34.Жоңғар қақпасынан қандай жел соғады?
а) Ебі.
ә) Қордай.
б) Арыстанды-Қарабас.
в) Мұғалжар.
35.Жоңғар Алатауындағы биіктік белдеу неден баталады?
а) Шөлейт.
ә) Дала.
б) Шөл.
в) Тайга.
36.Зайсан ойпатының оңтүстігі қандай тау жүйесіне тіреледі?
а) Алтай.
ә) Сауыр-Тарбағатай.
б) Жоңғар Алатауы.
в) Тянь-Шань.
37.Тарбағатайдың жалпы ұзындығы?
а) 500км.
ә) 800км.
б) 600км.
в) 300км.
38.Сауыр тауының ең биік нүктесі?
а) Мұзтау.
ә) Бесбақан.
б) Ақсораң.
в) Хан-Тәңірі.
39.Сауыр, Тарбағатай қандай тау көтерілу кезінде қайта көтерілді?
а) Мезозой.
ә) Герцин.
б) Альпі.
в) Каледон.
40.Сауыр, Тарбағатайда кездесетін жануар?
а) Қарақұйрық.
ә) Қоңыр аю.
б) Коала.
в) Марал.
41.Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы Тянь-Шанның қандай жотасы арқылы өтеді?
а) Іле Алатауы.
ә) Күнгей Алатауы.
б) Қырғыз Алатауы.
в) Теріскей Алатауы.
42.Кетпен жотасының Қазақстандағы ұзындығы?
а) 500км.
ә) 600км.
б) 300км.
в) 100км.
43.Батыс Тянь-Шаньның Қазақстандық бөлігі қандай жотадан басталады?
а) Піскем.
ә) Қырғыз.
б) Өгем.
в) Кетпен.
44.Іле Алатауында қанша мұздық бар?
а) 380.
ә) 460.
б) 214.
в) 503.
45.Шу-Іле тауларындағы Іле өзеніне құятын өзен?
а) Шілік.
ә) Шарын.
б) Күрті.
в) Есік.
Табиғатты қорғау. Табиғат қорларын тиімді пайдалану.
1.Тас көмір, мұнай, газ, жанғыш тақтатас қандай табиғи қорға жатады?
а) Отын-энергетикалық.
ә) Минералдық.
б) Климаттық.
в) Топырақ-өсімдік.
2.Минералдық қорды анықта?
а) Жел.
ә) Көмір.
б) Темір.
в) Дермене.
3.Желді ауданды анықта?
а) Талас.
ә) Шар.
б) Сарыарқа.
в) Үстірт.
4.Республиканың оңтүстігінде кездесетін сантонинді жусан?
а) Бетеге.
ә) Селеу.
б) Долана.
в) Дермене.
5.Құмайт және саздақ топырақты аудандар қанша жылдан кейін егінге жарамсыз болады?
а) 4-5.
ә) 3-6.
б) 2-3.
в) 10-15.
6.Адам әрекеті нәтижесінде пайда болған табиғи кешен?
а) Мелиорация.
ә) Эрозия.
б) Антропогендік.
в) Экология.
7.Қай жылы Каспий теңізі деңгейі өте төмендеп кетті?
а) 1953ж.
ә) 1978ж.
б) 1962ж.
в) 1984ж.
8.Арал проблемасына себепші болған?
а) Жел.
ә) Ауа.
б) Жануар.
в) Адам.
9.Ғалымдардың болжауынша қандай көлдің тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін?
а) Каспий.
ә) Балқаш.
б) Арал.
в) Зайсан.
10.Ең ауыр экологиялық жағдай қай қалада қалыптасқан?
а) Ақтау, Орал.
ә) Арқалық, Қостанай.
б) Астана, Павлодар.
в) Алматы, Өскемен.
11.Табиғаттағы апатты құбылыстар шығу тегіне қарай қаншаға бөлінеді?
а) 2.
ә) 3.
б) 4.
в) 5.
12.Сыртқы күштерді қалай атайды?
а) Эндогенді.
ә) Эрозия.
б) Экзогенді.
в) Экология.
