6 дәріс Химия және мал шаруашылығы



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі20,54 Kb.
#72118
  1   2
Байланысты:
лекция 6 Химия және мал шаруашылығы


6 дәріс
Химия және мал шаруашылығы
Ауылшаруашылығын химияландыру - негізі тұрғындардың азық түліктерін және өндірістік- ауылшаруашылық өнімдерін қанағаттандыру, мал және ауылшаруашылық өнімдерін жақсарту үшін қолданылатын әдістің бірі болып табылады. Мысалға, химиялық заттар арам шөптерден және өнімдерді әр түрлі аурудан және зиянкестерден қорғап, ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне ықпал жасайды. Қазіргі уақытта орташа өнімді жоғалту 15-20% құрайды. Осыған қоса мал шаруашылық азық түліктердің өнімділігін және биологиялық құндылығын жоғарылату мақсатында жүргізіледі. Мал шаруашылығы саласын тұралатқан дағдарыс ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығына жағымсыз әсерін тигізіп, нәтижесінде, экологиялық балансқа қауіп төндіреді. Сондықтан да осы саланы дамыту аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс.
Өркениетті елдердің мал шаруашылығы саласындағы аса маңызды мәселелерінің бірі қоршаған ортаға антропогендік зияндылықтарды өсімдік өсіру және мал шаруашылығы өнімдерін олардың жоғары сапасын сақтай отырып қол жеткен деңгейді төмендетіп алмай жоюдың тәсілдерін іздестіру болып табылады.
XX ғасырдың аяғындағы ауыл шаруашылығын жүргізудің индустриялық интенсивті әдістері планета биосферасында көптеген жағымсыз құбылыстар туғызды: топырақтың жаппай эрозиясы басталып, жыртылатын жерлердің қүнарлылығы мен қарашірігі азайды, планетаның үлкен аумағы шелге айналып, ормандардың жойылуы, суармалы жерлердің тұзға айналуы басталды, жалпы климаттық жылыну үдерісі пайда болды. Экологиялық коллапс адамзат үшін қауіп туғызды. Осындай жағдайда төмендегілерді жетілдіру объективті қажеттілікке айналды:

  1. экологиялық білімді жетілдіру;

  2. экологияны экономикамен ұштастыру;

  3. ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық конверсиясы.

Адамзат еркениетінің өмір сүруін тұрақтандыру үшін және әлем халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін планетаның халық саньш және табиғи ортаның экологиялық жағдайын оңтайландыру керек екені белгілі болды. Ауыл шаруашылығының болашағын қазіргі кезде биологиялық, экологиялық және экономикалық ғылымдар саласының жетістіктерімен салыстыруға болады.
Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы ветеринария саласында мал жəне құсты емдеу жəне сақтандыру мақсатында кейбір микробтарға қарсы препараттарды қолдануды қарастырады. Бірақ, олардың тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, өндірушілер бірқатар жағдайларда рұқсаты болмаса да адамды емдеуге қолданылатын антибиотикалық заттарды қолданады (пенициллин, тетрациклин жəне левомицетин туындылары).
Препараттарды қолдану барысында құрамында антибиотигі бар тағам өнімдерін тұтынатын адамда осы заттарға тұрақты микрофлора дамуы мүмкін. Адамда дисбактериоз дамиды, оған антибиотикпен емдеу тағайындалса, емі тиімсіз болады. Шетелден осындай ет өнімдерінің əкеліну мүмкіндігі жəне малшаруашылығы жəне құсшаруашылығын дамыту жұмыстары бақылау проблемасын өзекті қылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет