46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата05.02.2017
өлшемі12,74 Mb.
#3473
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41

 
Keywords: training of the Kazakh language as foreign, innovative methods, adapted grammar, 
creating innovative technology. 
 
 

225 
 
Аннотация 
Автор  статьи  системно  обосновывает  пути  развития  государственного  языка  в  
профессиональной  научно-технической  сфере,  основываясь  на  понимании  его  приоритета  и 
роли в становлении государственности Казахстана и его будущем. С ростом значимости языка 
и  расширении  сферы  его  применения  необходимы  разработка  новых  научных  теорий    и 
внедрение  инновационных    подходов  к  их  внедрению  в  области  обучения  иностранных 
студентов и их подготовки к обучения по различным специальностям. 
 
Annotation 
Author of article is system proves ways of development of language and national culture in 
space and time and argues that the main support of spiritual and material culture is the state language. 
Defines importance of the Kazakh language in the light of domestic and universal values and 
informative, instructive, competent value on the basis of the innovative scientific theory. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер  
1. Т.Әбдіқадырова, Г.Үрістенбекова. Төл дыбыстарды  меңгерту – тіл меңгертудің негізі. //«Қазақ 
тілі мен әдебиеті». Б.6, №10,1999.  
2. Engilsh as a Second Language. School and Education Resources// International Educftion, 2012. //P. 
31-60; 
3. Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М. оқытудың жаңа технологиясы. Алматы, 1999. Б.5.  
4. Деятельность, сознание, личность. Под редакцией Леонтьева А.Н. Москва, 1997. –стр.106.  
 
 
 
Жұбаназарова Н.С., Нареге Г., Лиясова А.А., Адилова Э.Т., Аймаганбетова О.Х. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОКЫТУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ОҚУШЫ БІЛІМІНЕ ТИГІЗЕР ӘСЕРІ 
 
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде Қазақстандықтардың алдында үлкен міндеттер тұр, ол 
–  қоғам  сұраныстарына  ілесе  алатын  бәсекеге  қабілетті,  алдыңғы  қатарлы  елдермен  теңесе 
алатын ұрпақ тәрбиелеу. 
Жаңа стандарт ҚР  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат  ұстанымдарына,  білім 
беруді басқарудың, ұйымдастырудың демократиялық сипатына сәйкес білім беру ұйымдарына, 
пән  мұғалімдеріне  озық  педагогикалық  технологияларды  таңдап  пайдалану  және  өзіндік 
әдістемелік - шығармашылық ізденістерінің нәтижесін еркін қолдану мүмкіндігі берілген. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  мемлекеттік  саясат  негізінде  ең 
алғашқы  рет  «Әр  баланың  жеке  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы,  жеке  адамның 
дарындылығын  дамыту»  сияқты  өзекті  мәселелер  енгізіліп  отырғаны  белгілі[1].  Өйткені, 
ғылым  мен  техниканы,  өндірісті  қазіргідей  әлемдік  деңгейде  дамыту  үшін  елімізге 
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. 
Ал  ондай  мамандар  дарынды  балалардың  ішінен  шығады.  Стандарт  дарынды  балаларды 
дамытуды, оның негізінде оқу-тәрбие үрдісі бес сала бойынша жүзеге асырылады: 
 денсаулық; 
 қатынас; 
 таным; 
 шығармашылық; 
 әлеуметтік орта. 
 Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 
интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі  білім  беру  саласын  жақсартудың  бірден – бір  жолы  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  қолдану. Бүгінгі оқыту жүйесінде  әртүрлі жаңа  технологияларды  пайдалану 
тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. 

226 
 
Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және 
дербес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып,  шығармашылықтарын 
қалыптастыру болып табылады. 
Оқыту  барысында  жаңа  технологиялық  әдістерді  пайдалану  шәкірттердің  ойлана  білу 
қабілеттерін  дамытады,  олардың  білім  сапасын  жақсартады,  ой  өрісін  кеңейтеді,  есте  сақтау 
қабілеттерн өсіреді. 
Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін  әр  мұғалім  өзінің 
алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат – 
мүддесіне байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. 
Баланың  жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы,  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой - өрісінің 
кеңеюі  мектеп  қабырғасында  басталады.  Оқушыларды  еркін  ойлауға,  талпынысқа  баулу – 
мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы. 
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа 
технологияларын  оқыту  үдерісіне  тиімділікпен  енгізу  жолын  негіздейді.  Бұл  жаңа  бағыт 
оқудың  нәтижесін  алдын  ала  болжап  және  сол  арқылы  оқушылардың  өзін-өзі  дамытуға 
қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер 
мен  зерттеулерде  Қазақстандық  мектептердің  болашағына  игі  ықпалын  тигізер  жолдар  мен 
бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске 
қатысушы  маңызды  субъектісі  деп  санап,  оның  ана  тілінде  терең  ойлай  алуы  мен  шебер 
сөйлеуін,  сауатты  жазу  тілін  дамытып,  оқу  барысында  алған  білімі  мен  игерген  машық-
дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – 
жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты. 
Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта 
оқыту  технологиясы  болып  отыр.  Бұл  технология  Қазақстан  мектептерінде  біртіндеп  қолдана 
басталды. Енді аталған жаңа технологияның дамыта оқыту технологиясына көз жүгіртсек. 
В.В.  Давыдов  «Дамыта  оқыту  дегеніміз – ақыл – ойдың  дамуының  көрсеткіші  ретінде 
жинақтай,  қорытындылай  алу  дағдысы» - дейді[2].  Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік - 
зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала  өзінің  осы  кезге 
дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның 
білім  алуға  деген  ынтасы  артып,  білім  алуда  әрекет  жасайды.  Дамыта  оқыту  жүйесіндегі 
сабақтардың технологиясы: 
 
Оқу міндетін қою сабағы 
 
Модельдеу сабағы 
 
Түсінікті нақтылау сабағы 
 
Нақтылау сабағы 
 
Бағалау сабағы 
1.  Оқу мақсаттарының нақты қойылуы. 
2.  Оны шешудің жолын бірге қарастыру. 
3.  Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл  үшеуі – дамыта  оқытудың  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов  жасаған  жүйесінің  негізгі 
компоненттері.  Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын  қоюда  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді.  
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін 
ұйымдастырушы,  бағыттаушы  рөлінде  ғана  болады.  Шешім  табылған  кезде  әркім  оның 
дұрыстығын  дәлелдей  білуге  үйретіліп,  әр  оқушыға  өз  ойын,  өз  пікірін  айтуға  мүмкіндік 
беріледі. 
Дамыта оқыту белгілері: 
1.  Педагогикадағы  түсіндірмелі - иллюстративті  әдісі  алмастырады.  Бұл  әдіс  тұлға 
дамуы – тығыз байланыста. 
2.  Дамытудың  барлық  заңдылықтарын  ескереді,  жеке  бастың  өзіндік  деңгейі  мен 
ерекшелігіне сәйкестендіріледі. 
3.  Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады. 
4.  Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі. 
5.  Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген. 
6.  Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады. 
Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-  ой  әрекетін  меңгеруге  жағдай  жасау  деп 
қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту  сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда  дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы 

227 
 
емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту 
ғана  баланың  ақыл – ойының  көзін  ашып,  шығармашылығын  дамытады.  Кейінгі  жылдары 
дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің 
авторлары  «дамыта  оқыту  деп-  оқыту  мақсаты,  міндеттері,  әдіс-  тәсілдері  баланың  даму 
заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.  
Оқыту  арқылы  баланың  психикасында  жаңа  құрылымдар  пайда  болуы,  яғни  жаңа 
сапалық  өзгерістер  болуы  тиіс  деп  есептейді.  Жүйенің  басты  мақсаттарының  бірі-  баланы 
оқыта  отырып  жалпы  дамыту,  оның  еркіндігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  ізденуге,  шешім 
қабылдауға  дағдыландыру,  жекелік  қасиеттерін  ескеру,  басшылыққа  алу,  әрі  қарайұшқырлау, 
тұлғалыққа  бағыттау.  Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік-  ойлау  әрекетін  ұйымдастыру 
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің 
жаңа мәселені шешуге  жеткіліксіз екенін сезетіндей  жағдайға түсуі керек. Содан барып оның 
білім  алуға  деген  ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға  әрекеттенеді.  Мұғалім  сабақ  үрдісін 
ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде  шешім  табылған  кезде  әркім  оның  дұрыстығын 
өзінше  дәлелдей  білуге  үйретіледі.  Әр  оқушыға  өз  ойын,  пікірін  айтуға  мүмкііндік  беріледі, 
жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала 
жасаған  еңбегінің  нәтижесімен  бөлісіп,  дәлелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке  тәжірибесін 
қорытындылауға үйренеді. 
 Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден- 
дамыта  оқытуда  білім  даяр  күйінде  берілмейді,  оған  оқушы  өз  оқу  әрекеті  арқылы  қол 
жеткізеді.  Сабақтың  алғашқы  ізденіс  кезеңінде  жаңа  ақпарат  жайлы  не  білетіндіктерін  ортаға 
салып,  мәселені  өз  беттерінше  шешуге  талпынады.  Сөйтіп  олар  осы  мәселе  туралы  өз 
білімдерінің  жеткіліксіз,  таяз  екенін  сезіну  арқылы  сабаққа  деген  қызығушылықтары  оянады, 
ішкі түрткілері пайда болады. 
Екіншіден-  дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары  қиындықтағы  мәселелерді  шеше  отырып 
өзінің  санасының  саңылауларын  ашады.  Әр  оқушының  өзінің  деңгейіне  дейін  дамуға  қол 
жеткізе  алады. «Жақсы  оқушы», «Жаман  оқушы»  ұғымының  болмауы,  балаларды  танымдық 
әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. 
Үшіншіден-  оқушының  жеке  басын  дамытатын  басты  құрал-  ол  өзінің  әрекеті.  Сол 
себепті  дамыта  оқытудағы  оқыту  әдістері  оқушыны  белсенді  жұмыс  жағдайына  қоя  отырып, 
мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 
Төртіншіден-  дамыта  оқыту  жүйесінің  нәтижелі  болуы  оқушы  мен  мұғалімнің 
арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі 
жүйедегі  әміршілдік  стиль  бұл  жерде  тиімсіз,  оқушы- «орындаушы», «мұғалімнің 
тасасындағы» объект емес. 
Осылайша,  дамыта  оқыту  бойынша  сабақ  кезеңдеріндеоқушылар  сабақтың  мақсат, 
міндетін  өздері  анықтайды,  мәселені  шешу  жолын  іздестіреді,  жаңаны  өздері  табады, 
ақылдасады, кеңеседі. 
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік 
құзыреттіліктері  қалыптасады.  Құзыреттілік  қалыптастырудың  келесі  міндеті  әр  сабақтың 
өмірлік  жағдайлармен  байланыстылығы.  Бұл  орайда  құзыреттіліктерді  қалыптастыруға 
бағдарланған тапсырмалар қолданылады. Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы 
құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. 
Оқытудың  белсенді  әдістері  мыналар:  Бағдарламалық  оқыту,  проблемалық  оқыту, 
пікірталас  әдістері,  дөңгелек  үстел,  іс  ойыны,  сайыстар,  миға  шабуыл,  тренингтер.  Осындай 
әдістер  оқушының  белсенді  іс-әрекетіне  бағытталады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын 
қолданғанда  мұғалім  мен  оқушыға  берер  жетістігі  мол,  олар:  оқушының  өз  бетінше  ізенуіне, 
логикалық-сараптамалық ойлау қабілетін дамытуға, практикалық іс-әрекетте болуға, өз бетімен 
жұмыс  жасауға  тәрбиелеу,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға,  білім,  іскерлік,  дағдыны 
қалыптастыруға,  жан-жақты  мағлұмат  алуына  бағыт  беру,  ақпаратты  саралауға,  жүйелі 
жүргізуге  дағдылануға  үйретеді.  Бұлар – оқушыны  мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін 
сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу 
жолдарын  іздей  отырып  қиындықты  жеңуге  баулитын  бағдарлама.  Әрине,  мұндай  сабақтар 
тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы. 
Жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқу  үрдістері:  дамыта  оқыту;  баланың  жеке  ерекшеліктерін 
қалыптастыруға педагогикалвқ қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту 
құралы ретінде қарастыру болып табылады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты 

228 
 
– адамды қолдау, дамыту, өзінің өмірлік жоспарларын жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі 
тәрбиелеудің  тетіктерін  қалыптастыратын  ынтымақтастық.  Мұндай  технологияларға 
ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған 
дербес  шешімдер  қабылдауға,  шығармашылыққа,  мұғаліммен  өзара  шығармашылық 
ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән. 
Бүгінгі таңда қолданыста мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар: 
- В. Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы; 
- П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы; 
- В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы; 
- Ш. Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы; 
- Л. Занковтың, Д. Эльконин мен В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы; 
- Ю. Бабанскийдің оқу үрдісін оңтайландыру технологиясы[3].; 
Сондай-ақ, Қазақстандық ғалымдарымыз Ж. Қараевтың, Т. Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М. 
Жанпейісованың, Н. Нұрахметов пен К. Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңнен танымал. 
Осындай  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  технологиялары  қазіргі  кезеңде  мектеп  оқыту 
үрдісінде кеңнен пайдаланылып, оң жемістерін беруде. 
Оқушыларға  білімді  өз  бетінше  игерту-сабақ  беретін  мұғалімнің  шеберлігі  мен 
іскерлігіне  байланысты.  Қазақ  тілінен  қай  тақырыпты  өтсе  де,  міндетті  түрде  оқушыларға  өз 
бетінше  жұмыс  тапсырылады.  Бұл  жас  ұрпаққа  білім  беру  үстінде  оқушының  ой  белсенділігі 
мен  дербестігін  тәрбиелейді,  олардың  іскерлігі  мен  дағдысын,  ойлау  қабілеттерін  дамытады. 
Бүгінгі  таңда  пән  мұғалімдерінің  міндеті  де  осы.  Сонымен  бірге  ғылым  мен  техниканың 
дамуына сәйкес әр оқушы ғылым мен мәдениет саласындағы озық жетістіктермен өрлеп өсіп 
отыруы қажет. 
Мысалы: 5-сыныпта  «Анықтауыш»  тақырыбын  өткенде,  оның  білімдік  мақсаты, 
анықтауыштың сөйлемдегі қызметін таныту, оның сұрақтары, құрамы, жасалу жолдары туралы 
сөйлемнен  анықтауышты  таба  білу,  оны  күнделікті  өмірде  қолдана  білу,  басқа  сөйлем 
мүшелерінен  басты  ерекшелігін,  яғни  өзіндік  белгілерін  ажырата  білу,  т.б.  іскеліктерін 
қалыптастыруды  көздейді  де,  осы  білімнің  саналы  меңгерілуі  үшін  сабақтың  дамытушылық 
мақсаттарында жеке тұлғаның психикалық құрылымына енетін компоненттердің барлығының 
қатысуы  арқылы  дидактикалық  жаттығулар  ұйымдастырылады.  Сабақтың  жоспарында 
оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту көзделсе, ол жеке дара бөлініп алынбайды, сол 
топқа  кіретін  басқа  жұмыстың  дені  осы  мақсаттан  туындап,  оның  айналасында 
шоғырландырады. Бұл сабақтың жүйелі, сапалы өтуіне ұйытқы, желі болады. Мұғалім сабақта 
жүргізілетін  әрбір  жұмысты  жоспарлағанда  қосымша  тапсырмалар  беру  арқылы  оқушының 
ойын, ақылын дамыту мәселесіне ерекше назар аударады. 
Қазақ  тілі  сабағында  дамыта  оқыту – оқушылардың  ауызша,  жазбаша  жұмыстарын 
бағалау  арқылы  олардың  ой-өрісін,  тіл  байлығын  дамытуға  арналған  жаттығулар  арқылы 
жасалады. Саяхатқа шығару, мұражайларға апару, сол бойынша пікір туындату, пікір-таластар 
арқылы  танымын  кеңейту  секілді  шаралардың  да  маңызы  зор.  Сонымен  бірге  оқушылардың 
теориялық ойлауын дамыту оқушы бойындағы шығармашылық мүмкіндікті іздеп табуға және 
соған  оларды  ынталандыруға  мүмкіндік  тудырады.  Оқушының  ойлау  дәрежесін  дамытатын 
жаңа әдістерді үнемі іздестіретін мұғалімнің тынымсыз еңбек етуін талап етеді. Жеке тұлғаны 
дамыта,  дарыта  оқыту – оқушылардың  ақыл-ойын,  танымдық  белсенділігін,  қабілетін 
дамытуға,  олардың  білім  дағдыларымен  қаруландырып,  кәсіптік  мамандықты  дұрыс 
таңдауына, еңбекке араласуына, өмірлік мәні бар әлеуметтік проблемаларды түсініп, өз орнын 
табуға, азамат болуларына көмектеседі. 
Қазақ  тілі  сабағын  дамыта  оқытудың  тағы  бір  жолы – қазақ  тіліне  берілетін  ғылым-
білімнің  бір-бірімен  тығыз  байланысқан  мазмұнын  интеграциялай  оқытудың  тиімді 
варианттарын таңдау, іздеу қажеттігі де туып отыр. 
Мектептерде  оқытылатын  қазақ  тілі – ана  тілі  барлық  пәндерді  меңгерудің , игерудің 
бірден-бір  құралы  болғандықтан,  оның  кез-келген  тақырыбын  басқа  пәндермен  тығыз 
байланыстырып оқытудың маңызы зор. 
«Интеграция»  термині – латын  сөзі «interatio» - қалпына  келтіру,  қайта  құру,  толысу 
толықтыру деген ұғымды білдіреді. Сонымен бірге білім беруде негізгі талап – оқушылардың 
тілін  дамыту,  сөйлеу  мәдениетін  көтеру  және  оларға  тілді  таным  құралы  ретінде  терең 
меңгерту,  түбегейлі  пәннің  мазмұнын  тілдік  негізде  интеграциялай  оқыту – мұғалім  алдында 
қойылып  отырған  күрделі  мәселе.  Өйткені  тіл – дүниетанудың  негізгі  құралы.  Қазіргі  өмір 

229 
 
талап  етіп  отырғандай,  әрбір  оқушының  бойына  ізденімпаздық  қасиет  дарыту,  ақыл-ойының 
дамуын,  білім  деңгейін  есепке  алып,  топқа  бөлу,  не  даралап  оқыту  сияқты  жұмыс  жүргізу 
қажет.  Оған  әрине,  оқытудың  сан  алуан  тиімді  түрлері  мен  әдістерін  барынша  кең  қолдану 
арқылы  қол  жеткізуге  болады.  Оқушылардың  бәрі  де  жақсы  оқығысы  келеді.  Бірақ  олардың 
ақыл-ой  қабілеті,  бағдарламада  берілген  материалды  ұғыну  қабілеті  бірдей  емес. 
Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады да, кейбіреулері орташа 
ұғады. Кейде үлгере алмайтын да оқушылар кездеседі. Сондықтан да барлық оқушының қолын 
білімге жеткізу үшін, өз мүмкіндіктеріне сәйкес үйретудің маңызын зерттеуші ғалымдарымыз 
ғылыми  түрде  дәлелдеп  берді.  Сабақта  дифференциялай  қатынас  жасап,  білім  беруді – 
мұғалімдер үнемі жақсы оқитын және үлгерімі нашар балаларды топқа бөле отырып, үлгерімі 
нашар балалаларға көп көңіл бөледі. Олармен өте жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы пейіл 
білдіру арқылы баланың жүрегіне жол табады, баламен жақсы қарым-қатынас жасай отырып, 
сұрау,  сөйлесу,  түсіндіру  жағын  ойластырады.Мұғалім  сабақ  өткізу  барысында  көбінесе  өз 
бетімен  жұмыс  жүргізгенде,  немесе  саяхатқа  шыққанда,  жеке  топқа  тапсырмалар  бергенде  өз 
пәні бойынша үйірмеге тарту, т.б. жолдары арқылы дифференциялау тәсілін қолданады.  
ХХІ  ғасыр – жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры.  Қоғамның  әрбір 
даму  кезеңі  ең  алдымен  сол  қоғамға  сәйкес  жаңа  адамды  қалыптастыруды  көздейтіні – 
ешқашан  маңызын  жоймайтын  тарихи  құбылыс.  Олай  болса,  мұғалімдердің  алдында  тұрған 
бірден-бір  мақсат – оқушылар  алған  білімдерін  пайдаға  асырып,  өзара  әрекет  ете  алатын, 
ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу. 
Сабақты  оқытудың  инновациялық  технологиясымен  өткізу –– оқушылардың  білім 
сапасын  арттырып,  олардың  шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамытып  отырады,  ал 
педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Жалпы білім сапасын көтеру бір 
күндік жұмыс емес. Ол оқытушыдан шеберлікті, ізденісті қажет етеді. 
Қорыта  келгенде,  әр  ұстаз  оқушыларына  тасқындаған  білім  қорын  үйрету  үшін,  оқыту 
әдісінде  қосылған  бұрынғы  әдістердің  тиімдісін  пайдалана  отырып,  соңғы  жаңалықтарды: 
деңгейлеп  оқыту,  интеграциялық  оқыту,  модульдік  оқыту,  ақпараттық,  тест  жүйесі 
(компьютерлік) оқыту интерактивті тақтамен оқыту т.б. технологияларды пайдалану жолдары 
сөз  болады.  Қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  мәселесі,  сол  қоғам  мүддесіне  лайықты 
болуы керек. Қазақтың бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде дейтін болсақ, жас ұрпаққа 
білім беру ісінде мұғалім оқушыға басшылық жасай отырып, олардың сапалы білім алуына жол 
көрсетіп отырғанда ғана қол жеткізе алады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
Қазақстан халқына Жолдауы -Егемен Қазақстан, 2012 жыл 17 қаңтар 
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального 
исследования.- М.: Педагогика, 1986.- 240 с. 
4.  Бабанский  Ю.К.  Проблема  повышения  эффективности  педагогических  исследований:  Дидак-
тический аспект. - М., 1982.  - 192 с. 
 
 
 
Негизбаева М.О. 
 
ПОДГОТОВКА PR-СПЕЦИАЛИСТОВ:  
ИНФОРМАЦИОННО-ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ АСПЕКТ 
 
Качественное  образование всегда  было  гарантией  стабильности,  возможностью 
реализации профессионального потенциала. Модернизация образовательных программ в целях 
подготовки  конкурентоспособных    кадров  подразумевает,  прежде  всего,  интегрированную 
систему  подготовки  высококвалифицированных  специалистов  в  рамках  кластера  «вуз-наука-
работодатель».  Кластерный  подход  предполагает  взаимовыгодность,  непрерывность,  сотруд-
ничество и т.д. 
Современный  рынок PR-специалистов  определил  необходимость  кооперации  между 
различными  субъектами  научной  и  инновационной  деятельности,  поддержку  партнерских 
отношений между бизнесом, государственными структурами и университетом. В современных 

230 
 
условиях  специалист  должен  ориентироваться  не  на  то,  что  необходимо  сегодня,  а  на  то,  что 
будет  востребовано  завтра.  В  этой  связи  необходимо  расширять  использование  в  учебном 
процессе  новейшие  достижения  науки  и  техники,  особенно  авторские  научно-
исследовательские разработки.  
Важно  мотивировать  будущих PR-специалистов  изучением  предмета  посредством 
личной  заинтересованности  в  овладении  знаниями  и  повысить  интерес  к  научно-исследова-
тельской работе. Тем самым осуществить подготовку специалистов, ориентированных на сферу 
практической деятельности, которые способны не только генерировать идеи, но и развивать их 
и внедрять в виде новых технологии в производство. 
Приоритетным в формировании компетентностной модели выпускников – будущих PR-
специалистов  должны  стать,  как  получение  глубоких  теоретических  знаний,  так  и  выработка 
практических  навыков  и  умений  в  сфере  профессиональной  деятельности.  Актуально  при-
влечение  к  процессу  обучения  состоявшихся PR-специалистов,  работников  пресс-служб, 
имиджмейкеров, спичрайтеров, бренд-менеджеров, копирайтеров и др., способных поделиться 
реальным опытом работы в соответствующих направлениях специальности и специализаций, а 
также дать критическую оценку образовательной подготовке.  
Современные  методы  образования  способствуют    положительной  мотивации  обучения, 
активизируют  познавательную  деятельность  студентов,  развивают  логическое  и  творческое 
мышление, формируют умение самостоятельно планировать процесс и оценивать собственную 
учебно-познавательную  деятельность.  Одним  из  эффективных  методов  в  личностно-
ориентированном методе является обучение в сотрудничестве - это совместное исследование, в 
результате  которого  студенты  работают  вместе,  коллективно  конструируя,  продуцируя  новые 
знания.  
PR-деятельность – не  набор  технических  приемов,  а  запланированная,  ориентированная 
на результат, оцениваемая и связанная с бизнес-целями организации управленческая функция. 
Предназначение PR, по мнению известного специалиста в области PR Филиппа Лесли, - «быть 
всегда в середине, вращаясь между своими клиентами, нанимателями и рядовыми служащими. 
Эта  серединная  позиция  не  свойственна  никакой  другой  категории  людей,  имеющих  дело  с 
«климатом взаимоотношений». Все другие специалисты – журналисты, социологи, психологи, 
политики – ориентированы в направлении своих конкретных областей» [1]. 
Являясь  управленческой  функцией  и  одновременно  элементом  маркетинговой  комму-