13.Қазақстанның қай аймағы сейсмикалық ауданға жатады?
а) Батыс.
ә) Оңтүстік.
б) Орталық.
в) Солтүстік.
14.Мұздықтардың еруінен қандай табиғи апат болады?
а) Жер сілкіну.
ә) Қар көшкіні.
б) Су тасқыны.
в) Сел тасқыны.
15.Қазіргі кезде Қазақстанда қанша қорық бар?
а) 6.
ә) 7.
б) 9.
в) 8.
16.Қазақстанда алғаш құрылған қорық?
а) Ақсу-Жабағылы.
ә) Наурызым.
б) Қорғалжын.
в) Үстірт.
17.“Аққұм-Қалқан” әнші тауы қандай қорыққа жатады?
а) Қорғалжын.
ә) Алматы.
б) Марқакөл.
в) Алакөл.
18.Марқакөл қорығында кездесетін дәрілік өсімдік?
а) Дермене.
ә) Жусан.
б) Бетеге.
в) Аралий.
19.Үстіртте қорғалатын жабайы қойдың ерекше түрі?
а) Арқар.
ә) Муфлон.
б) Таутеке.
в) Елік.
20.Атыраулық су-батпақты ландшафтылары қандай қорықта қорғалады?
а) Алакөл.
ә) Батыс Алтай.
б) Үстірт.
в) Наурызым.
21.Қазақстанда қанша ұлттық парк ұйымдастырылған?
а) 3.
ә) 4.
б) 5.
в) 6.
22.Еліміздегі алғаш құрылған ұлттық парк?
а) Іле-Алатауы.
ә) Баянауыл.
б) Қарқаралы.
в) Көкшетау.
23.Іле-Алатауы ұлттық паркінде қорғалатын аймақ?
а) Сарыарқа.
ә) Кент тауы.
б) Алтынемел тауы.
в) Түрген шатқалы.
24.Алтынемел табиғи ұлттық паркі қай облыста орналасқан?
а) Алматы.
ә) Павлодар.
б) Ақмола.
в) Қарағанды.
25.Көкшетау ұлттық паркінде аңның қанша түрі қорғалады?
а) 231.
ә) 1800.
б) 305.
в) 30.
26.Қазақстанда қазір қанша қорықша бар?
а) 73.
ә) 80.
б) 62.
в) 48.
27.Жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтитын қорықшалар қалай аталады?
а) Геологиялық.
ә) Ботаникалық.
б) Хайуанаттар.
в) Климаттық.
28.Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан қорықша?
а) Алматы.
ә) Зеренді.
б) Балқаш маңы.
в) Рахман бұлағы.
29.Балқаш маңы қорықшасында қорғауға алынған жануар?
а) Борсық.
ә) Ондатр.
б) Арқар.
в) Муфлон.
30.Республикада ерекше қайталанбас нысандар қаншадан астам?
а) 60.
ә) 70.
б) 80.
в) 90.
Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары. 9-сынып.
Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық географиясы.
Қазақстанның экономикалық-географиялық сипаттамасы.
1.Қазақстанның жалпы жер аумағы Азия жерінің қанша пайызын алып жатыр?
а) 6,1 %
ә) 2 %
б) 4,7 %
в) 8,9 %
2.Қазақстанның әуе кеңістігінде қанша халықаралық әуе жолы түйіседі?
а) 13
ә) 51
б) 72
в) 37
3.Қазақстан арқылы өтетін көлік дәліздерінің бірі Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа қалай аталады?
а) «Солтүстік–Оңтүстік»
ә) «Шығыс–Батыс»
б) «Еуропа–Кавказ–Азия»
в) «Достық»
4.Табиғат ресурстары қандай екі топқа бөлінеді?
а) Су, жер
ә) Биологиялық, химиялық
б) Ядролық, металдық
в) Сарқылатын, сарқылмайтын
5.Сарқылмайтын ресурсты анықта:
а) Энергетикалық
ә) Ядролық
б) Металдық
в) Химиялық
6.Биологиялық, жер, су ресурстары қандай ресурсқа жатады?
а) Сарқылмайтын
ә) Қалпына келмейтін
б) Минералдық
в) Қалпына келетін
7.Республика жерінде Д.И.Менделеев кестесіндегі қанша элемент ашылған?
а) 99
ә) 60
б) 109
в) 88
8.Еліміз вольфрам қоры жөнінен д.ж. нешінші орында?
а) 5
ә) 4
б) 1
в) 2
9.Қазақстан қандай пайдалы қазбаның қоры жөнінен д.ж. сегізінші орында?
а) Мұнай
ә) Темір
б) Көмір
в) Қорғасын
10.Қазақстанда ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі қанша?
а) 80 %
ә) 94 %
б) 14 %
в) 82 %
11.1000 адамға шаққандағы туған және өлген адамдардың санының арақатынасы қалай аталады?
а) Туу
ә) Өлім–жітім
б) Табиғи өсу
в) Демография
12.Соңғы жылдары ерлердің орта жасы қаншаға кеміді?
а) 60-тан 58,5-ке
ә) 76,4-тен 72-ге
б) 83-тен 79,6-ға
в) 72-ден 69,7-ге
13.Елімізде 1 км²-ге қанша адамнан келеді?
а) 2,5
ә) 6,6
б) 8,7
в) 5,5
14.Қазақстан халқының тығыздығы әлемдік тығыздықтан қанша есе кем?
а) 2,5
ә) 6,6
б) 8,7
в) 5,5
15.Халықтың жиі қоныстанған ауданын анықтаңыз.
а) Оңтүстік–батыс
ә) Орталық
б) Батыс
в) Оңтүстік–шығыс
16.Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады?
а) 110
ә) 120
б) 130
в) 140
17.Қазіргі кезде қазақтардың жалпы үлесі қанша?
а) 53,4 %
ә) 47,6 %
б) 72,3 %
в) 61,8 %
18.Қазақтар қай облыстың халқының жалпы санының 94 %-ын құрайды?
а) Жамбыл
ә) Қызылорда
б) Атырау
в) Маңғыстау
19.Мемлекеттің ең көп диаспорасы кімдер?
а) Корейлер
ә) Өзбектер
б) Немістер
в) Орыстар
20.Бүкіл республикахалқының 3,1 %-ын қандай ұлт өкілдері құрайды?
а) Өзбектер
ә) Татарлар
б) Украиндар
в) Ұйғырлар
21.Дүнгендер Республиканың қай облысында көп тараған?
а) Жамбыл
ә) Павлодар
б) Қостанай
в) Қызылорда
22.Корейлер қандай өзен бойында көп орналасқан?
а) Есіл
ә) Талас
б) Үлбі
в) Қаратал
23.Қазақтар әлемнің қанша елінде тұрады?
а) 42
ә) 61
б) 54
в) 27
24.100 мың қазақ қай елде тұрады?
а) Ресей
ә) Моңғолия
б) Өзбекстан
в) АҚШ
25.Қанша жасқа дейінгі әйелдер еңбек ресурсы болып табылады?
а) 16–63 жас
ә) 16–54 жас
б) 16–79 жас
в) 16–58 жас
26.Республикада ерлер жалпы халық санының қанша пайызын құрайды?
а) 48,2 %
ә) 51,8 %
б) 66,7 %
в) 31,5 %
27.Республикадағы ең ірі агломерация қайда топтасқан?
а) Тараз–Қаратау
ә) Өскемен–Риддер
б) Қарағанды–Теміртау
в) Павлодар–Екібастұз
28.Еліміздің миллионер қаласы.
а) Алматы
ә) Ақтау
б) Атырау
в) Ақтөбе
29.Білім беру, мәдениет, өнер шаруашылықтың қай саласына жатады?
а) Өндірістік
ә) Ауыл шаруашылығы
б) Көлік
в) Өндірістік емес
30.Өндірістің ұштасуын не деп атайды?
а) Құрамдастыру
ә) Шоғырландыру
б) Мамандандыру
в) Кооперативтендіру
Отын–энергетика кешені.
1.Энергия алуға болатын ресурстарды қалай атайды?
а) Энергетикалық
ә) Минералдық
б) Химиялық
в) Биологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |