Қазақстан ұстазы 24
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті Бохаева Жәнел Бекебайқызы «МӘҢГІЛІК ЕЛ: ҚАЗАХСТАН ТАРИХ АҒЫМЫНДА » «Мәңгілік Ел»-Елбасымның ұраны! «Мәңгілік Ел»-болашақтың құралы! «Мәңгілік Ел»-жүректегі жыр-әнім! Мәңгілік Ел-менің байтақ тұрағым! Туындаған тулап, текті қанымда. Сан ғасырлар арман болған халқыма. «Мәңгілік Ел»-мәңгі мақсат-мұратың! Замандасым, Сен де солай қабылда! Мәңгілік ел болу дегеніміз, менің ойымша,
еліміздің шексіз өмір сүруі, үнемі дамып, жетіліп,
өркендеуі. «Мәңгілік» сөзі философиялық категория
ретінде абсолютті, шексіз деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан да, «Мәңгілік Ел» сөзі «Ұдайы өзінің
өмір сүруін жалғастырып отыратын ел», деп айтсақ
болады.
Ұстаз сөзі, мұғалім үні-қашан да шәкіртіне
қанат бітіруге тиіс.Менің ел саясатына ой жіберіп,
алаңдауымының себепкері де осы бір киелі үннің,
кемеңгер сөздің арқасы.
***
Саясат сөзін түсінетін жасқа жеткенде, ел саясаты
алдыңғы кезекте тұруы тиіс.
***
Ержеттім Елбасы бар ерекше елде, Бақыттан бал-
бұл жандым туған жерде.
Ата-ана аялады, шалқып-тастым, .... Қарымын
қайтаратын кезек-менде! Алибекова Мейрқыз
Қонысбекқызы.
Қолымызда «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа
басылымы. Көкейімізде жанған жаңа үміт пен
сенімнің шешімі де осы басылымда тұрғандай
құмарта оқымақпыз. Оқыдық! Ой жібердік. Асыға
күткеніміз – тұңғыш Елбасымыздың жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауы болатын. «Бұл Жолдау
– қазақстандықтардың арманын асқақтатып, үнемі
назарда ұстап отыратын әлем халықтарына танытатын
мемлекеттік құжат. Ең бастысы – еліміздегі саяси-
әлеуметтік
әрі
экономикалық
хал-ахуалдың
барометрі, » - деп баға беріліпті басылымда. Міне,
баршамыз кезекті Жолдаудың тұғырнамасы да, өзегі
де «Мәңгілік Қазақстан, Мәңгілік ел» идеясын жалау
еткенін біліп, қуандық. Қуана тұрып өз бағамызды
да бердік. «Өз басым мемлекеттік дамуымыздың
құралы ретінде мәңгілік ел болуымызға жөн сілтейтін
бағдаршамымыз – осы мемлекеттік құжат - «Мәңгілік
ел» идеясы», - деген баға берер едім өз басым. Ендігі
мақсатым – осы идеяның ішкі мазмұнына үңіле
отырып, өз түсінік-түйсігімді, ішкі сезімім мен көңіл
толқындарым арқылы жасампаз Жолдауға үн қосып,
қолдау көрсету, жұртшылыққа үндеу тастау...
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» табыстардың негізі екені
баса айтылады. Біз үшін әсіресе Елбасының мәңгілік
ел болу идеясы үлкен тарихи маңызы бар міндет бо
-
лып саналады. «Елбасы сол Мәңгілік елдің іргетасын
кеңестік кезеңнің іргетасы сөгілгеннен кейін,
егемендік пен тәуелсіздіктің бар құндылықтарын та
-
рихи тереңнен, тамырынан бастап айқындап, бекем
-
деп берді», – деген белгілі әдебиет тарихын зерттеуші
Қаржаубай Сартқожаұлының берген бағасы көңіліме
қона кетті.
Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы
мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұғымы – елімізді
өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей
жеткізген тұғырлы идея. Осы тұжырым арқылы
еліміздің дамыған
отыз елдің
қатарына кіруіне жаңа
серпін беретіні сөзсіз.
«Мәңгілік ел дегеніміз – Қазақ Елі. Мұның басқа
ұғымы жоқ. Сондықтан бірінші кезекте өзін қазақпын
деп сезінетін әр тұлға осы жолда бей-жай қалмай,
бейқам болмай, елдік пен мемлекеттікті нығайтатын
шараларға білек сыбана кірісуі қажет. Бұл – ата-
бабамыздың салт-дәстүріне, тіліне, мәдениеті мен
әдебиетіне барынша адал болу ғана емес, соның
бәрін сақтауға, күшейтуге, нығайтуға ұмтылу». Осы
мақсатпен мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанды
Мәңгілік Ел ету бағытындағы тарихи әрі аса құнды
идеясын жария етіп, ата-бабамыздың сан ғасырлар
бойы аңсаған арманын іске асырудағы маңызды
мәселелерді барынша ашып көрсетті. Ал бұл ұлттық
мұратқа қол жеткізуде тарих ғылымының орны мен
рөлі аса маңызды екенін қайталап айтудың өзі артық.