никации, PR осуществляет  комплекс  мер  и  различного  рода  коммуникации  между  государ-
ством  и  общественностью,  направленные  на  повышение  положительной  репутации,  разъяс-
нение национальных идеи и программ.  
При  выходе  из  вуза PR-специалист  должен  обладать  определенными  навыками  и 
компетенциями  в  зависимости  от  выбранной  индивидуальной  образовательной  траектории 
(ИОТ). Это: 
- разработка стратегического и тактического планов; 
- организация,  проведение  и  контроль PR-мероприятий  (пресс-конференции,  круглые 
столы, Форумы, фестивали, выставки, провокационные мероприятия и т.п.); 
- оценка результатов и анализ эффективности запланированной PR-кампании; 
- постоянный мониторинг рейтинга масс-медиа; 
- налаживание отношений с внешней средой (потребителями, партнерами, конкурентами, 
журналистами, лидерами общественного мнения, представителями государственных структур и 
т.п.); 
- организация  и  проведение  внутренних PR-мероприятий  (создание  благоприятных 
условий труда сотрудникам и журналистам, корпоративные мероприятия, внутриорганизацион-
ные каналы распространения информации и т.п.); 
- предотвращение и устранение конфликтных ситуаций внутри медиакомпании, работа с 
внешними конфликтогенами, антикризисный PR; 
- профессиональные  отношения  с  бизнес-сообществом:  создание  привлекательного 
информационного повода, подготовка материалов, пресс-релизов, статей, экспертной оценки; 
- социальное партнерство; 
- мониторинг СМИ; 
- подготовка  и  реализация  фирменной  рекламной  печатной  и  сувенирной  продукции 
(буклеты, проспекты, брелоки, значки, ручки, блокноты, футболки, кепки и т.п.). 

231 
 
Информационные  технологии  в  развитых  странах  усиливают  и  создают  новые  возмож-
ности  для  политической,  социальной,  экономической,  культурной  деятельностей.  Интересы  и 
потребности  общественности  всегда  тесно  связаны  с  политической,  экономической  и 
социальной  обстановкой.  В  таких  условиях  важным  фактором  успеха  являются PR-комму-
никации и информация. PR как социально - коммуникативная технология стал необходимой и 
значимой  функцией  в  системе  организации,  управления  и  продвижения.  Изменчивость 
ситуации  в  мировом  сообществе  закрепила  необходимость  в  профессиональных,  деловых  и 
информационных  отношениях  с  общественностью.  Поэтому  специальность  «Связи  с  общест-
венностью» актуальна и необходима современному рынку труда. 
Международные  научно-практические  конференции  КазНУ  им.  аль-Фараби  ежегодно 
подтверждают  интеграцию  системы  высшего  образования  Казахстана  в  международное 
научно-образовательное  пространство  и  адаптацию  системы  образования  к  требованиям 
мирового рынка образования и рыка труда. 
Модернизация  образовательных  программ  обеспечит:  привлечение  талантливой  моло-
дежи  в  науку  и  образование;  повышение  эффективности  использования  бюджетных  средств, 
кадровых,  информационных  и  материально-технических  ресурсов  научных  организации  и 
вузов  при  проведении  фундаментальных  и  прикладных  исследований  в  подготовке  научных 
кадров; активизацию взаимосвязи с бизнесом, процессов коммерциализации результатов науч-
ных  исследований/разработок  и,  наконец,  практический  опыт  участия  в  научных  исследо-
ваниях, полученных в процессе обучения. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет