часть своих работ он посвятил этой тематике. Исследованы исторические этапы и темы легенд о кюях,
приведена классификация групп жанровых особенностей с научной точки зрения ученого. Отражены
биография и творчество исполнителей кюев.
Zh.K.Smagulov, A.Zh.Abdikadirova
A.Seydimbek and genre features of the legends about kyui
This article deals with A.Seydimbek’s research work, which is dedicated to the legends of kyui. He paid more
attention to this direction in the literary creative work of the Kazakh people. The role of music in the Kazakh
folklore is emphasized exactly by the legends about kyui, that is why most of his works are devoted to this
problem. The article is about the historical periods, the themes of legends of kyui and the division of legends
of kyui into groups according to genre peculiarities from a scholarly point of view of the scholar. Also re-
search about the life and creative work of kyui performers is mentioned.
38
Вестник Карагандинского университета
ƏОЖ 821.512.122
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: karenov@mail.ru)
Есімі қазаққа мəлім болған, сөзі үш жүзге тəлім болған
дүлдүл əнші-ақын Үкілі Ыбырай
Өткен ғасырдың көрнекті ақыны, əншісі жəне композиторы Ыбырай Сандыбайұлының
шығармашылық қызметіне сипаттама берілген. Оның ақындық дарыны ерте байқалып, ерте қалыптаса
бастағандығы баса айтылған. Ыбырайдың көптеген лирикалық өлеңдердің авторы екендігі
көрсетілген. Ақын атағының елге кеңінен жайылуы, оның халық арасында төрт нұсқада таралған
əйгілі «Гəкку» əнімен байланысты екендігіне көңіл бөлінген. Əрі ақын, əрі əншінің турашылдығы,
тапқырлығы, батылдығы, шешендігі дəстүрлі суырып салма ақындық өнерге сапалы талаптар əрі үлгі
болып табылатындығы пайымдалған. Ақын өз шығармаларында махаббат толғаныстарын, туған
өлкенің сұлу табиғатын, білімнің күшін жырлап, халықты рухани тазалыққа, əділеттілікке, шындыққа
шақырғандығы дəріптелген. Ыбырайдың шығармашылық өмірі сан қырлы екендігін, ал оның өзінің
əрі ақын, əрі композитор, əрі əнші болғандығы дəлелденген.
Кілтті сөздер: Үкілі Ыбырай, ақын, əнші-композитор, гəкку, халық поэзиясы, махаббат тақырыбы,
айтыстың ақтангері.
Кіріспе
Қазақ əдебиеті мен өнерінің тарихында өздерінің ерекше шығармашылық қырларымен көзге
түсетін бір топ ақын-композиторлар бар, олар: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ т.б.
Қазақтың бұрын-соңды сал, сері-ақындарының дəстүрін жалғастырып, поэзия мен музыканы
шебер ұштастыра біліп, оны жаңа көркемдік мазмұнмен толықтыру да, қалың бұқараның ой-
армандарын білдіретін өршіл сарындармен байланыстыру да бұл ақындардың шығармашылық
дүниесінен мол табылады.
Солардың қатарында тұрғандардың бірі — атақты Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы. Ол бала кезінде
молдадан оқып, арабша сауатын ашқан. Жасынан əнге, өлеңге құмар Ыбырай қазақтың атақты əнші-
ақындарынан үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дəстүрін бойына сіңірген.
Өз заманында əнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа
жуық əндер бар. Мысалы, «Гəкку» (4 түрі), «Қарақат көз», «Арарай», «Бір қызық ит жүгіріп аң
ауласа», «Дүние», «Шалқыма», «Көкше», «Сүйгенім кете барды қасыма еріп», «Қалқа бел»,
«Қалдырған», «Желдірме» т.б. [1].
Үкілі Ыбырай жаңа кеңестік өмірдің ағартушылық пен мəдениет саласындағы саясатына алғаш
қолдау білдіргенімен, кейінгі саяси-əлеуметтік өмірге, ұлттық теңдік деген жалаң үгіт сөз екеніне
ақындық қырағы көңіл көзімен терең бойлай отырып, жалаң ұраншылдықты, Кеңес үкіметінің
жергілікті тұрғындар арасында жүргізген келеңсіз іс-əрекеттерін өзінің өлең жолдарымен өткір сынға
алған [2].
Ыбырай Сандыбайұлының поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі.
Дарынды ақын, бұлбұл əнші, айтулы композитор Үкілі
Ыбырайдың шығармашылығының сан қырлығы
Атадан келе жатқан дəстүр бойынша Ыбырай кезінде ит жүгіртіп, құс салған. Оның санасында
бұл — барлық сал-серілердің салты, жігіттіктің жарастығы мен сəні. Осындай дəстүрлі тақырыпта
оның өлең шығаруы да табиғи нəрсе.
Аңшылықтың қай түрі болса да қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Ол жөнінде өлең мен
жырлар аз емес. Соның ішінде арғы-бергі қазақ поэзиясында, аңшылық туралы ең əдемі
жазылғандары — ұлы Абайдың «Қаңсонарда бүркітші шығады аңға...» [3] жəне Ыбырай
Сандыбайұлының «Бір қызық ит жүгіріп аң ауласа...» [4; 105–106] деген өлеңдері. Ыбырайдың ел
ішіне кең тарап, халықтық болып кеткен шығармасы былай келеді:
Бір қызық ит жүгіріп аң ауласа,
Мінген ат шабуылмен танауласа,
Кигенің іші қызыл орман түлкі
Құлпыртып жез сабаумен сабауласа.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
39
Болғанда биең жарау, атың қату,
Жігітке лайық па қарап жату,
Бір серілік, жастықта ерлік ойға қонып,
Жігітке ол бір қызық дуылдату.
Қызыл жел көңіліңді қыздырмалап
Ұрмай ма тағатыңды бұздырмалап
Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы,
Үшеуі ер жігітке құйрық, қанат.
Қалың бет, салыңқы төс, қамыс құлақ,
Бөп-бөлек ойынды еті тұрған құлап
Жүйрікті бір досыңнан сұрап алып
Кежімдеп кіреуетте жатсаң сұлап.
Бүркітің сонда тұрса саңқ-саңқ етіп,
Күтіліп саятшымен бабы жетіп,
Қанды көз, қайқы тұмсық қарауытып,
Ұмтылып көрінгенге тап-тап етіп.
Қарғылы тұрса тазың сылдыр қағып,
Керіліп бір сілкінсе дүр-дүр қағып
Таңертең аңға шығар мезгілінде
Еркелеп келсе жетіп сылаң қағып.
Сол күні келе қалса аңқұмарың,
Лепілдеп соға қалса ынтазарың
Бүгілтіп жылқыдағы жарау атты,
Ертемен алып келсе малшыларың.
Итті алып аңға шықсақ, құсты біреу
Еріне күміс балдақ қылып тіреу,
Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,
«Па, шіркін, болса» деген бұл бір тілеу.
Таулардан түлкі қашса бұлдыр қағып,
Соңынан қуса тазы сылдыр қағып,
Кейінгі дабылшының айғайымен
Шайқақтап қыран ұшса бұлтты жарып.
Алғанда қыран бастан, тазы таңнан,
Құтылмас қашқан түлкі қос қыраннан,
Жігіттің бес күн жарым өмірінде
Мұншама қызық өтер сұм жалғаннан!...
Ақын содан кейін аңшылықты сипаттаудың орнына, көңілін қыз жағына аударып:
Күн ұзын түлкі қуып тауды айналып
Қарайып күн кеш болса көз байланып,
Олжаны қанжығаға байлап алып
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желіккен сол көңілмен қайтқанда елге,
Мінген ат қарауытып батса терге.
Өлеңші, домбырашың қасыңда боп,
Кез болсаң қон алқаға бұраң белге.
Р.С.Каренов
40
Вестник Карагандинского университета
Самауыр ақ шəйнекпен тұрса қайнап,
Отырса бір сұлу қыз көзі жайнап,
Ол күні қыз əкесі үйде жоқ боп,
Отырсаң əзілдесіп күліп-ойнап.
Шешесі желөкпелеу жастау келсе,
Ол қызға бір жеңгесі қастау келсе,
Бір жігіт аузы епті түлкі сойып
Əзілді қалжың сөзін бастай берсе.
Сол жігіт бастай берсе əзіл сөзін.
Қараса қызға жігіт қарап көзін
Ішінде махаббаттың оты лаулап,
Балқыса қорғасындай сонда сезім... —
деп кетеді.
Сонымен, бұл туындысында Ыбырай қазақтың аңшылық өнерін поэзия тілімен шебер
суреттейді. Халық əдебиетін еркін сусындаған ақын табиғат көріністерін, өз сезімін, аңшылықтың
қызулы да қызғылықты сəттерін суреттей отырып, өзінің жаңаша қалыптасқан ірі дарын екенін
аңғартады.
Ыбырай əндерінің тізімінде «Қараторғай» деген шығарма бар. Оның сөзі [4; 99]:
Шаш алмас жасық темір қайрағанға
Тамар су суат бермес жайлағанда.
Белің бу тəуекелге, ей, жігіттер,
Жазудан қайғы келмес ойлағанда.
Толмасқа құйма деген бір мақал бар,
Сый, құрмет неге керек тоймағанға.
Көңілің тас та болса бір жібиді,
Таңертең қараторғай сайрағанда.
Шекерден сезім тəтті тыңдағанға,
Алтыннан артық деп біл бұлдағанда.
Бай болсын мың жылқылы неге керек,
Айтысқан уағадада тұрмағанда.
Бір атым насыбайдан көңіл қалар,
Айта бер, айтсаң сағың сынбағанда.
Жатсаң да шырт ұйқыда оянарсың.
Сəскеде қараторғай шырқағанда.
Жағыну неге керек сүймегенге,
Қиянат қылмақ керек тимегенге.
Əуелде заты жаман төрге шықпас,
Қолтықтап жоғарыға сүйрегенде.
Шын жақсы бір айтылған сөзден таймас,
Сыртынан өзімсініп билегенде,
Толықсып қорғасындай денең балқыр,
Тал түсте қараторғай сөйлегенде, —
деп келеді.
Ж.Бекенов Үкілі Ыбырайдың осы өлеңінің тарихын өз мақаласында былай əңгімелейді:
«...Ақынға бір кездері мынадай ой түсті. Ақан ағаның бір кездері аңға алып шығатын бүркіті болды.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
41
Сері оны «Қараторғай» деп атады. Одан кейін ел шетінде, тамырын тереңге жіберген, жапырақтары
шаңырақтай жайылған қарт Қайың болатын. Төменнен самал жел есіп, жоғарыдан көлеңке түсіріп
тұратын осы қайың түбінде отырып əн салуды, ойын-сауық құруды Ақан аға өте ұнатушы еді. Сонда
ол бірде тамашалай отырып:
Мен бұл ағашты жалғыз көлеңкесі үшін ғана ұнатпаймын, кешкілікте жəне таңертеңгі кезде
осы қайың бұтақтарын сансыз көп қараторғайлар мекендейді. Олардың салған ұяларына дейін бар,
əне. Панасыздарға пана, ал адамға саяжай болғаны үшін осы ағашты өте жақсы көремін. Ал, оны
мекендеген ана қараторғайлар қандай десеңші. Кішкентай қанаттарын дамылсыз қағып, ағаш
бұтақтарына келіп қонғанын, қатар-қатар тізіліп отыра қалуларын тамашалаймын да жүремін. Осы
қараторғайлар жөнінде əн шығару ойымда болғанымен неге екені белгісіз аяқсыз қала береді деген
еді...
Осыдан кейін Ыбырайдың күңгірт болған көп ойлары алакеуімденіп, айқындала бергендей еді.
Ол ақырында «Қараторғай» деген əн болып шықты. «Қараторғайдың» көп кешікпей өлеңі де дүниеге
келді, жарыққа шықты. Ал, бір күні Ыбырай Ақан серіге жаңа əнін тыңдатуға келеді.
Ақан аға, өзіңіз қолқалап сұраған тілегіңізді орындағандай болдым, — дейді Ыбырай серіге
сəлем беріп.
Е, бəрекелді Ыбырай. Мен саған тегіннен-тегін сенім артып жүр деймісің. Ал, лебізіңді
тыңдайық, — дейді Ақан сері.
Ыбырай сол жерде «Қараторғайды» бірнеше рет қайталап айтып, Ақан ағаны аса қатты разы
қылады. Көптен бері күпті болып жүрген жарымжан, қам көңіл «Қараторғаймен» бірге қалықтап
қанат қақты, биіктерге шарықтады» [5].
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Жазғытұрым» деген өлең [4; 106–108]
ақынның табиғат бейнесін суреттейтін керемет шығармасы:
Март ішінде қар кетті
Қеңшілік келді, тар кетті.
Қара жерге жайылып
Бетіменен мал кетті...
Байларға қосқан аз малын,
Өзді-өзіне меңгертті
Балалар бақ малыңды
Ұмытпа адал еңбекті
Қалың бұлтты қақ жарып,
Күн көрсетті шуақты.
Алты ай жатқан ақ күртік,
Қимады жатқан тұрақты.
Сол жақтан шыққан суық жел,
Ақ күртіктің арасын
Дем салғандай үшкіріп
Үңгірлеп ішін қулапты.
Шын келгенін білген соң
Денесіне суық жел,
Ызғарланып кірген соң
Қара да бекіп тұрмапты.
Жердің жүзі саз болып,
Сазы жоқ жер аз болып,
Сай-сайдан жылжып су ақты.
Жол-жолын тауып бұрмаштап,
Биіктен ақса құлаштап
Демін алып кідірмей
Көзі ілініп мүдірмей,
Қаншама күндер түн қатты.
Тіке тартып кете алмай,
Жалпақ жерде ылбырап,
Терең жерде тұнжырап
Р.С.Каренов
42
Вестник Карагандинского университета
Биіктен ақса сылдырап,
Тұрымтайдан құлдырап,
Ақылға салсаң, қалайық,
Жалтаң-жұлтаң бұлт еткен,
Көрсетті аз күн бұлғақты.
Бастап жүрген басшы жоқ,
Бұраңдап жүріп бұлтыңдап,
Құятын барып жөн тапты.
Құстар келді шуылдап,
Қанаттары зуылдап.
Білгенімше айтайын,
Бас-басына буындап.
Көк мойын таған құс алды,
Көрдік міне нысаңды,
Жалаңаш-жалпы шуылдап.
Бала-шаға қотанда
Алты ай көрген қысаңды
Жасыл шұбар жүні бар
Бұлбұлдайын үні бар
Қараторғай деген құс,
Оның да атын біліп ал...
Жер жүзі тойып ыңқылдап,
Буланып беті дымқылдап
Ителгі келді сыбанып,
Сұлу қыздай назданып,
Көмейден даусы сыңқылдап,
Сегіз найза қолында
Тұяқтың ұшы жылтылдап,
Екі көзі мөлдіреп,
Шабыттанып сымпылдап,
Ызғарын төгіп суық жүз
Аузынан жалын бұрқылдап.
Жұмыртқа іздер балалар
Өзекті, шілік, көлдерді,
Ізденіп жүріп аралар,
Балалықпен байқамай
Аяғын шөгір жаралар.
Бұдан басқа мың түрлі,
Ғажаптары жана бар.
Ойлап тұрсаң бұл кезді,
Қиялға қиял жамалар.
Құбылыстың мың түрін,
Қай ақын түгел шамалар.
Ыбекеңнің осы туындысын С.Мұқанов былай бағалаған: «Қазақтың ауыз əдебиетінде көктем
бейнесін бұдан көркем сипаттаған шығарманы мен өзім кездестірген емеспін» [6; 61]. Расында да
сегіз буынды жыр үлгісімен шығарылған бұл өлең өте көркем. Қолданылған метафоралар, теңеулер
өзінің дəлдігі, өткірлігімен оқушы назарын бірден аударады.
XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы тарихи-экономикалық өзгерістер, əлеуметтік
теңсіздік, патша үкіметінің жүргізген отаршылдық саясаты Ыбекеңнің көзқарасына əсерін тигізбей
қойған жоқ. Ақын «Жаңғызтау» (кейбір деректерде «Жалғызтау» деп аталады) деген толғауын
[4; 100] шығарады:
Жаңғызтау, төбең биік бұлттан асқан,
Сырласып сұлу күнмен құшақтасқан.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
43
Оқалап қызыл пүліш шапан киіп,
Құлпырып май айында жұпар шашқан.
Сылдырап қойнауыңнан бұлақ ағып,
Қарағай, қайың, терек үкі тағып.
Сырласып қыз, келінмен көлеңкеде,
Назданған ғашықтықтың отын жағып.
Бауырыңнан қыран ұшып бұлттан асып,
Түйіліп түлкіменен жағаласып.
Тыңдасаң жүрегіңді тербетеді,
Кеткенде бұлбұл, торғай əнге басып.
Көпіріп Жаманкөлде күміс көбік,
Бетінде толқын ойнап көрік беріп.
Арудың төстігіндей жұмарланып,
Көк толқын жатыр əне төңкеріліп.
Жорталы Жаңғызтауым, асқар белім,
Кір жуып кіндігімді кескен елім.
Ойнақтап ор киіктей тастан тасқа,
Құр-құрлап ағаш атпен кешкен жерім.
Осы өлеңнің туу тарихы туралы жырдың жезкиігі К.Салықов: «Толғау іспеттес бұл тамаша
шығармасын шындықтан алып отыр» десе, көп жыл ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеумен
айналысқан белгілі ұстаз-əдебиетші, марқұм Сəркен Құлмағанбет өзінің «Қайран, Гəкку!» деген
кітабында: «XX ғасырдың басында, яғни 1903–1907 жылдардан бастап орыс байлары қазақ жерін
тартып алу мақсатымен, Ыбырайдың туған жері «Жалғызтау» төңірегіне келіп қоныстана бастайды...
Орыстар «Жаманкөл», «Сасықкөл», «Сандыбай бұлағында» қоныстанып отырған Ыбырай ауылдарын
қуып шығады. Үсейін деген батырын шауып өлтіреді. Туған жерден кету, көшу Ыбырайға оңай
болмайды. «Жалғызтау» сол заманда дүниеге келген», — деп жазады [7].
Кейбір деректерге қарағанда, бұл өлең 1911 жылы шығарылған. Ол — Ыбырайдың кəрілікке
мойынсұнып, өмірден түңіліп, уайымға беріле бастаған уақыты еді. Енді ақын өзі өмір кешкен
дəуіріне үңіліп қарап, байлау айтуға ұмтылады. Замана, дүние жайындағы ой-толғаныстарын
тербейді [6; 62].
Міне, осындай өмірінің қиын мезгілінде «Патша үкіметінің саясаты» деген өлеңін [4; 108]
шығарады:
Қазақ халқы ішінде,
Бай болғанын ұнатты.
Жарлыны жардан құлатты —
Зар еңіретіп жылатты,
Абақтыда сұлатты,
Барар жер, басар тауы жоқ
Көшенің бойын таптатты.
Жалбыратып тымағын,
Қайда барсын сорлылар
Сөндірген соң шырақты!..
Тілеуі қабыл бұл қазақ.
Ақырын зарлап сұрапты, —
деп, ақын патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынайды.
Ыбырай егде тартып, жасы келіп, құлақтың естуі кеміп, жүрек нашарлауға айналғанын сезіп,
оның бəрінің сол кəріліктің келіп қалғанынан екенін біліп, «Көкейкесті» деген өлеңінде [8]:
Кəрілік қатты соққан жынменен тең,
Көзім көрмес болғанда, құлағым кем.
Р.С.Каренов
44
Вестник Карагандинского университета
Əулиесі бақсының қараса да,
Жүрегімді жазуға табылмас ем.
Бірді алдап көргенім жоқ,
бірді қорлап,
Жігіттікті өткіздім əн-күй толғап.
Күрмеуіме қысқа жіп кейде келмей,
Ұшығына жібердім өлең жалғап, —
деп, өзінің жастық шағын қызықпен өткізгенін, кейде қол қысқалықтан ойдағысының бəрі бірдей
болмай, ауқаты жетпеген жерде өлеңі, əнімен алдынан жол ашқанын айтады.
Өзінің соңғы шығармаларында өмірбойы халықтың арасында жүрген əнші отбасында отырудың
қиындығын суреттейді.
Жалпы алғанда, Үкілі Ыбырайдың серілік өмірімен байланысты шығарған көптеген сұлу
саздары халқымыздың аса сүйіп айтатын өлең-əндеріне айналып кетті.
Ақынның жастық шақ, махаббат тақырыбында шығарған туындылары
Ыбырай Сандыбайұлының көп əндері таза махаббат сезіміне, оптимистік əуенге, мелодиялық
көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. «Қарақат көз», «Тойда бір нұрың балқиды»,
«Қаралдым», т.б. өлеңдері жастықтың нəзік сезімін шертеді. Осылардың ішінде ең нəзік те
сыршылының бірі — «Қарақат көз» [4; 95–96]:
Қарақат көзді сым саусақ,
Лебізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарып етпей,
Немене керек малды айдап.
Қадірін білмес ақымақтар,
Атын бір қалсын борбайлап.
Қарақат көзді ақ білек,
Айтайын бір сөз үлгілеп.
Ішіме салдың қайғы дерт,
Жүректің басын тілгілеп.
Жанапай сөзді қой, сəулем,
Қалмасын көңіл құр жүдеп.
Қарақат көзді ернің бал,
Сен кеткен соң не дүр хал.
Жолдасың теңдес болмаса,
Немене бір керек жиған мал?
Ұшып кетер қызыл гүл,
Жан-жағыңа көзің сал.
Шолпанның едің жұлдызы,
Мұхиттың едің құндызы.
Ардақтаған жұмақта
Сендей-ақ туар хор қызы.
Өмірімнің еркесі,
Балбырап тұрған қырмызы.
Ақын халық поэзиясындағы суреттеудің орайлы орамдарын шебер пайдаланып, сұлу қыз
сипатын жайната да жаңғырықтыра береді. Сонымен бірге ол сол кездің салты бойынша жас арудың
қалыңмалға сатылып, теңіне тие алмауына қынжылады.
Бұл əнді Ақмола губерниясының оқу бөлімі 1926 жылы əдейлеп бірінші рет нотаға түсірткен.
Жəне ол А.Затаевичтің «Қазақтың 1000 əні» жинағына кірген [6; 60].
Ыбырай жастық шағында Атбасар жағында жүріп, бір ауылға қонаққа келеді. Түскен үйінде
Алтынай атты қыз болса керек. Өзі сұлу, өзі мінезді Алтынай бірден Ыбырайдың көңілін аударады.
Алтынай да Ыбырайды ұнатып, бірақ берулі жері бар екенін, олардың күшті екенін айтады. Ыбырай
басқа амалы жоқ болғансын, аяғында Алтынайға өлең арнайды. Ол туындысын қыздың атымен
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
45
атамайды. Алтынайдың жаманаты елге жайылмас үшін, оның ауылының тұрған жері «Алтыбасар»
деген атпен əн [4; 96] шығарады:
Қыз қайда енді, сəулем, сенен асар,
Көңілім сені ойлап болады нашар.
Айрылып сенен, сəулем, қайтқан түнде,
Əніне бір басайын «Алтыбасар».
Айрылдым сенен, сəулем, жылай-жылай,
Боламын неғып адам бұдан былай.
Қапаға мені, сəулем, салып кеттің,
Алты жыл ғашық болған, қарағым-ай.
Келуші ем кеш болғанда көңілім түсіп,
Ежелден қадірлестік бірге өсіп.
Астынан Ақсандықтың аттандырып,
Қалушы ең есендесіп қолды қысып.
Ей, қалқа, тасынушы ең бала құстай,
Аулыңа неше келдім ала қыстай,
Бір жаман мал бердім деп алып кетті,
Тұйғыннан жем айырған қара құстай.
Ыбырайдың қолынан шыққан жəне көпке белгілі болған шығарма — «Арарай» əні [4; 102]:
Мөлдіреп қарақаттай көз жанарың
Ер жеттің, енді келді сөз жазарым.
Сыртыңнан талай ғашық зарланып жүр
Сіз қалай жұбатпақсыз көп назарын.
Сүйгенім бұл дүниеден ғашық жарым,
Өзің бас жүрегімнің ынтызарын.
Тəуекел дариясына салдым кеме,
Білмей-ақ түн айығып, күн шығарын.
Бір айта кететін нəрсе — ақынның бұл туындысының алдыңғы əңгіме болған «Қарақат көз»
əнінің ырғағына, ойнақылығына, өткірлігіне жақындығы сезіледі.
Үкілі Ыбырайдың белгілі «Жиырма бес», «Желдірме» атты туындылары осы бір
шығармашылық белесінде дүниеге келген сияқты.
Бір қызығы, əр кезең, əр заман, əр толқын кезінде өз «Жиырма бесін» тудырған. Солардың
арасында Ыбырайдың «Жиырма бесі» қазақтың əншілік табиғатындағы теңдесі жоқ бір ғажап
құбылыс.
Үкілі Ыбырай жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінде тағдыры тəлкекке түсіп, Кеңес үкіметінің
ең сенімсіз адамы болып, «халық жауы» атанып, əуелі өлім жазасына кесіліп, кейін ол он жыл
түрмеге отыруға өзгертіліп, айдалып бара жатады. Жолшыбай сол төңіректегі Қарауылдың бір
ауылына қонып отырып, кешегі бір таңды таңға ұрып, жас сұлудың бал сілекейін жұтып, гəккулеткен
өмірінің жарқын сəттерін көз алдынан жайната бір өткізеді:
Шіркін-ай, жігіттігім — жел секілді,
Кəрілік — түн, жігіттігім — күн секілді.
Қонақтап бір түн қонып өте шығар,
Бəрі де көрген бейнет — сел секілді.
Жас жігіт жайнап тұрған күнменен тең,
Күн де бір білмегенге түнменен тең.
Он бес пен жиырма бестің арасында,
Болмай ма, жігіт адам жынменен тең!
Р.С.Каренов
46
Вестник Карагандинского университета
Үкілі Ыбырай осылайша жер-көкке сыймай бұлғақтаған жиырма бестегі кезін өң мен түстей
көріп, оның қадіріне ештеңені теңгермейді.
Iлия Жақанов «Пай-пай, жиырма бес» атты мақаласында [9] былай толғанады: «Үкілі
Ыбырайдың «Жиырма бесін» Көкшенің көне көздері «Ыбекемнің өзімен бірге кетті ғой» десіп,
күрсінетін-ді. Ал, бұл терме де өлмепті. Мен 2000 жылы «Рахат» телеарнасында «Сал-серілер» атты
бағдарламаны жүргізе бастадым. Сол жұмыстың кезекті бір сəтінде Үкілі Ыбырайдың əндерін үш
бөлімге топтап эфирден бердік. Сол əңгімелердің бірінде Қайрат Байбосынов ойда-жоқта Үкілі
Ыбырайдың «Жиырма бесін» жарқ еткізгені. Менің қуанышымда шек болмады. Эфирдегі əңгіме
үстінде Қайрат: «Сонау бір жылдары «Гүлдер» ансамблінің алғашқы гастрөлімен Көкшетау
қаласында концерт бердік. Жас ансамбльдің сол бір қызықты концертінің үзілісі кезінде маған Мұса
Асайынов есімді ақын əрі əнші кісі жолығып: «Қайрат, қалқам, Үкілі Ыбырай атаңның əндерінің
бағына сендей тамаша əншіні берген екен, бұл тəңір. Сол айтып жүрген «ІІІалқыма», «Алтыбасар»,
«Гəккулеріңнің» қатарына Ыбекемнің «Жиырма бес» атты термесін қос енді. Қағаз-қаламыңды ал да
жаз. Əні былай...» деп, бас-аяғы төрт-бес минуттың ішінде осы термені айтып бергені. Əн бірден
көкейіме қонды. Мұса ақсақалдың өзіне қосылып, екі рет қайталап айтып ем, ол кісінің толқығаны
сондай, көзі жасаурап, үнсіз ғана мақұлдап, бас изеді. Көкшетаудан қайтқанша мен осы «Жиырма
бесті» іштей айтумен болдым. Ал арада біраз уақыт өткенде Көкшетауға тағы да концерттік сапармен
келгенімде Мұса ақсақалдың дүние салғанын естідім», — деді. Иə, сол жолы Қайрат Байбосынов
Мұса Асайыновпен жүздеспесе, Үкілі Ыбырайдың бұл əні де, көкшелік қариялар айтқандай,
«Ыбекемнің өзімен бірге кеткен» əні боп, оны ешкім іздемес те еді. Өмірлі əндер осылай жасай береді
екен».
Ыбырайдың «Желдірме» атты əні [4; 101–102] қызық басталады:
Заулап қал, тілім, мүдірмей,
Аққан бір судай, кідірмей,
Еркін жүйрік белгісі —
Бауырын жазбас жүгірмей, —
деп, одан əрі былай төкпелеп кетеді:
Пенденің бітпес жұмысы
Қара да жерге көмілмей.
Жайқалды, шіркін, қызыл тіл,
Күзгі бір піскен егіндей.
Сараңнан қайыр тимейді
Түйіп тепкен тебіндей.
Жолдас болсаң жақсымен,
Терең ойлы, ақылы кең,
Кіші пейіл, сыр шашпас
Мінезі, білім келсе тең.
Жанған отқа бір кіріп,
Жау қолына тастамас.
Ішіңе кіріп тор құрып,
Алдап сені қастамас.
Қайқақтамай көтерер
Досы үшін тау тасын.
Таза жүрек, ақ пейіл
Ренжітпейді жолдасын.
Өзің жалтақ, өсекшіл
Болсаң өмір оңбассың.
Іші қулық, сұрқия
Кездессең соған сорларсың.
Бұл əннің Ақан серінің үлгісімен шығарылғаны сезіледі. Ыбырайдың Ақанды көруі, оның
қасында болуы үлкен əсерін тигізген сияқты.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
47
Үкілі Ыбырай көп сұлуларға көңіл артып, талай əндер шығарған. Той үстінде алып-қашып:
«Сүйгенім кете барды қасыма еріп» [4; 97–98], — дегені де белгілі:
Аузыма дүриа, гауhар сөзім келді,
Өзіңменен бірге өскен серің келді.
Қолға алып ку қарағай зарланайын,
Бекетжан, мұң шағатын кезім келді.
Не сыймас адамзаттың денесіне,
Құлақ сал, құрбы-құрдас, кеңесіме.
Тайпалған төрт Момынның жорғасы едім,
Ойнаған хан, қараның төбесіне.
Бір кезде аяқ емес, бас та емеспін,
Шаруаға олақ туған жан да емеспін.
Білмейтін алды-артымды, оңды-солды,
Ішіме кек сақтаған қас та емеспін.
Бір соғар содыр түбі дүние малға,
Өсіп ем залалым жоқ ешбір жанға.
Тырнақтап жиғаныңды шашып-төгу,
Əуелден жазды ма екен мендей сорға.
Бір іске белді байлап мінген кезім,
Сымбатты бір сұлуды көрді көзім.
Айтқан сөз, уағадаға белді байлап.
Жөнелдім Мақпалды алып жалғыз өзім.
Ертерек қамданбадым артымды ойлап,
Нар кескен болат едім қойған қайрап.
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,
Баласын төрт Момынның жүрдім жайлап.
Жігіттің ең асылы мендей болмақ,
Үлпікер сүт бетінде болдым қаймақ.
Маңдайым жақсылардан қағылмаған,
Қамданбай жұртқа сеніп шықтым жайдақ.
Мен келдім жауға бермес елім бар деп,
Қорғайтын сал, серісін елім бар деп.
Жасекем, Масекем мен Жақып ағам
Шеті суат дария көлім бар деп.
Артымнан қуып келді жауым бар деп,
Мал берген қалыңдығым, жарым бар деп
Қол жайып ақсақалдар дұға қылса,
Өмірде ойламаспын кемім бар деп.
Кімдер ғашық болмаған көрген түске,
Тəңір ісі келмейді қол мен күшке.
Сайрандап дүрілдетіп жүрген шақта
Сүрлеулі жолға түстім жіп-жіңішке.
Қалтам тақыр қыз алар қалың беріп,
Жаным қалса жарайды елге келіп.
Күйеу келіп сайрандап жатқан түні
Сүйгенім кете барды қасыма еріп.
Р.С.Каренов
48
Вестник Карагандинского университета
Бұл өлеңнің шығуы жайында ақынның жолдасы Молдахмет Ержанов былай дейді: «Ыбырайдың
жігіт ағасы болып қырықтың ішіне кірген, бірақ ақындық даңқы жер жарып дүрілдеп тұрған шағы,
оның алдынан ойын, сауық, қыз-қырқын, сұлу қыз, əнші-ақын кетпейді. Бұрынғы əйелі өліп, қыз
таңдап жүрген кезінде, бір талайдан бері таныс, іштей бірін-бірі ұнатқан Жəкеннің ұзатылар тойына
келіп, сол той күнгі түнде қызды алып қашып, Атығай Бекет ақынның үйіне жасырады. Бекет пен
қызды ертіп Қарауыл Қожахмет, Жақыптың үйлеріне келеді. Бұл екеуі де жəне Ақан сері мен
Ыбырайға əрқашан дос Шалабай қария да, Керей ішіндегі шағалық рулас ел түгелімен Ыбырайды
қорғап, алып қашқан Жəкеннің қалың малын бөліп төлеп, жанжалды басыпты» [6; 59].
Кезінде бұл жанжалды басу оңайға түспепті. Себебі ұзатылу тойынан қыз-келінді алып қашу өте
үлкен күнə. Бірақ осындай үлкен дау-жанжалдың өзінде халық сүйікті ақынын арашалап алып,
қуғыншыларға ұстап бермеуі Ыбырай абыройының қандай жоғары екенінің айғағы. Осы оқиғадан
кейін жоғарыда аталған əн дүниеге келеді.
Ыбекеңнің еш талас тудырмайтын, күні бүгін қалың ел айтып жүрген тамаша əндерінің бірі
«Қызыл асық» [10]:
Қыз емес қыздың аты — қызыл асық,
Жастар көп қыз балаға болған ғашық.
Əзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің қарап тұрсам өзі жасық.
Қыз емес қыздың аты — қызыл киік,
Тараған тоты құстай шашын түйіп.
Қымбатты мінездері балдан тəтті,
Тұрады көрген жерден көңілің сүйіп.
Тұрмай ма жақсы қызға көңілің ауып,
Əзілмен сөйлеу керек ебін тауып.
Білетін құрбы жанын адам болса,
Ілгегін өзі ашпайма есік жауып.
Жақсы қыз иісті май құтыдағы,
Жағуға əркім құмар оны-дағы.
Болғанда қыздар шабақ су ішінде,
Мен шортан мұны қуған жылымдағы.
Қыз емес қыздың аты — қызыл қыршын,
Менімен əзілдескен түрің құрысын.
Сертіңнен күндіз берген түнде тайып
Қойдың ғой сипалатып жүктің бұрышын.
Ауыз əдебиеті тарихында əндер мен күйлердің ауыс-күйіс жүру құбылысы жиі кездеседі. Бірақ
Ыбырайдың «Қызыл асығын» олай-бұлай тартқылап Балуан Шолаққа апарып телуді жөн көрмейміз.
«Гəкку» əні — Ыбырай шығармашылығының шыңы
Үкілі Ыбырайдың əндерінің ішінде əлемге кең тарағаны «Гəкку». Бұл əн Қытайда айтылғанын
ақын Марфуға Айтқожадан естідік. Белгілі мəмілегер Сайлау Батырашұлы «Гəккуді» жуырда
Парижде естігенін бізге үлкен құлшыныспен жеткізсе, неміс тілінің мұғалімі Мағрифа
Сейітбатталова «Ганноверде шырқалған «Гəкку» атты мақаласын «Астана ақшамында» жариялады.
Кезінде осы əннің шығуы жайлы Ыбекең былай баяндаған: «...Əн, жиын қуып жүрген кезім,
Кəкима деген сұлу қызға əнмен өлең шығармақ болдым. Күндер, айлар толғанып жүріп, бір
шілдеханада Кəкимаға осы ойымды білдірдім. Кəкима да домбырамен өлең айтатын. Домбыра кезегі
келгенде əлгі қызым маған күлкілі көзін бір қадады да, өлеңді қоя беруі бар емес пе?
Ақынға неге керек құр мырзалық,
Сүйгенін жаутаңдатып ойға салып.
«Айтатын сертіңе жет» деген мақал,
Болмай ма əн шығарсаң өмірге азық.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
49
Жаман қатты ұялдым... аузыма түскені:
Таусылмас дариясы əзіл, наздың,
Мамығы жаныма ем қоңыр қаздың,
Қыл арқан ат мойнында шірімейді,
Періште, жауабыңа қарыздармын, —
деп кете бардым [6; 56].
Осыдан кейін біраз уақыт өткен соң əйгілі «Гəкку» əні (бірінші түрі) [11; 17] дүниеге келеді:
Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым,
Əн салып, талай елдің дəмін таттым.
Жетсін деп осынау дауысым «Гəккуіме»,
Гəккуді қайтқан қаздай мамырлаттым.
Түрлентіп тоқсан түрлі əн саламын,
Жай тастап құлашымды кең жаямын.
Түскенде сен есіме ерке «Гəкку»,
Құлпыртып осынау əнді толғанамын.
Таранған аққудайсың айдын көлде,
Көз тартқан шолпандағы алтын теңге.
Қарағым, айналайын кез келдің ғой,
Атанған ақын Ыбырай біздей ерге.
Бұл əннің шығуына, біріншіден, қызға берген уəдесі түрткі болса, екіншіден, Кəкимаға деген
ыстық сезімі итермелейді.
Көп кешікпей бір тойда Кəкимамен дидарласар, махаббат буын бұрқыратар сəтте «Гəккудің»
түрлене түсіп, екінші түрі шыққан екен [11; 17–18]:
Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым,
Əн салып, талай елдің дəмін таттым.
Жиналып қыз-бозбала отырғанда,
«Гəккуді» қайтқан қаздай қаңқылдаттым.
Шүрегей көлден ұшқан сіз бір тарғақ,
Мұхиттың айдынына салдым қармақ.
Іліксе қармағыма іздегенім
Басайын аяғымды алғақ-шалғақ.
Салайын «Гəккуіме» өлеңдетіп,
Мал бітсе кей адамның көңілі тетік.
Ақ тамақ, үкілі бөрік, сұлу қыздар,
Балқысын қорғасындай ой тербетіп.
«Гəккудің» бірінші түрі кездесудің бостапқы жолдарын əнге қосса, екінші түрі екі жастың көңіл
қосарлықтай қуаныштарын баяндайды.
Сəті түсіп бір жиында кездескенін пайдаланып, көкірегін дерт меңдеген ақын өмірдің бар
шындығын «Гəккудің» үшінші түрінде ашып береді [11; 18]:
Түрлетіп тоқсан түрлі əн саламын
Жай тастан құлашымды кең жаямын.
Түскенде сен есіме ерке «Гəкку»,
Құлпыртып осынау əнді толғанамын.
Р.С.Каренов
50
Вестник Карагандинского университета
Асығыс бара жатыр өмір өтіп,
Өрт шалған табар ма екен көңіл тетік.
Көргенде ажарыңды айдан анық
Алайын қайғы жерді жеңілдетіп.
Шомылған дарияда сен қоңыр қаз,
Əнімді естіртейін айтып бір наз.
Айырылып сенен сəулем қалған күні.
Дұшпаным масайрады-ау болып бір мəз.
Дарияның ортасында сіз қоңыр қаз,
Қалқама көңіл сүйген айтамын наз.
Толықсып, мың құбылған «Гəккуімді»,
Өзімдей үйреніп ал, бір сал маңғаз.
Үкілі Ыбырайдың үздік шəкірті Молдахмет Тырбиұлы «Гəккудің» үшінші түрін «Қайран Гəкку»
деп атап, ал төртінші түрін [11; 19] «Қайран Гəккудің» екінші түрі» деп атау керек деп толғаныпты:
Қыздан да қылықтымын жүрген жерде,
Ханнан да қадырлымын туған елге.
Ақ тамақ, шұбар бауыр, қоңыр қаздай,
Сала алмас «Гəккуіме» ешбір пенде.
Ақынға қиын емес өлең деген,
Адамның ойында жоқ өлем деген.
Ақ көйлек, үкілі бөрік қыз секілді,
Басайын «Гəккуіме» көлеңдеген.
Дүниені сайран қылған мен бір сері,
Бұл əнді айтып жүрмін көптен бері.
Ақ тамақ, алма мойын қыз секілді,
Басайын «Гəккуіме» əрлі-берлі.
«Гəкку» — үлкен жүрек, шын сезімнен шыққан əн. Ақын «Гəкку, гəкку, гə, гə, гə» деп безілдетіп
жібергенде айдын көлде еркелеп жүзіп бара жатқан аспан мен судың періштесі — аққу көз
алдымызға елестейді. Бұл əнде үлкен мағынадағы «Поэзия» мен «Музыка» толық үйлесім тапқан.
Лирикалық кейіпкер ғашығын бірде айдын көлде таранып жүрген аққуға теңесе, бірде дарияның
ортасындағы қоңыр қазға теңейді.
Əйгілі ақын К.Салықов «Гəкку» атты кең көлемді мақаласында [12] Ыбырайдың осы керемет əні
жайында өз ойын былай тұжырымдайды: «Гəкку — арман, Гəкку — тағдыр, Гəкку — қазақ өнерінің
сөнбес жұлдызы. «Гəкку» 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің
«Қыз Жібек» операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл операның музыкалық
негізгі əуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мəскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде
Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді Күлəш Байсейітова «Гəккуді» бірінші рет орындап, КСРО
Халық əртісі атанды. «Гəкку» деген əн жұлдызы мен Күлəш деген əншіліктің жұлдызы қатар жанды.
Күлəштің де, «Гəккудің» де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі кеңейді. Қазақ деген өз атын
жаңа иемденген халықтың əні — «Гəкку» əлемдік өнердің биік өресіне көтерілді.
Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шəкірті, тамаша əнші Молдахмет Тырбиев «Гəккуді»
айтқанда ерекше толғанатын. Əсіресе қайырмасын қырық құбылтқанда естір жанды естен танғандай
балқытып əкететін де, атақты ұстазының əншілік əлеміне апаратын. «Гəккуді» орындаушылар аз
болған жоқ, олардың ішінде үздік орындап, қалыбына дəлме-дəл түсіруші ақиық ақын, асқақ əнші
Иса Байзақовтың айтуымен нотаға түсірілген. Молдекең Күлəш айтқан «Гəккуді» қуаттап, Иса
ағамызға да алғысын айта отырып: «Ұлы əн ұшқыр қалпында, аққу-қаздың қаңқыл-саңқылындай құс
үнімен үйлесіп,
түпнұсқадан аумапты, тек қана Е.Брусиловскийдің операға икемдеп қайырмасын
қанаттандыра түсетін сəл-пəл қосымшасы бар», — дейтін. Үкілі бабамыздың аруағы қолдап, бұл ұлы
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
51
сапарға туған жиені, əйгілі ақын, үздік əнші Тайжан Қалмағамбетов барып, Күлəш «гəк-гəкке» басып
«гəккулетсе», ол сырнайын өзімен бірге сақ-сақ күлдіріп, нағашыдан бағы ашылған сəтін көрді.
Дүние телегей теңіз «гəккушіл» əуенге толқып кеткендей көрінді. Қазақ əні шексіз биікке көтерілді».
Бір сөзбен айтқанда, «Гəкку» Үкілі Ыбырайдың музыкалық өнеріндегі ғана шырқау шыңы емес,
ол бүкіл қазақтың халықтық музыкасындағы озық туған құбылыс.
Ақынның философиялық шынайы толғаныстарға құрылған
«Қалдырған» əнінің туу тарихы
Кеңес тұсында Ыбырай жасы біразға келіп қалса да, əн мен өлеңін үдете түспесе, əлсіретпейді.
Ақын жасы алпысқа келгенде өмір, дүние турасында философиялық шынайы толғаныстарға
құрылған «Қалдырған» əнін [4; 100–101] шығарған:
Жасымда болдым балдырған,
Талайды сөзге қандырған.
Сол балдырған кезімде
Ғашықтық оты жандырған.
Айналайын халқыма
Маңдайдан шырақ жандырған.
Мəжілісімді көркейт деп
Халқым бір қалап алдырған.
Бір сағатта он көрсе,
Халқыма əнім жаңғырған
Құрбы-құрдас, замандас
Іздеп кеп атын шалдырған
Сүмбіленің бұлтындай,
Сөзім де жиі жаңбырдан.
Алпысқа келіп əн салып,
Атын бір қойдым «Қалдырған».
Шіркін, дүние, кең едің,
Біраз күн аздап бөгедің.
Орта жүздің ішінде
Əн шырқаған мен едім.
Сарыарқаны сайрандап,
Талай сарқыт жеп едім.
Қартайғанда, дүние-ай,
«Қайдасың Ыбырай?» демедің, —
деп, жігіттің бағланы, елдің ағасы болғанын мөлдірете баяндайды. Сонан соң əрі қарай:
Қызығың, дүние өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Байланбаған асаудай,
Сырт айналып тепкен күн.
Қара бура қартайып,
Жар басына шөккен күн.
Қарлығып қарттың дауысы,
Жалтар желдей ескен күн.
Берейін, жастар, батамды,
Сендерге тізгін көшкен күн.
Кəрілер бесік тербетіп,
Жастар гүлдеп өскен күн.
Жасымда өстім қандай боп,
Күмістен тартқан сымдай боп.
Болам деген ой бар ма
Аппақ қу шұнақ шалдай боп, —
Р.С.Каренов
52
Вестник Карагандинского университета
деп, бұл жалғанның баянсыздығына, тұрлаусыздығына, ойын-сауық, той-домалақтың гүлі болған
жауқазын шақтың оралмайтындығына өкінеді. Ең соңында:
Алпысқа келдім, жамағат,
Шықпады ешбір жаман ат.
«Қалдырғанды» тапсырдым,
Сұраған, саған аманат, —
деп түйіндейді. Осы тамаша əннің туу тарихы жөнінде Ыбекең былайша əңгімелейді екен: «Жан
қиналмай əн тумайды, əн де келіншектің толғатып ұл тапқанындай... Жақсы əнім туарда түсімде
жақсы келіншекті көретін ежелгі əдетім еді. Келіншек күлімдей қарап, сыңсып əн салып оң шырайын
берсе, əнім ойдағыдай сұлу болып шығар еді. Дəл «Қалдырғанды» шығаратын түні ел жайлауда,
Сасықкөлдің басында еді. Қалың ел іші болатын, түсімде сұлу келіншек кіріп, күлім қағып, оң
шырайымен қарады, əдемі бір əн салғандай болды. Ояна келсем, көкірегім күмбірлеп, əлгі əн əлі сайрап
тұр екен... əн сазы да, өлең сөзі де құдайың өзі ауызға салғандай жарастық тауып, сылдырлап ыңғайыма
орала берді... Əнімді қайта-қайта айтып жаттығып жатырмын. Көз алдымнан күлімдеген сұлу келіншек,
сұлу əн де енді кетер емес. Сол кезде даусымды естіп, баламдай көретін ақын досым Сұраған кіріп
келді. Жаңағы əнімді қайта-қайта айтқызып, тез жаттап алды...» [13].
Бұл сүйікті əнін Үкілі Ыбырай Сұраған деген шəкіртіне табыс етеді.
Ы.Сандыбайұлы — жөппелдемеде жыр тасытатын айтыстың ақтангері болған
Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Құдайберген,
Есімсейіт ақындармен сөз жарыстыруы) көп.
Доскей Əлімбаев (1850–1946) — халық ақыны, КазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол
жас шағында өнер мəдениетіне əйгілі Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтан үйреніп,
оларды өнеге тұтқан. Өз жанынан өлеңдер шығарып, кедей малшы-шаруалардың мұң-мұқтажын
жырлаған. Отанды, Қарағандыны жырға қосқан [14].
Үкілі Ыбырай Доскеймен айтысында заманы, халқы жайында өз толғауларын былай аңғартады [15]:
Доскей:
Уа, інішек, жүрмісің есен-аман?
Сені тақ-тақ жаратқан хақ тағалам.
Қай ру, қай нəсілден боласың сен,
Əуелі соларыңды айтшы маған.
Ыбырай:
Төрт момындап келгенде, қалың шормын,
Елім бай, шалқып жатқан көлден молмын.
Келген бұлт төбесінде қақ айрылған,
Атығай, Карауылдай егіз елмін.
Доскей:
Інішек, сөз сөйлейсің əрбір тұстан,
Шын айран көз екенсің қолды қысқан.
«Қоян» деген зымыстан жұт боп еді,
Жаным-ай, елің қалай биыл қыстан?
Ыбырай:
Нəпсіге артық шешпейік ұзын бауды,
Ойға алып, тоқтатайық нəпсі жауды.
Жалпы елдің іргесі аман қалып,
Жұт болды əр жерінен ала жаулы.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
53
Доскей:
Інішек — жақсы болса, құрық, қанат,
Бас қостық мұнда келіп жақсы сағат.
Құдайберді, Бəйімбет, Қойлы, Сағатай,
Аман ба, Кəдір, Бағыс сау-саламат?
Ыбырай:
Доскей ақын, сұраған елің аман,
Мені тақ-тақ жаратқан хақ тағалам.
Ит жүгіртіп, құс салған нешік ерлер,
Көрген асқар, адыр, белім аман.
Көрінген сіздің жерде бел аман ба?
Коңыр қаз төскеп ұшқан көл аман ба?
Майлы тондай ажары жылтыраған,
Бесқозының мекені — жер аман ба?
Бегендік, Шегендік пен Қозған, Қақсал,
Төртуыл мен Қарақойлы ел аман ба?
Жасынан Орта жүзге аты шыққан,
Мейрам мен Жаманкөздей ер аман ба?
Доскей:
Інішегім, сөйлейсің сөзді қамдап,
Бас қостық осы арада тəңірі оңдап.
Біздің елде тоқшылық, жұт болған жоқ,
Базарлап жүр ғой əне, өңшең саңлақ.
Ыбырай:
Ол рас, ер-тоқымы жер кесіп жүр,
Біздің елдің мырзасы жөндесіп жүр,
Бір ер-тоқым жетеді қайсысына,
Мейманың сусын таппай шөлдесіп жүр.
Доскей:
Сəрке қажы алдында биік төбем,
Есімсейіт дарияда алтын кемем,
Қашан біздің меймандар шөлдеп еді?
Алжасты, жалған айтып, мынау неден?
Ыбырай:
Ей, Доскей, тілің бар ғой сораңдаған,
Нəпсің бар аш күзендей жалаңдаған.
Табаның жалғыз сағат жерге тимей,
Қашқынсың əр нəрсеге арандаған.
Аққошқар мен Сайдалы ауылына
Барғанда, Серəліні қондырмаған.
Доскей:
Өлеңге дəл өзіңдей мен де құмар,
Өлеңменен өртермін ұмар-жұмар.
Бар еркегі базарға кетіп қалып,
Ұрғашы қадір білмей жүрген шығар.
Р.С.Каренов
54
Вестник Карагандинского университета
ЬІбырай:
Мен шықтым Қарауыл мен Атығайдан,
Естірсің түрлі кеңес Ыбырайдан.
Бар сауынын базарға айдап сауып,
Алдымда не күйің бар тапсынғандай.
Доскей:
Жібермейін дедің бе намысыңды,
Көрсетейін дедің бе шабысыңды.
Бір аулымнан өреді он мың қара,
Салыссаң, салысып көр табысыңды.
ЬІбырай:
Өнермен таныстырдым оң мен солды,
Дəулетке көре алмассың менен молды.
Кеше арналып көшкенде, алтын артқан
Естіп пе едің Атығай Қосшығұлды?
Доскей:
Осылай мақтандың ба, Ыбырайым,
Бізді тақ-тақ жаратты бір құдайым.
Тұяқты жерді басқан малды айтсаңшы,
Тасыңды жерде жатқан не қылайын.
Ыбырай:
Ыбырай Қарауылдан нəсіл еді,
Өлең айтсам мұрадым қасыл еді.
Атқа балап алушы ең алтын жүзік,
Ол тас емей, атаңның басы ма еді?
Доскей:
Ой, шырақ, өлеңшіге ұнау керек,
Ағасының сөзіне шыдау керек.
Келмей жатып бетімнен тырналама,
Əдеппен ел-жұрт жайын сұрау керек.
Бірде Атығай Қожахмет отыз кісімен Көкшетауға құдалыққа кетіп бара жатып, жолда жас та
болса Қыпшақ Құдайберген ақынды ала кетеді. Жолда бұлар бір ауылға түсіп отырғанда Ыбырай
келіп қалады. Ол кезде Ыбырай елу шамасында екен. Ол осы үйде ақын отыр дегенді есітіп, сырттан
өлеңдете келеді:
Есіктен кіріп келдім басып қадам,
Он үште сөз сөйлетті хақ тағалам.
Ассалаумағалайкум, үлкен аға,
Қызығың құтты болсын тақсыр бабам.
Асқар тау қиядағы белден келдім,
Тасыған дария бұлақ көлден келдім.
Көкшетау дуанындағы атым Ыбырай,
Татуға зəмзəм суын шөлдеп келдім, —
дейді. Сонда бала жігіт Құдайберген тұрып:
Уағайлейкүмассəлем, Ыбырай аға,
Мейірбан дидарыңды көрдім жаңа.
Адамға бір ғанибет дидарласпақ,
Елу жылда — ел, жүз жылда — қазан жаңа, —
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
55
дегенде, Ыбырай оған қарап, бас аяғын тегіс шолып:
Көкшетау дуанында атым Ыбырай,
Патшаға сөз сөйлеуші ем бір жылымай.
Алдыма ешбір адам шыққан емес,
Шықты ма жер астынан мына сұмырай? —
дейді.
Құдайберген оған ашулана қоймай, сыпайы түрде:
Ыбеке, сұрасаңыз, затым Қыпшақ,
Арғы атам сұрасаңыз, Сейіт болмақ.
Баулының тоқсан екі бұлбұлы едім,
Сайрайды өлең десем тіл менен жақ, —
дейді.
Екеуі одан əрі біраз айтысады [16; 256–259].
Ыбырай:
Ия, балам, сен мəз болма ішпей-жемей,
Жол берген əркім маған кімсің демей.
Кереку, Омбы уезі маған мағлұм,
Жазбайтын қолын бүйтіп сорлы кедей.
Құдайберген:
Ыбеке, ел қаралау сізге жөнбе,
Барыпсыз мырза болып біздің елге.
Жерің жоқ кіна қояр мырзаларға,
Керек пе мырзаларға сіздей делбе.
Қатты-қатты сөйлесем, дұшпан — дейсің,
Бөгелсем, балалықтан пысқан — дейсің.
Кетпесін бүйте берсең миың шіріп,
Қартайған кəрі бүркіт тышқан жейсің.
Ыбырай:
Ия, балам, шықтың сөзге мына дайын,
Мен саған көрсетейін сөз ыңғайын.
Симаған тіл аузыңа ақын болсаң,
Үш ауыз кеңесім бар мен сұрайын.
Құдайберген:
Аспанның бауыры жазық бір кең дала,
Жаратқан ғарып қылды құдай пана.
Ақын боп сөзден қашсақ жүреміз бе,
Ыбеке, кеңесіңді сұрап қара.
Ыбырай:
Ия, балам, тыңдап отыр сөзді барлап,
Мен саған ұқтырайын сөзді ыңғайлап.
Мұқаммет пайғамбардың заманында
Бір-ғарып дарияға салды қармақ.
Дарияға сол ғарыбың қармақ салып,
Алыпты дариядан нені қармап?
Р.С.Каренов
56
Вестник Карагандинского университета
Құдайберген:
Ыбеке, түсіп кеттің бұл мінезге,
Жоқ па еді жұмбағыңыз бұдан өзге!
Моллалар шариғатқа қарап отыр,
Қалмасын бір жаласы соңыра бізге.
Сегіз жыл мектеп жүзін көріп едім,
Кітаптан көрініп тұр біздің көзге.
Қамыстан күркесі бар бір кемпір, шал,
Бір түнде жайнамазға жатып жылар.
Жылағанда мал бер деп, жылаған жоқ,
Құдайдан жалбарынып бала сұрар.
Алла емес, түсінбейтін айтқан сөзге,
Тілегін қабыл етті сол бір кезде.
Дейтұғын Зейнілғабиден бала туды,
Нəрсесі қармақ салған сол емес пе.
Дыбыста зират көпір дəл қасында,
Күмбезде Зейнілғабиден тұр емес пе.
Ыбырай:
Ия, балам, нағып болды саған оңай,
Құрылған мен емес пе сөзге тоғай.
Симаған тіл аузыңа ақын болсаң,
Қонады бір ағашқа дəл үш торғай.
Екеуі ұшса, бірі қозғалады,
Бірі қалып, екеуі жоғалады.
Ия, балам, бұл жұмбақты шешіп берсең
Осыдан ақындығың сыналады.
Құдайберген:
Ыбеке, бұл сұрағың мін емес пе,
Əгеркі шешіп берсем жөн емес пе.
Екі торғай дегенің ол екеуі
Ұйықтап барып ашылған көз емес пе.
Жалғыз бір торғай дегенің қаза келіп,
Кеудеден шығатұғын жан емес пе.
Ыбырай:
Он алты дария бар көз көрмеген,
Ішпеген онан пəнде кез келмеген.
Он алтысын қақ жарып жүзге бөліп,
Жартысын пəнделерге өлшеп берген.
Білейін, ия, балам, жүйріктігің,
Бекінді бұл кеңесім қайсы жөнмен?
Құдайберген:
Ыбеке, адам жоқ қой кəсіп тыйған,
Пəндеңіз кең сарайда дүние жиған.
Он алты дария бар дегеніңіз
Аятпенен бекіткен он алты имам,
Жасымнан сөйлер сөзге болдым құмар,
Сөйлесем жүйріктермен көңілім тынар.
Үш ауыз сөзбен бөгелтем деп еді ғой,
Ыбырайды, тақсыр, төре, үйден шығар.
Құдайберген осылай дегеннен кейін Ыбырай ешбір жауап қайтара алмай, үнсіз қалыпты.
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
57
Осы айтыс туралы жазушы А.Жақсыбаев «Иса ақын» деген мақаласында [17] мынадай қызық
дерек келтіреді: «Отырысты жандандырып, көптен күткен көңілдегі əндерді салып, мұңы мен назы,
сағынышы, өкініші аралас «Гəккуді шырқаған арқалы əншіге ерік беріп, тыңдаушысының соншалық
үздіккенін көз астымен бағып елеусіздеу отырған Нұртаза бір мезгілде Құдайбергеннің тыныс алған
сəтін пайдаланып, əңгіме арқауын жалғастырып, көптің көкейінде тұрған сұрақты сыртқа шығарды.
Құдайберген, бастапқы бір сөзіңде «Үкілі Ыбыраймен айтыстым» дедің де, көңілімізді күпті етіп
əнге ойыстың. Сол айтыс қалай болып еді, мына отырған көпшілік соны өзіңнен естігісі келеді, —
деді.
Иə, иə, — деп, көпшілік елең етісіп, білуге құмартып мазасыздана бастады. Құдайберген
түзеліп отырып, асықпай сөйлеп, Үкілі Ыбырайға деген құрметінен жаңылмады. Бөлмеде тыныштық
орнап бəрі Құдайбергенге қарай қалысты.
Өзім құдайдай көретін Ыбекеңмен айтысамын деп ойлаған емеспін. Бəрі күтпеген жерден,
табан астында туындап, айтыспасқа қоймады. Осы сапарда біздің елдің бір игі жақсысы Көкшетауға
құдалыққа бара жатып, мені əрі ақын, əрі əнші деп өз тобына қосып, бірге алып жүрді. Барып түскен
үйде ойын-сауықпен көңілденіп отырғанда Үкілі Ыбырай кіріп келді. Үй иесінің қызығына өлеңмен
құтты болсын айтып сəлем берді. Сонда бас құда боп барған кісі маған иек қағып, өлеңмен
сəлемдесіп, таныстыруды мегзеді. Жүрексініп, Ыбекеңнің айбарынан жасқансам да шабыт қысып,
намысқа басып, өлеңмен біраз сөйлеп бердім. Ыбекең де өршеленіп, сөз аяғын күтпей, тізгінін қоя
берген жүйріктей бастырмалатып алды-артымды орап, ықтырып алғысы келді. Жиналған жұрт екіге
жарылып, қолпаштап, көтермелеп, үн косып, бəйгедегідей қызбаланып жатты. Мұндайда
қысылғаннан ащы терің шығады екен. Аянып қалудың ешбір реті жоғын біліп, мен де сөз
жарыстырып, жасы үлкен жақсы ағадан қалыспай, тайталасып бақтым, — деп сөзін аяқтағысы келіп
еді, отырғандар айтпасына қоймай, жан-жақтан қолқалап, сөздің жалғасын шыдамсыздана күтті.
Көпшіліктің ыңғайына бағынып, Құдайберген сөзін айтысқа қарай жетеледі.
Содан не керек, Ыбекең қыза келе, «Келсең де қонақ бола бойыңды бақ, Желкеңнен мен бір
бүркіт шайнайтұғын» деп тұқыртып, ерікке жіберетін емес. Мен де қарап қалмай, сөз асырмақ боп
«Шайнайтын желкемізді дəмең болса, Қартайған кəрі бүркіт тышқан жерсің» деп, төтесінен қойып
қалдым. Ыбекең бұл сөзді кек тұтты білем, «Мен саған көрсетейін сөз ыңғайын» деп, айтысты
жұмбаққа айналдырып, шешуін күтті. Өлеңмен үш рет жұмбақ айтты. Үш рет мен де жұмбағына дəл
тауып жауап қаттым. Содан кейін өз жанымнан бір шумақ өлең қосып, тоқтатпақ ниетпен «ұтам» деп
бекерге əуре боласыз дегендей қаттылау кетіп, тигізе сөйледім. Осыдан кейін ештеңе демей бөгеліп
қалды. Мен жеңдім, ол жеңілдім демеді. Айтысты əркім өзінше бағалап, жеңісті өздерінше ұйғарды.
Осы ойын-тойда тəтті сыйластықпен мені қасына отырғызды. Көпшіліктің қалауымен жаңа
айтқандай беріліп, ырғағымен бар нақышына келтіріп, «Гəкку» əнін шарықтатып, көңіл сырын жария
еткендей тебіреніске түсті. Көңілі босамаған жан болмады. Жүректерін сезім шарпыды.
Ынтызарлықпен үн қатқан дауыстың дірілі құлақтан кетпестей, ұмытылмастай болды. Кетерінде
Ыбекең маған батасын беріп, көптің алдында көңілімді өсірді. Екеуіміз жақсы айырылыстық.
Жаратылысы бөлек жан ғой. Оған жету қайда, — деп, елжірей сөйлеп, еріксіз бөгелді».
Үкілі Ыбырай Есімсейіт (кейбір деректерде Есімбет) деген ақынмен де сайысқан. Есімсейітке
Ыбекең өзін таныстырғанда кім екенін былай айтып өлеңдетеді [16; 251–252]:
Есеке, Арғын болсаң жақыныңмын,
Қызыл тілден жүлде алған батырыңмын.
Атығай, Қарауылға аруақ шашқан,
Ыбырай бесті жүйрік ақыныңмын.
Бұл айтыс ұзаққа созылмай, тоқтайды.
Есімсейіт:
Өлеңші, тіленшімен пақыр деймін,
Өлеңіңді оңды-солды сапыр деймін.
Өнерің өлеңшімнен асқанда ал,
Қайда кетті, əлгі Доскей, шақыр деймін.
Р.С.Каренов
58
Вестник Карагандинского университета
Ыбырай:
Есеке, көп келгенмін Атбасарға,
Танысайын деп келгем жақсыларға.
Өлеңге, өлең сата жүргенім жоқ,
Өзімде өлең деген он екі арба.
Есімсейіт:
Байқаймын жігіттікте сен бір гүлсің,
Қадіріңді тең құрбың ойлап білсін.
Өнерің болса тартынбай тобыма түс,
Қорғалап қашам десең мейлің білсін!
Ыбырай:
Есеке, Атбасарға көп келгенмін,
Жақсылардың сарқытын жеп көргенмін.
Айтысып өлеңшімен азаптанбай,
Ат пен шапан киемін деп келгенмін.
Есімсейіт:
Бүйте берсең бұл жиын тарар деймін,
Сенің үнің əр жерге барар деймін.
Сен қолыңа шалғы алып шөп шаппайсың,
Бір түніңе үш сом ақша жарар деймін.
Ыбырай:
Есеке, сенің сөзің шекер мен бал,
Өлеңшіге бек мұқтаж ғой дүние-мал.
Аталы сөзге арсыз тек таласады,
Олай болса үстелге бəйгімді сал.
Ыбырайдың жас кезінен құрбы-құрдастарымен əзіл-қалжыңы аралас сəлемдесу, қағысу ретінде
айтылған өлеңдері болған. Үлкейе келе өзінің ұстаздары Орынбай, Ақан, Біржан, Шөже ақындармен
де қағысып, өлең шығарған. Қазірге қолда бары — біз жоғарыда келтірген Доскей, Құдайберген жəне
Есімсейітпен айтыстары. Олар 1965 жылы жарияланған «Айтыс» жинағының бірінші томында жарық
көрді. Осы үш айтыстың үшеуінде де Ыбекең қарсыласына əр түрлі сауалдар қоя отырып, қалың
топты қақ жарып шыққан нағыз айтыс ақыны екенін байқатқан.
Түйін
Жинақтап айтқанда, Ыбырай Сандыбайұлы поэзияның жаңаша түрлерін аша біліп, сөз
сарасының інжу-маржанымен əн əуенін атастыра білген тапқыр талант. Үздік əн мен ұшқыр ойды
ұштастыра біліп, ұшар құсқа қос қанат байлап бергендей əн шығармасына зор мəн берген тынымсыз
талпыныстың иесі. Ол — əрі керемет ақын, əрі аруақ қонған композитор, қатарынан асып туған үздік
əнші. Үш өнері біріне бірі ақ жол тілеп, бірі бірінің алдына шырақ жағып берген ғаламаттан əн
жұлдызы — «Гəкку» туып отыр. Халық «Гəккуді естісе, Жібектің бейнесін бірінші рет сахнада
жасаған біздің заманның ұлы əртісі, əншісі Күлəшті көз алдына келтіреді. Ал Күлəштің аты аталған
жерде «Гəкку» ауызға алынбай қоймайды.
Сондай-ақ Ыбырайдың «Арарайы» «Ер Тарғын» операсында Ақжүністің əні болып енді. Мұның
бəрі де дарынды композитор, асқан əнші Ыбырайдың шығармашылығында заманның алдын ораған
прогрессивтік тілі, демократиялық негізі болғандығын дəлəлдейді.
Сөзімізді белгілі жазушы, қарағандылық ақын Жайық Бектұровтың «Үкілі Ыбырайға» арналған
мына бір өлеңімен аяқтағанды жөн көрдік:
Аққуға аспандағы үнін қосып,
Отырған қалың жұрты жолын тосып,
Бұлбұлды күміс көмей орға жықты,
Құманбай — Жұманбайлар итін қосып,
Есімі қазаққа мəлім…
Серия «Филология». № 4(68)/2012
59
Шырқаған əні балдай қызыл асық,
Үніне нелер сұлу болған ғашық.
Атты жау əн қанатын қалықтаған,
Кеткен де белден асып, таудан асып.
Ақынды қартайғанда қамағанын,
Қосқанын оған көп ит қабағанын,
Не дерсің жетпісінде тұтқынға алып,
Сабазды абақтыда сабағанын.
Атыңнан айналайын, Ыбырайым,
Жаратқан сені бөлек бір Құдайым,
Əдемі əн, өткір тілді жау деп білген,
Жауызды бүгін басқа мен ұрайын.
Қазағым Үкілі деп еркелеткен,
Қыр менен Сыр бойына əні жеткен.
Шəкіртің Біржан сал мен Ақан сері,
Атқаны асқаны ғой шығып шектен.
Ойлаймын қасіретті өткенімді,
Езгіден, өктемдіктен шөккенімді.
Білмеймін қалай, қайтіп қайтармақпын,
Барымта жау қолында кеткенімді.
Ұшырдым бүгін көкке аққуыңды
Қайтардым ел-жұртыңа гəккуіңді.
Өзіңді өлтірсе де сұмырайлар,
Құлақтан құрта алған жоқ тəтті үніңді.
Суырып салма ақындығына əншілігі, композиторлығына жыршылығы, бұған ойыншылығы
қосылған əмбебап дарын, өрнекті өлеңнің гүлі, ақындық өнердің болат тұяқ мұзбалағы Үкілі Ыбырай
бейнесі мен шығармасы болашақтың есігін айқара ашып, төрімізде төредей болып отыратынына
кəміл сенеміз.
Əдебиеттер тізімі
1 Тарихи тұлғалар: Танымдық-көпшілік басылым / Құраст. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. — Алматы: Алматыкітап, 2006.
— 241 б.
2 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. — 9-т. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2007. — 96-б.
3 Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. — 1-т. — Алматы: Ғылым, 1977. — 39, 40-б.
4 Қазақ поэзиясының антологиясы (ХХ ғасырдың бас кезі). — Алматы: Ғылым, 1992. — 488 б.
5 Бекенов Ж. Қараторғай // Жұлдыз. — 1997. — № 2. — 188–190-б.
6 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиеті (Қазан төңкерісіне дейінгі дəуір). — Аламаты: Ғылым, 1994. — 312 б.
7 Сүлейменов Ж. Аққуға аспандағы үнін қосқан // Қазақ əдебиеті. — 2010. — № 25 (3189). — 25 маус. — 6-б.
8 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 197 б.
9 Жақанов И. Пай-пай, жиырма бес // Егемен Қазақстан. — 2011. — 2 наур. — 5-б.
10 Қазақ əндерінің антологиясы: Екі томдық. — 1-т / Құраст. Ж.Кəрменов. — Алматы: Өнер,1990. — 319, 320-б.
11 Салықов К. «Гəкку» жайлы үзік сыр // Көкшетау. — 2011. — № 1 (13).
12 Салықов К. Гəкку // Орталық Қазақстан. — 2009. — 7 наур. — 5-б.
13 Негимов С. Қазақтың сал-серілері. Ғылыми эсселер. — Алматы: Ана тілі, 2005. — 28-б.
14 Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006. — 215-б.
15 Əлімбаев Д. Кенші жыры: Өлеңдер, толғаулар, ертегі, айтыстар / Құраст. С.Негимов, Б.Ысқақов. — Алматы:
Жазушы, 1986.
16 Айтыс. — 1-т. — Алматы: Жазушы, 1965. — 556 б.
17 Жақсыбаев А. Иса ақын // Жұлдыз. — 2010. — № 6. — 31, 32-б.
Р.С.Каренов
60
Вестник Карагандинского университета
Р.С.Каренов
Достарыңызбен бөлісу: |