің
негізінде Жошының не себептен Ұлытауда жерленгендігі түсінікті сияқты. «Шыңғыснамені»
зерттеген қазақстандық шығыстанушы В.П.Юдин шығарманың ортағасырлардағы тарихы үшін
маңызы зор екенін, оның Шыңғысханның ұрпақтарының жəне Дешті-Қыпшақ тайпаларының
өкілдерінің əңгімелерінің негізінде жазылғанын айтады [6; 25]. Сондықтан «Шыңғыснаме» деректері
күмəн тудырмайды. Бұл жағдайды «Шыңғыснамені» жариялаудағы жауапты редактор Б.А.Ахмедов
те айтады. Мысалы, ол Жошы ханның өлуі туралы «Шыңғыснаменің» мəліметіне назар аударады
[6; 10]. Осы мəліметтерге сүйене отырып, Жошы ханның тағдырына байланысты тарихи оқиғалардың
желісін көрсетуге болады:
Жошының Дешті-Қыпшаққа билеуші болып тағайындалуы барлық авторлар тарапынан
мақұлданады (Джузджани, Джувейни, Өтеміс қажы);
Жошының Дешті Қыпшақтағы ордасы Ертісте болды. Себебі, Рашид-ад-диннің мəліметі
бойынша, Орта Азиядағы жаулап алуы жорығынан кейін, Хорезмнен ол бірден Ертіс
бойындағы ордасына қайтады;
Жошының қайтыс болған жері туралы нақты мəлімет тек «Шыңғыснамеде» айтылады. Ол
Ұлытау таулары, Джувейнидің дерегі бойынша, Жошы Құлан басыдан қайтқаннан кейін
қайтыс болады. Бірақ Рашид-ад-дин Жошыны «бір жұрттан бір жұртқа көшіп жүріп, аң
аулайтын жері болып табылатын тауға келді» деп жазады [3, 65]. Бұл Ұлытау тауы болуы тиіс;
Жошының өлімінің себебін, Джузджани əкесі өлтірді, Рашид-ад-дин ауырып өлді, Өтеміс
қажы аттан құлап, мойыны сынып өлді деп түсіндіреді. Жошының өлімінің себебі туралы
монғол тарихының білгірлері Джувейни де, Əбілғазы да ешбір мəлімет келтірмейді. Бұл күдік
тудырады. Себебі басқа тарихи оқиғаларды екі автор да жан-жақты баяндайды.
Жошы ханның өліміне байланысты тарих жүйесі келесідей: Орта Азияға жорықтан кейін Жошы
мен əкесі Шыңғыс хан арасында келіспеушіліктер туындайды. Мұндай келіспеушіліктердің
туындауына мұрагерлікке үміткер Шағатай да себепкер болуы мүмкін. Джузджани Шағатайдың əкесі
Шыңғыс ханға Жошының ойларын жеткізіп барғанын көрсетеді. Сондай-ақ «Монғолдың құпия
шежіресі» бойынша тақ мұрагерін тағайындау мəселесі көтерілгенде, Шағатай мен Жошы арасында
жанжал болады. Жанжалды шығарушы Шағатай Жошының тақ мұрагері болуына қарсы шығып,
Жошыны «меркіттің сыйлығы» деп айыптайды. Рашид-ад-диннің жазуындағы жалған мəлімет
жеткізуші, кейіннен із-түзсіз жоқ болып кететін «манғыт руының адамы» Шағатайдың адамы болуы
керек. Себебі мемлекет басшысына жалған мəлімет беріп, Шыңғыс ханның Жошыға қарсы жорыққа
дайындалуына себепші болған адамды міндетті түрде табуға тиісті.
Шыңғыс хан мен баласы Жошының арасындағы келіспеушіліктердің барын білетін, бірақ
монғолдық сипаттағы тарихты жазушы Джувейни де, Рашид-ад-дин де мəселені ашық жазбайды.
Джувейни бұл тақырыпты мүлдем қалдырып кетсе, Рашид-ад-дин Жошының əкесінің шақыруына
бармауын, оның ауырғандығынан деп түсіндіруге тырысады. Оның өлімін де, аурып қайтыс болды
дейді. Ал Джузджани монғолдарға тəуелді тарихшы болмағандықтан, оқиғаларды болуына сəйкес
баяндайды. Өтеміс қажы да Шыңғыс ұрпақтарына қызмет ететін тарихшы болғандықтан, Жошы
өлімін «аң аулап жүргенде, аттан құлап, мойынын бұрап алып, қайтыс болды» деп шындықты
бүркемелейді. Бұлай дейтін себебіміз, қан шығармай өлтіру, монғолдарда қадірлі адамдар үшін ең
құрметті өлім болып саналатын дəстүр бар. Мысалы, Жамуха Шыңғыс ханға қолға түскенде «мені
қан шығармай өлтіруіңді сұраймын» деп айтады [5; 172]. Көбіне монғолдар ондай жағдайда
омыртқасын немесе мойнын бұрап өлтіретін болған. Кейде құрым киізге орап, үстінен таптап
өлтіреді. Бұл қадірлі адамдарға көрсетілген құрметі. Сондықтан Жошының «мойны бұралып өлуі»,
моңғолдардың дəстүріндегі құрметті өлімге ұқсайды. Жошы Құланбасыдағы кездесуден кейін,
əкесінен алшақтап (Джузджани), оған бармай (Рашид-ад-дин), Ертістегі ордасынан Ұлытауға қоныс
аударды (Өтеміс қажы, Рашид-ад-дин). Жошының Ұлытауда жүрген жерінде, Джузджанидің жазуы
бойынша, «Шыңғыс ханның сенімді адамдары», монғолдың дəстүріне сəйкес «құрметті өлім»
жазасын орындайды. Рашид-ад-дин Жошының қайтыс болғандағы жасы, «Жошы ұлысынан келген
адамдардың айтуы бойынша», 30 бен 40 жастың аралығында болу керек деп мəлімдейді [3, 65].
29
В.В.Бартольд 1225 жылы Жошының жасы 40-тан кем болмау керек, себебі 1206 жылы Үгедейдің ұл
баласы болды деп жазады [7; 525].
Жошы ханның тарихына байланысты мəліметтерден кейін, Ұлытау өңірі жазба деректерде, тек
Шайбанның ұлысының орналасуына жəне Тоқтай ханның қайтыс болуынан кейін Жошы ұлысының
екіге бөлінуіне байланысты ғана мəліметтерде кездеседі.
Зерттеуші А.А.Семенов С.Лен-Пульдің мəліметтеріне сүйене отырып, Шайбанның жаз
уақыттарында Орал таулары мен Елек жəне Ырғыз өзендерінің аралығында көшіп жүретіні, ал қыста
Сырдария, Шу жəне Сарысу аумағында қыстайтынын есепке ала отырып, «Шейбан ұлысының
шекарасы ұзақ уақыт сақталып тұрды деуге болады, əрине, көшпелілердің қозғалғыштығын ескерсек,
шекара тұрақтылығы деген ойлауға келмейді» деген пікір білдіреді [8, 8].
Ал «Ескендір анонимінде» Тоқта ханның өлімінен кейін Жошы ұлысының екіге бөлінгендігі
туралы айтылады: «После этого улус Джучи разделился на две части. Те, которые относятся к левому
крылу. То есть пределы Улуг-тага, Секиз-ягача и Каратала до пределов Туйсена, окрестностей Джен-
да и Барчкенда, утвердились за потомками Ногая, и они стали называтся султанами Ак Орды»
[3; 127]. Бұл мəліметтер Ұлытау өңірінің тарихи географиясы үшін маңызды болып табылады.
Қазақстан аумағын қамтыған Алтын Орда мемлекетінің құрамындағы Шайбан ұлысының
территориясына Ұлытау өңірінің болуын, Тоқтай ханның өлімінен кейін Ұлытау өңірі Ақ Орданың
территориясының құрамында болғандығын білеміз.
Бұдан кейінгі Алтын Орда кезеңінде Ұлытау өңірінің ортағасырлық тарихтан көрініс алатын
тұсы Əмір Темір, Едіге есімдерімен байланысты.
Əмір Темірдің Ұлытау өңіріне алғаш аяқ басуы Низам-ад-дин Шамидің «Зафарнаме»
шығармасындағы мəліметтерге сүйенсек, шамамен 1387 жылдың күзінде болады [3; 111]. Бұл оқиға
Тоқтамыстың Əмір Темірден бөлектеніп, Түркістан өлкесіне жорық жасауынан басталады. Низам-ад-
дин Шамидің жазбасы бойынша, Тоқтамыс Ходжент өзенінен өтіп, оның əскерінің авангарды Зернук
деген жерге дейін жетеді. Темір əскер жинап, Ходжент өзенінде қарсыласының əскерін жеңіліске
ұшыратады. Одан кейін Темір əскерлері қарсыластарына түнгі шабуыл жасап, қарсы жақ Арыс
өзеніне өтіп қашады. Темір əскерімен қашқан əскердің соңына түсіп, Ходжа-Шейхты, Тублакты,
Қараханды, Аман-шахты жəне Дəулет-шахты қырық сарбазымен барлауға жібереді. Олар Сары-өзен
деген жерде Тоқтамыстың қарауыл əскерімен кездесіп қалып, шайқасады [3; 111]. Мұндағы
Сары-өзен деп аталатын жер Ұлытау өңірі арқылы оңтүстікке қарай ағып өтетін Сарысу өзені.
Қайтып келе жатқанда барлаушылар Кыдба-тарханға кездесіп қалады. Низам-ад-дин Шами онда «жүз
шақты шаңырақ болды» деп жазады. Үлкен ұрыс болып, Кыдба-тарханды тұтқындаған əскер, оның
үйлерін жəне мал-мүлкін Ақсүме деген жерге апарады [3; 112]. Оңтүстік Қазақстан облысында
Ақсүмбе деп аталатын ежелгі қаланың орны бар [6; 27]. Низам-ад-дин Шами мəліметіндегі «Ақсүме
деген жерге» осы археологиялық ескерткіш болса керек. Одан кейін Темір əскерлерімен
«Урунг-Чагыл арқылы өтіп, Биланға келеді, Сары-өзеннен жəне Курчуннан өтіп, Ал-кушунда
тоқтайды» [3; 112]. Бұл арада автордың бірнеше жер атауларын келтіреді. Оның ішінде Билан —
қазіргі Қызылорда облысындағы, Сарысу өзенінің бойындағы Белең ана деп аталатын археологиялық
ескерткішпен байланыстыруға болады [1; 140]. Ал Курчун — Ұлытау өңіріндегі Күршім құмдары.
Темірдің жорықтары туралы Шереф-ад-дин Йездидің «Зафарнамесінде» де баяндалады. Алтын
Орда тарихына қатысты материалдар жинағын дайындаушылардың түсініктемесінде Шереф-ад-дин
Йезди өзінің шығармасында Низам-ад-дин Шамидің «Зафар-наме» еңбегін пайдаланғандығы
айтылады [3; 144]. Екі шығарманың мəтіндері бір-бірімен ұқсас, бірақ Шереф-ад-дин Йезди еңбегінде
біршама өзгешіліктер бар. Мысалы, Низам-ад-дин Шами «Урунг-Чагыл деген жерден өтті» өтті деп
жазса, Шереф-ад-дин Йезди «прошел через степь по Урунг-Чагылской дороге» [3; 158] деп, Урунг-
Чагыл жер атауы емес, жол аты екендігін көрсетеді.
Əмір Темірдің Ұлытау өңіріне екінші рет келуі Дешті-Қыпшаққа жорығымен байланысты.
Низам-ад-дин Шамидің «Зафарнамесінде» Əмір Темірдің 1391 жылы Қара-Саман деген жерден
Дешті Қыпшаққа жорығын бастағаны жазылады [3; 112]. Осы деректе Темірдің Ұлытау жерінен
жүріп өткен маршруты келесідей сипатталады: «Пройдя Карачук, шли еще 15 дней. От безводья
много лошадей погибло. 1 числа джумади (=6.IV) прибыли в местность Сарыг-узен и воды стало
много. Пробыв несколько дней, они искали переправу и перешли через речку» [3; 113]. Əмір Темір
бұл жорығының бастапқы кезінде алғашқы келген маршрутымен жүрген болса керек. Сондықтан
Низам-ад-дин Шами Темір əскерінің Ұлытау өңіріне жеткенге дейінгі жолын атамайды: «21 (того же)
месяца (=26.IV) войска прибыли Кичик-даг, выступили оттуда и через две ночи, в пятницу, достигли
Улуг-дага. Тимур взошел на вершину горы, осмотрел (местность), (эта была) степь и в степи —
30
пустыня. Он остановился там на тот день и приказал, чтобы все воины принесли камни и построили
там высокий знак. Каменотесам он приказал изобразить на нем высочайшее имя и дату этих дней,
дабы на лице оставалось воспоминание об этом походе» [3; 113]. Бұл жерде айтылатын Кичик-даг
пен Улуг-даг қазіргі кездегі Кішітау мен Ұлытау екенін түсіну қиын емес. Ал, Темірдің «жорықты
тарихта қалдыру» мақсатындағы тасқа қашатқан жазуы Ұлытау өңірінде, қазіргі Сарлық ауылынан 12
шақырым жерде орналасқан Алтыншоқы деген жерде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
сақталып тұрды [2; 129]. 1935 жылы ол тасты академик Қ.И.Сəтпаев тауып, өзінің Жезқазған өңірінің
тарихи ескерткіштер туралы мақаласында жариялайды: «В 30 км на запад от Улутау, на вершине
горы Алтынчоку, возвыщающейся над богатыми пастбищами долины рек Сорелы и Джетыкыз,
имеются развалины какого-то древнего сооружения, сложенного из кирпича и красивых
амфиболитовых плит с ошлакованными и глазурованными поверхностями. Рядом с развалинами
несколько ниже по склону горы, установлена каменная плита из тех же темных амфиболитов, на
которой красивым арабским шрифтом высечены на камне 10 строк письма на арабском языке» [9;
74]. Бұл тастағы жазудың Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығының айғағы екенін жаза отырып, тасқа
Ленинград Эрмитажының директоры академик Орбели қызығушылық танытқанын, 1936 жылы
Эрмитаждың ғылыми қызметкері Морозов келіп, тасты Ленинградқа алып кеткенін жазады [9; 74].
Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығына қайтып оралатын болсақ, Ұлытау тауларынан кейін, ол
осы өңірді тастап, жорығын жалғастырады: «Выступив оттуда и охотясь, они достигли местности
Иланчук и отстановились (там). Перейдя через реку Иланчук, через 8 дней они прибыли в местность
Анакаркуюн» [3; 113]. Осыдан кейін Темір əскерлерімен Ұлытау өңірінің территориясынан шықты
деп есептеуімізге болады. Шығармадағы Иланчук — қазіргі күндегі Жыланшық өзені, ал
Анакаркуюн жер атауы түсініксіз. Темір Жыланшық өзенінен өткеннен кейін, Ұлытау өңірін тастап
кетті деуге болады.
Əмір Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы барысында Ұлытау өңірінің территориясынан жүріп
өткен маршруты, жазба дерек мəліметтеріне сүйенсек, келесідей болып шығады:
1. Ақсүмбе (Ақсүме).
2. Белең ана (Билан).
3. Сарысу өзені (Сарыг-узен).
4. Күршім құмы (Курчун).
5. Алқосын (Ал-кошун).
6. Кішітау (Кичи-даг).
7. Ұлытау (Улу-даг).
8. Жыланшық өзені (Иланчук).
Темір Құндызша өзенінің бойында жеңіске жеткеннен кейін, «мол олжамен кейін қайтты» деп
жазады Низам-ад-дин Шами [3; 118]. Демек, Темір əскерлері келген маршрутымен қайтады.
Орыс тарихнамасында Едіге образы орда билеушілерінің ішіндегі ең бір сұрқия-сұмпайы деген
жағымсыз пікір қалыптасқан. Шығыс деректері де Едіге туралы жағымды көзқарастар білдірмейді.
Оны сөзінде тұрамайтын, тез ауытқып кететін, сенімсіз адам ретінде көрсетеді. Тек араб тарихшысы
ибн-Арабшах қана осы санатқа қосылмайды.
Қадырғали Жалайыр Едігенің шығу тегін былай баяндайды: «Əуелгі бабасы Əмір əл Момын Əбу
Бəкір əл Садық Рази алланың төрт ұлы бар еді. Екеуінен кішісі — ұлысы, оның аты Мұхаммед еді.
Оның ұлы Сұлтан Каиб, оның ұлы Сұлтан Хамид. Оның ұлы Сұлтан Халид, оның ұлы Сұлтан
Қайдар. Оның ұлы Сұлтан Маулид, оның ұлы Əбу-л-фана, оның ұлы Сұлтан Сəлім. Оның ұлы Сұлтан
Садық, оның ұлы Сұлтан Əбу-л-хақ. Оның ұлы Сұлтан (Осман еді). Оның ұлы Жалаладдин. Оның екі
ұлы бар еді, бірінің аты — Адхам жəне бірінің аты Баба Туклас еді. Баба Тукластың белгілі үш ұлы
бар еді. Бірінің аты Аббас, бірінің аты Абдрахман Хожа. Үшінші ұлының есімі Тырма атты еді. Бұл
Тырма Еділ-Жайықта (Хасил) қаза болды. Оның ұлы Карачи атты еді. Ол да Еділ-Жайықта қаза
болды. Оның ұлы Ислам Қия, ол да Еділ-Жайықта қаза болды. Оның ұлы Құтлу Қия, Құмкентте қаза
болды. Оның ұлы Едіге би (Алла оған рақым етсін). Құтлу Қияны Урус хан шаһид қылды» [10; 117].
Шығыс авторларының ішінен ибн-Арабшах Едігенің түр-сипатын келтіреді: «Ол қоңырқай өңді,
орта бойлы, толық денелі, жаужүрек, түрі қорқынышты, өте ақылды, көреген жəне тапқыр адам еді»,
— деп сипаттайды [11; 343]. Жалпы, ибн-Арабшах Едігенің өміріне байланысты көп мəліметтер
келтіреді. Бұл мəліметтер кейіннен белгілі тарихшылар Б.Д.Греков пен Ю.А.Якубовскийдің Алтын
Орда тарихын, оның ішінде Едігенің Алтын Орда тарихындағы ролін баяндауда кеңінен
пайдаланылады [12].
31
Тарихи аренада Едіге Тоқтамыспен қатар пайда болады. Низам-ад-дин Шами мəліметтері
бойынша, ол уақытта Темір Бұқара маңында болған, ал Тоқтамыс хижраның 778 жылы (1376–
1377 жж.) Орыс ханның баласы Тоқтақиядан жеңіліске ұшырап қашқанда, Темірдің ордасына Орыс
ханнан қашып Жошы ұлысының əмірі Едіге келіп, оның Тоқтамысқа қарсы үлкен əскермен
аттанғаны туралы хабарды əкеледі [3; 107].
Бұл Едіге мен Тоқтамыстың достық қарым-қатынаста болған кезі еді. Кейіннен 1391 жылға дейін
Едіге Ақсақ Темірге қызмет етіп, Тоқтамысқа қарсы күресінде көмектеседі. Шереф ад-дин Йезди
Əмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы Дешті-Қыпшаққа жорығында Темір Құтылық оғлан, Күнше оғлан
жəне Едіге жолбастаушы (қылауыз) қызметін атқарғандарын жазады [3; 159]. Шереф ад-дин Йезди
жазбасындағы бір қызық мəлімет, Темір əскерлері Сарысу өзенінен өткен кезде «Едігенің екі нөкері
түнделетіп Тоқтамысқа қашты, Темірдің жіберген қуғыншылары оларға жете алмады» деп жазады
[3; 159]. Бұл мəліметке қарағанда, Едіге қаншалықты Темірдің жақтасы болса да, түпкі ой-мақсаты өз
мемлектінің жағдайы болғанға ұқсайды.
Тоқтамыс жеңіліске ұшырағаннан кейін Едіге Темір-Құтылық жəне Күнше оғландармен бірге
туған жерге оралады. Бұл туралы Низам-ад-дин Шами былай деп жазады: «Дело обстояло так, что
Кунче-оглан, Тимур-Кутлуг и Идигу, которые были старинными врагами Токтамыш хана, пришли
искать убежища у Тимура. Он встретил их с почетом, оказал им всяческую ласку и милость и
пожаловал им драгоценные камни, золото, шапки и пояса. (Теперь) преклонив колена, они просили:
«Если выйдет высочайшее указание, мы пойдем по своим домам, приготовим их для переселения и
придем к его величеству». Тимур согласился на их просьбу и приказал, чтобы никто не трогал их
домов и иля; он поставил условие, чтобы они вскорости пришли с семьями и родными и были бы
обнадежены еще большими милостями. С этим условием и обязательством они ушли. Однако, как
только они прибыли свои дома, то сделали своим лозунгом неверность, стали забывать обещанное и
не соблюли своего слова. Тимур-Кутлуг-оглан сел на царство» [3; 118]. Бұл Тоқтамыстың Құндызша
өзені бойында Темір əскерінен күйрей жеңіліс тапқанынан кейін болған оқиға. Бұған дейін Едіге,
Темір Құтылық жəне Күнше оғландар Темірмен бірге болса, осы оқиғадан кейін, жазба деректе
көрсетілгендей, «өз уəделерін» ұмытып, Темірді тастап кетеді. Бұл тұлғалардың Əмір Темірдің
жақтастары ретінде болуы, өз мақсаттарын жету үшін уақытша қабылданған шешім екенін көрсетеді.
Тарих көрсеткендей, Едіге мен Темір Құтылық Жошы ұлысын біршама болса да қалпына келтіруге
бар күштерін салады.
Едіге Шыңғыс ұрпағы болмағындықтан, хан болуға құқығы жоқ екенін біліп, Орыс ханның
немересі Темір-Құтылық оғланды хан көтеріп, Алтын Ордада билік құрады. 1397–1398 жж. Темір-
Құтылықтың жарлығы бойынша Жошы ұлысының барлық əскерінің басшысы бегілер бек болып
жарияланады. Темір-Құтылықтың хан болуымен, нақты Едігенің билік құруы кезеңінде Алтын Орда
аз уақытқа болса да қайтадан күшейеді. Тіпті, Əмір Темір қайтыс болғанан кейін, 1406 жылы
Хорезмді өздеріне қаратып алады.
Халқымыздың мың жарым жылдық тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде Ворскла
өзенінде болған, Едіге есімімен тікелей байланысты ірі шайқасты айтуымызға болады. Тарихи мəнді
бұл оқиға 1399 жылы болып, бірнеше халықтың алдағы уақыттағы тағдырын шешіп береді.
Хандық биліктен айрылған Тоқтамыс алдымен Қырымға, кейін Литва жеріне қашып құтылады.
Мұнда оны Литваның ұлы князі Витовт жақсы қабылдап, қолдайтындығын білдіреді. Алтын
Ордадағы бұлғақты пайдаланып қалмақшы болған Витовт 1399 жылы Литва əскерін, Польша əскерін,
батыс орыс князьдарының əскерін, Тевтон орденінің рыцарларын бастап жорыққа шығады. Жаудың
ауыр жасағы Ворскла өзенінде Алтын Орда əскерімен кездеседі. Орыс жылнамалары бойынша,
Витовт Темір-Құтылық ханға: «Жаратушы мені бар жердің əміршісі етті, сен де маған бас ий, маған
бала бол, мен саған əке болайын, əйтпегенде, құлым боласың», — деп бағынуын талап еткен. Əскер
басына ертеңіне жеткен Едіге мұны естіп, Витовтты өзен жағасына шақыртады. Екі қолбасшы
өзеннің екі жағында кездескенде, Едіге Витовтқа былай деп жауап береді: «Ұлы Орданың ханын сен
өзіңнен жасы кіші деп тауыпсың, өзіңе бала болып бас июге шақырыпсың. Рас, Темір-Құтылықтың
жасы сенен кіші. Бірақ мен — Едіге, сенің жасын менен кіші. Кел, сен маған бала болып, бас үй,
алым-салық төле, еліңдегі барлық теңгеге Орданың таңбасын соғатын бол». Шайқас сол жерде-ақ
басталып кетеді.
Бұл ірі шайқаста Едіге бастаған Алтын Орда əскері толық жеңіске жетеді. Витовт əлемге даңқы
жеткен, ержүрек, өркөкірек, жеңімпаз əскерінен түгелге жуық айрылады, басын сауғалап, өзі əрен,
аман құтылады. Литвалықтар мен орыстардың, ляхтар мен алмандардың, көптеген атақты да даңқты
князьдары мен əскер басылары ажалдарын осы шайқаста табады.
32
Шайқастын тарихи мəні өте зор болды. Біріншіден, бұл соғыс бүкіл түрік халықтарының
келешегін шешті. Жеңіліске тап болған жағдайда түрік халықтарының жарқын болашағына жол
қиылар еді. Екіншіден, бұл соғыс Еуропадағы тепе-теңдікті сақтап қалды. Жеңіске жеткен жағдайда
Литва мемлекеті ерекше күшейіп, тарих ағымы басқа арнамен кетер еді. «Мұндай жеңісті Шыңғыс та,
Бату да көрген емес», — дейді Карамзин өз «Тарихында» [13; 10–11].
Он бес жылға жуық Жошы ұлысында билік құрған Едігеге 1410–1411 жылдары шамасында
Тоқтамыстың Жəлел-ад-дин бастаған балалары жəне өзі таққа отырғызған Темір хан қарсы шығып,
Хорезмге қашуға мəжбүрлейді. Тек Жəлел-ад-дин мен Темір хан арасындағы қақтығыс Едігенің
күйреуін аяқсыз қалдырады. Темір ханның қол астындағы Ғазан деген əскер басы сатқындық жасап
оны өлтіріп, Жəлел-ад-дин жағына шығып кетеді. Едігені құртуға келген Жəлел-ад-диннің əскері
жеңіліске ұшырап, Едіге Хорезмде билік құрады.
Едігенің өліміне байланысты мəліметтер ортағасырлық араб авторлары əл-Айни мен ибн-
Арабшах жазбаларында сақталған. Мысырлық тарихшы, Едігенің замандасы əл-Айнидің жазуы
бойынша, 1419 жылы Едіге Тоқтамыстың балаларының бірі Қадірбердімен шайқасады: «У
Токтамышхана был сын по имени Кадірберди, который постоянно воевал с Идики (Едіге. – Ж.Ж.) из-
за царства. В этом, т.е. 822, году Кадирберди (снова) пошел на Идики; а Идики (со своей стороны)
выступил против него. Встретились они, и произошли между ними бой великий и сражение ожесто-
ченное» [11; 374–375]. Осы шайқас барысында Қадірберді қаза тауып, Едіге ауыр жараланады. Бұл
туралы əл-Айнидің жазбасында «Кадирберди (сам) был убит во время схватки, и соратники его
бежали. Идики также был поражен множеством ран, и войска его также обратились в бегство» деп
айтылады [11; 375]. Едіге Қадірберді жеңіске жетті екен деп қашады: «Идики бежал, предполагая что
Кадирберди победил. Покрытый ранами, он прибыл в одно (отдаленное место)» [151; 375]. Əл-
Айнидің айтып отырғаны «алыс жері» Ұлытау таулары болуы керек, себебі Едігенің жерленген жері
Едіге деп аталатын тауда орналасқан. Алайда ибн-Арабшах Едігенің қаза болуы туралы біршама
өзгешелеу мəліметтер келтіреді: «В сумраках Дештских, вдруг в полном величии власти
Джелалиевой появился (один) из блестящих потомков Токтамышевых и поднялся, выступая из стран
Русских. Произошло это событие в течении 814 года (25 апреля 1411 – 12 апреля 1412 г.).
Обострились дела, усложнились бедствия и ослабло значение Идику. Тимур (хан) был убит, и
продолжались смуты да раздоры между царями владений Кипчакских, пока, (наконец), Идику,
раненый, потонув, не умер. Его вытащили из реки Сайхун, у Сарайчука, и бросили на произвол
судьбы — да смилуется над ним Аллах Всевышний!» [11; 343]. Бұл жерде ибн-Арабшах бірнеше
жылдардың оқиғаларын бірге келтіріп отырған болса керек. Себебі, əл-Айнидің жазуы бойынша,
Едіге 1419–1420 жж. қаза табады. Ал, Б.Д.Греков жəне Ю.А.Якубовскийдің зерттеуінде Едігенің 1419
жылы тірі болғандығы туралы польша тарихшысы Ян Длугоштың мəліметтері келтіріледі. Онда сол
Едігенің Польша королі Витовтқа елшілік жібергені айтылған екен [12; 255]. Демек, ибн-Арабшах
Едігенің Тоқтамыс балаларымен бірнеше жыл бойғы соғысын айта келіп, əл-Айнидің жазбасындағы
Қадірбердімен шайқасындағы Едігенің қаза болуын жазады. Зерттеушілер Б.Д.Греков,
Ю.А.Якубовский ол шайқастың Сарайшық қаласының тұсында болуы мүмкін екендігін атап өтеді
[12; 255]. Қ.Жалайыр «бұл Едіге би алпыс үш жасында опат болды» деп жазады [10; 118].
Ұлытау тауларының бірі Едіге тауы деп аталады [14; 45]. Оның басында Едігенің тастан
қаланған бейіті бар екенін жергілікті халық та, өлкетанушылар да айтып жүр [15; 16; 15]. Бұл туралы
Мəшһүр Жүсіп шежіресінде мынандай аңыз бар: «Ер Едігенің өзі тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау
екен. Өзі өлерінде Ұлытаудың басында отырып, Кейқуаттың сөзінен құса болып жарылып өлген
екен. Сонда өлерінде айтқан екен: «Мені бұл жерге жер қазып көмбеңдер, қорған тас қалап қойыңдар,
Нұралы жер үстінде бар болса, «Ат айналып қазығын, диірмен айланып шүмегін табар», — дегендей
бір табар. Сонда мені Қаратаудың бауырында Қарақалпақ атасы Созақтың қара обасының қасында
Бабай түкті Шашты Əзіз атам бар, соның қасына апарып қойсын деген өсиетімен денесін сонда
апарып қойған екен. Ұлытаудағы аманат қойған екен. Ұлытаудағы аманат қойған жайын «Ақ мешіт
əулие» деп атап кетіпті» [17; 82].
Мəшһүр Жүсіптің «аманат қойған» деген мəліметіне қарағанда, Едігені Ұлытауға уақытша
жерлеп, кейіннен өзінің өсиеті бойынша алып кетуі де мүмкін. Бүгінгі күнде Ұлытау тауларының
Едіге деп аталатын тауда тастан үйілген үлкен қорым орналасқан. Жергілікті өлкетанушы
Қ.Ахметовтың «Ұлытаудың бір шоқысының басында фəниде бір-бірімен алысып, арпалысып өткен
Едіге мен Тоқтамыс қатар жатыр» деген мəліметі күмəн тудырады [16; 15]. М.Əбдіровтың Көшім
ханға байланысты зерттеуінде, Алтын Ордадан қашқан Тоқтамыс аз уақыт болса да Түменде хандық
құрғанын жəне автор, «кейбір деректер бойынша, Тоқтамыс Сібірде, Шымғы-Тұраның жанында
33
қайтыс болады» деп жазады [18; 27]. Бұл «Ескендір анонимі» деп аталатын ортағасырлық шығармада
айтылады: «В продолжении 17 лет он ( Тоқтамыс. — Ж.Ж.) находился на ханском престоле, после же
этого, вследствие бунта и неблагодарности (по отношению) к Тимуру, он оказался на границе гибели
и исчезновения, лишился крова и дома и, наконец, умер естественной смертью в 800 г. (=24IX1397–
12IX1398) в пределах Тулина» [3; 133]. Жинақты құрастырушылар автордың Тулин деп отырғанын
Тумин-Тюмень деп санаған дұрыс, себебі, орыс деректері бойынша, Тоқтамыс сол жерде қайтыс
болған деп түсіндіреді [3; 133].
Ұлытау өңірінің орта ғасырлардағы тарихи географиясын анықтау жазба деректердің негізінде
мүмкін бола алады. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлытау өңірінің орта ғасырлардағы тарихи географиясын
кезеңдерге бөле отырып, жүйелі түрде қарастыру зерттеу жүмысының мүмкіндігін арттыра түседі.
Мақалада Ұлытау өңірінің тарихи географиясы Алтын Орда тарихына қатысты жазба деректер
арқылы сипатталды. Тарихи география тұрғысынан бірнеше мəселелер анықталды:
1. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы өмірінің соңғы жылдарын (жылын) Ұлытау өңірінде
өткізді. Жошының кесенесі Ұлытау ауданында, Кеңгір өзенінің бойында орналасқан.
2. 1391 жылғы Əмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы Ұлытау өңірі арқылы өтті жəне оның
белгісі Алтыншоқыдан табылған тастағы жазу.
3. Алтын Орданың билеушісі болған Едіге Ұлытау тауларында жерленген.
4. Ұлытау өңірінің территориясы Жошы ұлысы екіге бөлінгенде Ақ Орданың құрамында болды.
Ұлытау өңірінің тарихи географиясының мəселелерін ортағасырлық жазба деректер арқылы
анықтылып отыр. Ендігі кезекте Ұлытау өңірінің тарихи географиясына арналған карта құрастыру
қажеттілігі туындайды.
Əдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. — 768 б.
2. Караганда. Карагандинская область: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2008. — 528 с.
3. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. — Т. 2. Извлечения из персидских сочинений, собр.
В.Г.Тизенгаузеном и обработ. А.А.Ромаскевичем и С.Л.Волиным. — М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1941. — 308 с.
4. Сокровенное сказание монголов: Анонимная монгольская хроника 1240 г. — Элиста: Калм. кн. изд-во, 1990. — 280 с.
5. Əбілғазы. Түрік шежіресі. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 208 б.
6. Утемиш-Хаджи. Чингизнаме / Факс., пер., транскр., текстол. прим., исслед. В.П.Юдина / Коммент. и указ.
М.Х.Абусеитовой. — Алматы: Ғылым, 1992. — 296 с.
7. Бартольд В.В. Сочинения. — Т. I. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. — М.: Наука, 1963. — 763 с.
8. Семенов А.А. К вопросу о происхождении и составе узбеков Шейбани хана // Тр. АН Таджикской ССР. — Т. XII. —
1953. — С. 3–37.
9. Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском районе // Избранное: В 5 т. / Сост. М.К.Сатпаев. — 2-е
изд., сокр. — Шымкент: Оңтүстік полиграфия, 2007. — Т. 5: Науч.-попул. и общ.-полит. ст., выступл. — 416 с.
10. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. — Алматы: Қазақстан, 1997. — 128 б.
11. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. — Т. I. Извлечения из арабских сочинений, собр.
В.Г.Тизенгаузеном. Подготовка к новому изд., введ., доп. и коммент. Б.Е.Кумекова, А.К.Муминова. — Алматы: Дайк-
Пресс, 2005. — 711 с.
12. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. — М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1950. — 478 с.
13. Едіге. Халық эпосы / Текстологиясын қарап, баспаға əзірлеген, алғы сөзін, соңғы сөзін жазған Е.Мағауин. — Алматы,
1993. — 78 б.
14. Сатпаев К.И. Историко-археологические данные в Джезказганском районе // Избранное: В 5-ти т./ Сост.М.К.Сатпаев.
— 2-е изд. сокр. — Шымкент: Оңтүстік полиграфия, 2007. — Т. 5: Науч.-попул. и общ.-полит. ст., выступл. — 416 с.
15. Ұлытау. Экспедиция материалдары // Жинақтаушылар: Т.Т.Аршабеков, Ж.А.Жұмабеков. — Қарағанды, 2005;
Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А., Төлеуов Т.С. Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мəдени ескерткіштері. — Қарағанды:
Гласир, 2008. — 250 б.
16. Ахметов Қ. Ұлытау. — Астана: Фолиант, 2006. — 344 б.
17. Көпеев М.Ж. Таңдамалы: Екі томдық. — 2-т. — Алматы: Ғылым, 1992 — 224 б.
18. Абдиров М. Хан Кучум: известный и неизвестный. — Алматы: Жалын, 1996. — 176 с.
34
ƏОЖ 94. (574.25) 08
М.С.Амрина
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |